Музей-қорығы зообақтағы маралдар мен бұғыларды жабайы табиғатқа шығарды. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының орман және аңшылық шаруашылықты басқарудың жедел тобы мамандарының айтуынша, бұл Шығыс Қазақстан фаунасындағы хайуанаттар санының реттелуіне ықпал етеді.
16 сәуір күні арнайы көлікке тиелген төрт марал мен үш теңбіл бұғы Сібе көлдерінің маңына еркіндікке жіберілді. Зообақтың осы шарасын атқаруға жедел әрекет ету тобы көмектесті. Бөлім бастығының орынбасары Василий Ткаченко түсіндіргендей, Сібе көлі маңайындағы аумақ кездейсоқ таңдалмаған. Ол аймақта аң аулауға рұқсат етілмегендіктен, хайуанаттар өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Бұл жерлерде жақсы жем-шөп базасы бар, Василий Ильичтің айтуынша, жақын маңдағы шаруа қожалықтарының басшыларымен келісілгендей қажет болған жағдайда зообақ төлдері тамақтанатын болады. Хайуанаттар бағында 9 бұғы мен 7 марал қалды. Фауна бөлімі жазғы маусымға дайындалуда. Құстар біртіндеп қысқы мекендерінен босатылса, қазір мұнда жазды тек жылусүйгіш тотықұстар мен шымшықтар күтуде. Хайуанаттар бағының аумағында күн сайын көбейіп келе жатқан келушілердің қуанышына қарай, тауыстар құйрықтарын тарқатса, түйеқұстар көкке жайылып, қоқиқаздар қызғылт түсті қанаттарымен кербезденген. Музей-қорықтағы зообақта хайуанаттар мен құстар үшін барлық қажетті жағдайлар жасалады.
Музей-қорықтың баспасөз қызметі
Суретті түсірген Алексей Мазницын