«От өзегінен өрілген керамика»
 Солжағалық кешеннің үлкен көрме павильонында «От өзегінен өрілген керамика» көрмесі өтуде
Көрме Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейі қорындағы 200-ден астам бұйымды біріктіріп, келушілерді керамика өнерінің бай әлемімен таныстырады.
Мұнда Риштан керамикасының шебері Сухроб Юсуповтың туындылары, «Отырар ауласы» топтамасы, Наталья Хабарова мен Тамара Владыкинаның авторлық жұмыстары, Өскемен құрылыс материалдары комбинатының бұйымдары, сондай-ақ дәстүрлі тұрмыстық керамика үлгілері ұсынылған.
Отқа күйдірілген саз бұйымдары арқылы ежелгі дәстүр мен шеберлік тоғысқан керамика өнерімен танысуға шақырамыз.
«Сирек кітаптар - ғасырлар сыры»
 Этнографиялық музейдің Солжағалық кешенінің Кіші павильонында «Сирек кітаптар - ғасырлар сыры» атты жаңа көрме ашылды.
Көрме ғасырлар қойнауына жетелеп, көне түркі руникалық жазбаларынан бастап заманауи баспа басылымдарына дейінгі рухани мұрамен таныстырады.
Көрмеде көне түркі руна жазулары бар «Тоныкөк ескерткішінің» макеті және 1870 - 1900 жылдардағы типографиялық баспа станогының макеті ұсынылған. Сондай-ақ, көрмеге Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейі қор коллекциясынан алынған сирек әрі құнды басылымдар қойылған.
Көрмеде Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейінің қор топтамасынан алынған сирек әрі құнды басылымдар ұсынылған.
Әрбір жәдігер ұрпақтар жадын сақтап, білім мен тағылымды жеткізген, қазақ халқының бай мәдениетін бейнелеген өзіндік тарихымен бөліседі.
Қосымша фотосурет ...
|
«ҮЛБІ» халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығы» мемлекеттік мекемесіндегі іс-шара. 2018
 
2018 жылдың 18 қаңтарында әлеуметтік – мәдениет аясында мұражай-қорықтың ақпараттық-білім бөлімінің мамандары «ҮЛБІ» халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығы» мемлекеттік мекемесінде «Мемлекеттік Орыс Мұражайына виртуалды саяхат» атты тақырыпта виртуалды экскурсия өткізді.Іс-шараға 40-қа жуық «ҮЛБІ» орталығында қызмет алушылар қатысты.
Виртуалды серуен шеңберінде қатысушылар Орыс Мұражайының тарихымен танысып, лектормен бірлесе отырып залдарға қонаққа барды.Орыс суретшілірінің картинасы қойылған залдарға кіріп Ф.Я.Алексеевтің және В.И.Поленовтың картиналарымен танысты.Сондай-ақ Орыс Мұражайының шедеврлары қойылған залдарға барды.
|
Мектеп оқушылары музей-қорықтың Солжағалық кешенінде. 2018
2018 жылдың 16 қаңтарында Өскемен қаласының №2 орта мектебінің 5 сынып оқушылары үшін ақпараттық-білім бөлімінің қызметкерлері музей-қорықтың Солжағалық кешеніне сапар ұйымдастырды. Іс-шараға 37 адам қатысты.
Сапар барысында оқушылар музей-қорықтың Солжағалық кешенінде орналасқан этноауылға, мұз қалашығына барып, сырғанақ теуіп, қазақтың дәстүрлі алтыбақанына отырды. Музей-қорықтың жұмыскерлері жасаған қарлы және мұзды фигуралар оқушылардың көңілдерінен шықты, олар естелікке суретке түсті.
Шығармашыл жастарды қолдау. 2018
 
Музей-қорықта өскемендік мектеп оқушысы Камила Хазиеваға «Ядролық қарусыз әлем қандай болуы мүмкін» атты шығармашылық конкурсқа қатысқаны үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының грамотасын тапсыру рәсімі болып өтті. Грамотаны музей-қорықтың ғылыми қызметкері – ҚР-ның Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының лауреаты Гүлжан Кашаку тапсырды.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры – 2000 жылы Н.Ә. Назарбаевтың тікелей бастамасымен құрылған ірі коммерциялық емес қор. Қор жұмысы дарынды жастарға қолдау көрсету, әлеуметтік жобалар мен азаматтық бастамалардың дамуына жол ашу. Өскемен қаласындағы №34 мектептің 11 сыныбында оқитын Камила Хазиева «Ядролық қарусыз әлем қандай болуы мүмкін» атты конкурсқа өзінің акварельмен салған жұмыстарын жіберген болатын. Ал ол конкурс болса Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орайластырылған еді.
Әрдайым жаныңда жүретін мереке! 2017
 
Музей-қорықтың саябақтары мен Солжағалық кешен жаңа, 2018 жылды қарсы алуға дайындалуда. Әдемі безендірілген шыршалар, мұз бен қардан сомдалған мүсіндер, тіпті ат жегілген шаналар, осының барлығы таза ауада жана жылды қарсы алғысы келетіндерді күтіп тұр.
Ат жегілген шанамен серуендеу маршруты музей-қорықтың Солжағалық кешеніне келетіндерге арналған, ол қар түсе салысымен жұмыс істейтін болады. Ал шағын жылқы – пони болса қарлы трассаны қажет епейді, балалар пониге отырып, кешендегі саяжолдармен каникул бойы сейіл құра береді. Осы жерде әсем безенген шырша тұр, қонақтарды Аяз Ата, Қаршақыз бен басқа да ертегілік мүсіндер қарсы алады. Оларды дизайн және халықтық сәулет бөлімінің қызметкерлері мұздан сомдаған болатын. Бұл орайда жылымық күндер ұзаққа созылмас, ал суретшілердің туындылары еріп кетпес, сөйтіп өскемендіктер қуанышқа кенелер деп үміттенеміз. Балалардың бос уақыты қызықты өтуі үшін Этноауыл аумағында мұзды төбешік, лабиринт жасалып, мұзды сырғанақ құйылды, ол қатқан кезде, конькиді жалға беретін пункт жұмыс істей бастайды. Ал кешен айналасында шаңғы тебетін жол салынды.
Ақбауырда Күннің қысқы тоқырауы. 2017
 
22 желтоқсанда, қысқы күн тоқырауы күні музей-қорық қызметкерлері «Ақбауыр» бөлімінің меңгерушісі Галина Петенёваның басшылығымен «Ақбауыр» тарихи-археологиялық кешенінде бақылау жүргізді.
Ақбауыр облыс орталығынан 38 шақырым жерде, Қалба тауының сілемдерінде орын тепкен. Оның құпиясын алғашқы болып ХХ ғасырдың 80-ші жылдарында белгілі қазақстандық археолог Зейнолла Самашаев ашқан болатын. Ол ежелгі шатқал жартастарындағы тастарға б.д.д. ІІІ мыңыншы жылдары түрлі бейнелер салынған үңгірлерді тапқан еді. Осынау ерекше ескерткішті тапқан көптеген зерттеушілер Ақбауыр сол кездегі адамдар аспан кеңістігіндегі өзгеше құбылыстарды, ең бастысы, Күннің өзгеру кезеңдерін бақылаған ежелгі астрообсерватория болған болуы керек деген пікірге келген. Осылай деп аталған рәсімдік алаңда сүйектер бар (олар геологияда эрозиядан, жауын-судан, өкпек желден және басқалардан пайда болған таулық массивтер деп аталады), оларды зерттеген ғалымдар ол жерлерде ескі заманда өмір сүрген тайпалар түрлі рәсімдер өткізіп, аспан көгінің жарқырауын бақылаған деген пікірге келген.
Толығырақ...
Орыс Мұражайына виртуалды саяхат. 2017
 
Жыл сайынғы дәстүр бойынша Жаңа жылды мерекелеу аясында Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығының ақпараттық-білім бөлімінің мамандары аз қамтылған және де көп балалы отбасылар, жетім балаларға арнап қайырымдылық бағдарлама өткізді.
2017 жылдың 22 қарашасында «Орыс Мұражайына виртуалды саяхат» жасалды.Іс-шараға шамамен 200 бала қатысты.
Виртуалды саяхат шеңберінде балалар Орыс Мұражайының шығу тарихымен танысып, бірнеше суретшілердің суреті қойылған залдарға қонақ болды.Сондай-ақ Ф.Я.Алексеев және В.И.Поленов суреттерімен танысты.
Біздің мұрамыз – халық қолөнері. 2017
 
Республикалық «Шебер-2017. Біздің мұра» конкурсында музей-қорықтың халықтық және сәндік-қолданбалы өнер бөлімінің меңгерушісі Раиса Мұхамеджановаға қолөнерді дамытуға қосқан көп жылғы үлесі үшін мойындау сертификаты тапсырылды.
Алматыда қазақстандық қолөнершілердің республикалық «Шебер-2017» фестиваль-конкурсы аяқталды. Оған Шығыс Қазақстаннан барған шеберлердің үйлестірушісі Раиса Мұхамеджановамен бірге біздің өңірдің алты сәндік-қолданбалы өнер шебері қатысты. Олардың бұйымдары Қазақстан дәстүрлі қолөнерінің сан алуан спектрін құрайтын фестивальдің жәрмеңкесіне қойылды. Олар: бізкестелеу, зергерлік өнері, тоқымашылық, металды көркем өңдеу және басқалар.
Қазақ халқының салт-дәстүрлері. 2017
 2017 жылдың 13 және 14 желтоқсанында Тәуелсіздік Күнін мерекелеу аясында Қазақстан Республикасының мемлекеттік «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында қорық-мұражайдың ақпараттық-білім бөлімінің мамандары «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» атты лекция-экскурсия өткізді.Іс-шараға Өскемен қаласының № 2 және № 11мектептің 5 және 6 сынып оқушылары қатысты. Іс-шараға жалпы 110 адам қатысты.
Өнермен виртуалды кездесулер. 2017
 
Биыл музей-қорықта жұмыс істейтін «Орыс музейі: виртуалды филиал» атты ақпараттық-ағартушылық орталығына 10 жыл толды.
Виртуалды филиалдың арқасында музей-қорыққа келетін адам атаулы Санкт-Петербургтегі Орыс музейінің інжу-маржанымен таныса алады. Келушілер осы жердегі экранға қарап отырып-ақ экскурсия жүргізушінің көмегімен Орыс музейінің залдарын тамсана аралай алады, өнер туындыларының тарихымен, оларды дүниеге әкелген авторлармен және орыстың бейнелеу өнерімен етене танысады. Өскемендегі Орыс музейінің филиалы – Орыс музейінің Ресейдің мәдениет және білім беру мекемелерінде және шетелдерде орын тепкен екі жүзден астам өкілдіктерінің бірі болса, Қазақстандағы бірегейі.
«Н.Ә.НАЗАРБАЕВ – ҰЛТ КӨШБАСШЫСЫ».2017
 «Н.Ә.Назарбаев – Ұлт көшбасшысы» көрмесі Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті күніне арналған.
Қазақстан 2017 жылғы 1 желтоқсанда мемлекеттік мереке - Тұнғыш Президент күнін атап өтеді. Нұрсұлтан Назарбаев – дәуір символы және дана саясаткер. Тұңғыш Президент күні ұлы стратегтің, дипломаттың әрі реформашының орасан зор еңбегінің заңды нәтижесі болып табылады.
|
|
|
|
Страница 27 из 45 |