Мұражай-қорықтың Солжағалық кешеніндегі этнографиялық аймақ – ашық аспан астында қанат жайған сәулет және тұрмыс мұражайы. Оның алаңы – 10 гектарға таяу. Бүгінде мұнда ШҚО-да тұратын халықтардың ХІХ ғасыр соңы – ХХ ғасыр басындағы 12 қонысы мен жеке тұрған 6 нысан орналасқан, олардың құрылысы мұрағаттар мен ғылыми әдебиет материалдары бойынша жүзеге асырылған.
Этнографиялық кешен рекордты қысқа мерзімде салынды. Этнографиялық кешен құрылысына берілетін жер телімі жөніндегі құжаттар 2010 жылғы 21 маусымға қарай әзір болды. Құжаттар 2010 жылғы 25 маусымда түпкілікті бекітілді.
Этнографиялық кешенге бірінші болып Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев, онымен бірге еріп жүрген тұлғалар, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы аймақаралық ынтымақтастығының ҮІІ Форумына қатысушылар келді (2010 жылғы 7-8 қыркүйек).
Этнографиялық кешен рекордты қысқа мерзімде салынды. Этнографиялық кешен құрылысына берілетін жер телімі жөніндегі құжаттар 2010 жылғы 21 маусымға қарай әзір болды. Құжаттар 2010 жылғы 25 маусымда түпкілікті бекітілді.
< Предыдущая | Следующая > |
---|