Жылқы тұқымдастар
Жылқы - Лошадь домашняя - Equus caballus
Шамамен 6000 жыл бұрын қолға үйретілген.
Негізгі жемі: шөп, жайылымдық шөп, сұлы. Есту, көру, иіс сезу қабілеті жақсы дамыған. Есте сақтау қабілеті жақсы дамыған.
Жылдамдығын 70 км/сағ және одан жоғары арттырады. Тұрып ұйықтай алады.
Буаздығы 11 айға созылады. Жаңа туған құлынының салмағы 30-40 кг болады.
Өмір сүру ұзақтығы 25-30 жыл
Аласа жылқы тұқымы - Пони - Eguus
Аласа жылқы тұқымы. Ұсақ жылқылар (бойы 80-140 см) Британ, Шетланд аралдарында, Исландияда, Корсикада, Сицилияда, Готландта, Хоккайдода (Жапония) және т.б. өсіріледі.
Уэльстік, шетлендтік, исландтық, шотландтық, готландтық, Хоккайдо-пони сияқты бірнеше тұқымы белгілі.
Пони көбінесе торы және қара түсті болып келеді, кейде жонында қара жолағы бар сұр және құласұр түрлері де кездеседі.
Пони ұсақ шаруа қожалықтарында таулы соқпақтардан теңдеп артылған жүк тасымалдау үшін, ал қала саябақтарында балалар экипажына жегу үшін пайдаланылады.
Қашыр - Мул-гибрид – Mulus
Будан – бұл генетикасы екі түрлі жануарлардың бірінші ұрпағы. Қашыр классикалық және танымал будан болып табылады, оның «әкесі» – есек, «енесі» – байтал.
Жылқылар мен есектер хромосомаларының әртүрлі жиынтықтарын алу салдарынан олардың ұрпақтары (қашырлар мен мәстектер) көпшілік жағдайда төл бермейді, сондықтан, қашыр алу үшін есек пен байталды әр сайын будандастыру қажет.
Үй есегі – Осел - Equus asinus
5000 жылдан астам уақыт бұрын Мысыр мен Эфиопияда жылқыға дейін қолда өсірілген және бүкіл әлемге таралған№ Төзімді, жем талғамайды, ауруларға шалдыққыштығы аз. 10 сағаттан астам уақыт су мен тамақсыз жүре алады. Тұяқтары мықты, тегіс емес және тасты жерлерде қозғалуға бейімделген. Есту қабілеті жақсы дамыған. Өз салмағынан бірнеше есе артық жүк арбаны тасымалдауға қабілетті.
Жылдамдығын 50 км/сағ дейін арттырады.
Өзін-өзі сақтау түйсігі өте жақсы дамыған, сондықтан олар еш себепсіз ешқашан «қыңырланбайды.
Буаздығы 12-14 айға созылады
Өмір сүру ұзақтығы 20-30 жыл