• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
солжағалық кешен ботаникалық саябақ Жапон мәнеріндегі бақ

Жапон мәнеріндегі бақ

Жапон бағын құрудың белгілі бір ережесі болады. Ол ең басынан бір идеяға бағындырылуы тиіс – осылайша тас, су, мүк, жыл мезгілдері бақтары жасалады. Қойылған тастар топтары, немесе су сарқырамасы, немесе түр-түсі мен фактурасы бойынша әртүрлі болып келетін мүктер, немесе аласа төбешіктегі жалғыз ағаш, немесе табиғаттың жыл мезгілдері ауысуындағы айналымы тиісінше басты «кейіпкер тұлғаға» айналады. Пейзаждық бақтар да болады. Қазіргі кезде кең тараған аралас бақтар да бар.

Кеңістіктің шектеулі телімінде адам әлем үлгісін жасайды, ол көлемдерінің шағын болуының арқасында жеңіл қабылданады. Мұның өзі үш құбылыстың – тастың, су мен өсімдіктердің үйлесімімен пайда болады. Тастар жартастарға, тауларға, аралдарға теңдестіріледі. Су немесе оны ауыстыратын құм – бұл су беті. Бақ құрылымының арқауы тас болып келеді және оны орналастыра білу өнері – ландшафт құрудағы ең бастылардың бірі болып табылады. Бұл өнердің мәні мынада, әрбір тастың өзіндік «бетбейнесі» мен «тұрған қалпын» көре білу және композицияға белгілі бір роль бере білу керек: ол жатады, сүйеніп тұрады, қашып бара жатады. Тастар мен қойтастар күш пен беріктікті білдіреді. Қозғалмайтын болғандықтан, олар жанға жайлы тыныштық сезімін сыйлайды, ал асимметриялы орналастырылған тастар табиғатпен барынша үндесіп тұрады..


Өмір символы және тіршілік қуаты – су бақта міндетті түрде болады. Құбылыстардың ішіндегі көбірек қозғалыста болатын ол баққа өзіндік сипат және көңіл-күй сыйлайды.

Бірақ нағыз судың болуы міндетті емес. Оны құм себілген алаңқай жиі алмастырады. Осындай құмды алаңқай, сонымен қатар тыныштық пен кең жазираның символы болып табылады және адамға тыныштандыратын әсер береді.

Ағаштардың мәңгі жасыл түрлері қолданылады. Сүйікті өсімдіктер: қарағай – ұзақ өмір символы, бамбук пен басқа дақылдардың сыртқы қарапайымдылығы жалпы картинаның жарасымдылығын айғақтап тұрады Ал мәңгіжасыл жапырақты тұқымдардың ішінде камила, азалия, магнолия жиірек кездеседі.

Жапон бағы асимметрия принципі бойынша құрылады.

Мұражай-қорықтың жапон мәнеріндегі бағында көпжылдық және біржылдық өсімдіктер: бөріқарақат, арша, тобылғы, эхинацея, бақытгүл, беже, тал, терек, бозкілем, бетеге, қараот, дороникум, есінекгүл егілді.

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …