Шошқа тұқымдастар
Жабайы шошқа - Кабан - Sus scrofa
Тауда, қамыс арасында, көлдер мен өзендердің тоғайлы жерлерінде жүреді. Алтайдың орманды бөлігінде, Маңырақ тауында, Зайсанның, Алакөлдің және Сасықкөлдің қамысты жерлерінде ішінара кездеседі.
Өсімдіктердің жер үстіндегі және астындағы: жемістерімен, тамыр жемістермен, сондай-ақ, жемтіктермен және жәндіктермен қоректенеді.
Ұрғашысы 2-ден 10 торайға дейін әкеледі.
Қабандарды қасқырлар, кейде аюлар торуылдайды. Азулы кәрі қабандар өте күшті болады, жыртқыштар оларға тимейді.
Аңшылық-кәсіпшілік маңызы бар.
Бұғы тұқымдастар
Марал - Благородный олень - Сervus elaphus
Таулы Алтайдың Қазақстан бөлігінде, Сауырда тараған.
Шөпті өсімдіктермен, сондай-ақ, ағаштар мен бұталардың жапырақтарымен, сабақтарымен, қабықтарымен, бұтақтарымен қоректенеді.
Аналығы бір бұзау, сирек жағдайда екі бұзау туады.
Еркектерінің жас мүйіздері – панты медицинада өте бағалы дәрі-дәрмек – пантокрин дайындауға қолданылады. Панты үшін Еуропада кеңінен жерсіндірілген.
Шығыс Қазақстан марал өсіруші өлке ретінде әйгілі.
Бағалы аңшылық-кәсіпшілік түр болып саналады.
Теңбіл бұғы - Пятнистый олень - Сervus nippon
Жабайы күйінде Оңтүстік Приморьеде тараған.
Жалпақ жапырақты ормандарды мекендейді. Топтанып жүреді, кейде табын болып үйіріледі. Қас қарайғанда және түнде жайылады.
Негізгі жаулары: жолбарыс, сілеусін, қасқыр, аю.
Ұрғашысы үш жасында, әдетте, бір бұзау әкеледі. Еуропа мен Алтайдадағы бұғы шаруашылықтарда бағылады.
Еркегінің жас мүйізі шикізат ретінде медицина мақсатында пайдаланылады.
< Предыдущая | Следующая > |
---|