2013 жылғы 14 қыркүйекте мұражай-қорықтың Солжағалық кешенінің аумағында «Жібек жолы» саябағы ашылды.
«Жібек жолы» саябағына енетіндер:
- Сәулеттік-көркем бейнелер: «Хан сарайы» (Қазақстан), «Раджа сарайы (Үндістан), «Әмір сарайы» (Орта Азия), «Император сарайы (Қытай)
- «Каравелла» көрме орталығы
- Лабиринт
- Сарқырамалар каскады
Фото Алексея Мазницина
«Түркі тілді мемлекеттер басшыларының Ташкент декларациясын, ЮНЕСКО мен Бүкілдүниежүзілік туристік ұйымының Ұлы Жібек Жолы бойындағы туризм инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жобасын жүзеге асыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 30 сәуірдегі № 3476 U973476 Жарлығын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 7 шілдедегі № 1067 Р971067 Қаулысын орындау үшін «Қазақстан Республикасында түркі тілді мемлекеттер басшыларының Ташкент декларациясын, ЮНЕСКО-ның және Бүкілдүниежүзілік туристік ұйымының Ұлы Жібек Жолы бойындағы туризм инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жобасын іске асыру туралы» Мемлекеттік бағдарлама әзірленген болатын.
Бағдарлама негізіне Ұлы Жібек жолының қазақстандық учаскесіндегі тарихи қалалар мен басқа елді мекендерді әлеуметтік-экономикалық дамытудың перспективалық бағыттарын іргелі зерттеулер, талдау мен есептеулер және Қазақстан Республикасында туризм индустриясын дамытудың Ұлттық бағдарламасы алынды.
Ұлы Жібек жолы – алғашында Қытайды Орта Азия, Атырау, Орта теңіз және Батыс Европа елдерімен байланыстырған ежелгі халықаралық сауда-дипломатиялық күре жол болды.
Жетісу және Қазақстанның оңтүстігі арқылы өткен Солтүстік немесе жолдың «Далалық» учаскесі қуатты империя – Түрік қағанатының құрылуына байланысты ҮІ –ҮІІ ғасырларда халықаралық байланыстың күре жолына айналды, ол Шығыс Түркістан мен Қытай арқылы Тынық мұхит жағалауына дейін жетіп, ХІҮ ғасырға дейін өз маңызын жойған жоқ.
Ұлы Жібек жолы, Шығыс пен Батыстың сауда-экономикалық, дипломатиялық және мәдени қарым-қатынастарының трансконтиненталды коммуникациялық жүйесі болып табылды, Қазақстанның Іле, Шу, Талас өңірлерінің және Отырар-Сырдария оазисінде қалалық мәдениетке қуатты тывныс берді.
Ұлы Жібек жолы әлемдік өркениет тарихындағы аса маңызды жетістіктердің бірі болып саналады. Ертедегі және орта ғасырдағы керуен жолдарының тораптары Европаны, Азия мен Қытайды кесіп өтіп, Батыс пен Шығыс арасындағы сауда байланыстары мен диалогының маңызды құралы болып қызмет етті.
«Ұлы Жібек жолы» атауы әдебиет пен тұрмысқа ХІХ ғасырда енді. Бұл терминді Қытай мен Азияның физикалық географиясы бойынша классикалық белгілі зерттеулердің авторы Пауль Вильгельм Рихтгофен (1833-1905) өз еңбектерінде алғаш рет пайдаланған. Ол Орталық Азия мен алдыңғы Азия арқылы Қытайдан тараған керуен сауда жолдарының тармақталған жүйесін осылай деп атады.
Қытайдан шыққан ең танымал, құнды да құпиясы мол тауар – жібек болғандықтан, керуен соқпақтары мен керуен тоқтайтын сауда қалаларының бүкіл жүйесінің жібек жолы болуына, ал қашықтығы бойынша аса көлемді әрі сауданың 15 ғасырға таяу ұзақ уақыт бойы жүруі бұл жолдың Ұлы деп аталуына негіз болды.