• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
қор коллекциялар Музыкалық аспаптар

Музыкалық аспаптар

Санғасырлық тарих бойында әр халық өзінің ұлттық музыкасын қалыптастырып, өзіндік аспаптар жасады.

Уақыт өте келе музыкалық аспаптардың сырт бейнесі өзгеріп, жетілдірілді, кейде жаңасымен ауыстырылды. Шеберлік пен үнемі жаңаға деген ұмтылыс, түйсік пен шабыт сияқты адами қасиеттер саз шығаруы жөнінен бұрын болмаған музыкалық аспаптар жасауға септігін тигізген. Есімдері сақталмаған халық қолөнершілері мен атақты шеберлер оларды түрлі-түсті тастармен, оймыштармен, жозымен әшекейлеп, нағыз сәндік-қолданбалы өнер туындыларына айналдырған.

Облыстық этнографиялық мұражай-қорық қорының коллекциясында ХІХ ғасыр соңы – ХХ ғасырдағы музыкалық аспаптардың үлкен коллекциясы сақталуда.

Бұл аспаптар коллекциясы сапарларға және экспедицияларға шыққанда қала мен облыс халқынан жәдігерлер жинау арқылы қалыптастырылған. Көпшілік аспаптарды бізге Әзірбайжанның Мемлекеттік қолданбалы өнер мұражайы, Өскемен қаласының Корей мәдениет орталығы, Алматы қаласындағы Үндістан елшілігі жанындағы Үнді Мәдениет орталығы, қаламыздың қонақтары мен тұрғындары сыйға тартқан еді, сондай-ақ халықаралық жәрмеңкелер мен көрмелерде сатып алынған болатын..

Коллекцияда қазақ және орыс халықтық музыкалық аспаптарының саны басым.

Кавказ бен Орта Азияның тар, кеманча, гавал сияқты музыкалық аспаптары үлкен қызығушылық туғызатыны сөзсіз.

Корей халық аспаптары: каягым, дағыралар, бамбук сыбызғы да өте құнды болып табылады.

Үнділердің эксклюзивті музыкалық аспаптары – эктара, флут, жолда алып жүретін фисгармония өзге аспаптардың арасынан лайықты орын алған.

Өзбекстан, Тәжікстан мен Қырғызстан халықтары үшін сазды да дәстүрлі болып табылатын музыкалық аспаптар – дойра, чопо-чоор, танбур, темир ооз комуз Алматы қаласындағы Орталық Мемлекеттік мұражайда өткен «Шығысша Рождество» атты Орталық Азия көрме-жәрмеңкенің шығыс базарында сатып алынған еді. Бұл аспаптарды Орта Азия мен Қазақстанның сәндік-қолданбалы өнер шеберлері сатқан.

Пианино, гитара, скрипка, аккордеон интернационалдық әрі жалпыға танымал аспаптар, ал фисгармония болса өте сирек кездесетін аспап және фабрика өндірісінен баяғыда-ақ алып тасталған.

Барлық осы музыкалық аспаптар музыка пәнінің мұғалімдерін, оқушылар мен студенттерді, сондай-ақ өлкеміздің барлық әуесқойлары мен музыкалық мәдениетке табынушыларын қызықтырады деп сенеміз.

 

Прима домбыра
Осакаров музыкалық аспаптар фабрикасы
Алматы қаласы
ХІХ ғасыр соңы
КП 28-24140
Гармонь
В.И.Столбов
Вятка қаласы
ХІХ ғасыр соңы – ХХ ғасыр басы
ГИК 15-4794
Гармонь
Тула гармонь фабрикасы
1830-1900 жылдар
КП 19-21644

 

Домбыра
Қолдан жасалған
ХХ ғ.бірінші жартысы
ГИК 12-3305
Домбыра
Қолдан жасалған
ХХ ғасыр ортасы
КПнв 2-2200
Домбыра
Осакаров музыкалық аспаптар фабрикасы Қарағанды қ., Совнархоз 1960 жыл
КП 13-19046

 

Домбыра
Қолдан жасалған
ХХ ғасыр ортасы
КП 9-17841
Домбыра
Қолдан жасалған
ХХ ғасыр ортасы
КП 6-15696
Домбыра
Қолдан жасалған
ХХ ғасыр ортасы
ГИК 23-8079

 

Қылқобыз
Осакаров музыкалық аспаптар фабрикасы Алматы қаласы
ХІХ ғасыр ортасы
КП 28-24136
Даңғыра
Қолдан жасалған
ХХ ғ. бірінші жартысы
КП 44-28249
Гармонь
Фабрикада жасалған
ХХ ғасыр басы
ГИК 14-4075

 

Гармонь
Фабрикада жасалған
ХХ ғасыр басы
ГИК 26-9780
Гармонь
Шуя гармонь фабрикасы
ХХ ғасыр ортасы
ГИК 28-10696
Гармонь
РСФСР, Тула Совнархозы,
Гармонь фабрикасы
ХХ ғ.бірінші жартысы
КП 2-13344

 

Гармонь
РСФСР, Приока Совнархозы,
Тула қаласы «Мелодия» өндірістік бірлестігі
ХХ ғ.бірінші жартысы
КП 6-15658
Гармонь
Фабрикада жасалған
ХХ ғасыр басы
КП 14-19354
«Украина» гармоны
Фабрикада жасалған
1930-1950 жылдар
КП 38-26564

 

Гармонь
Фабрикада жасалған
1910-1918 жылдар
КП 49-29819
Гармонь
Фабрикада жасалған
ХХ ғ.бірінші жартысы
ГИК 19-6426
Жалейка – орыс халықтық үрмелі аспабы
Қолдан жасалған 1970-1980 жылдар КП 6-15655

 

Кеманча – әзірбайжан ішекті музыкалық аспабы
Баку қаласы
ХХ ғасыр соңы
КП 23-22784
Гавал – әзірбайжан соқпалы музыкалық аспабы
Қолдан жасалған Баку қаласы
ХХ ғасыр соңы
КП 23-22785
Тар – әзірбайжан ішекті музыкалық аспабы
Қолдан жасалған Баку қаласы
ХХ ғасыр соңы
КП 23-22783

 

Рубаб прима – ұйғыр ішекті музыкалық аспабы
Қолдан жасалған Баку қаласы
ХХ ғасыр ортасы
КП 39-26693
Гитара
Мәскеудің «Мюллер» фабрикасы 1900-1910 жылдар
КП 39-26851
Домбыра-альт
Шебер Сәрсенбин Ришат Ұлықбекұлы ШҚО
2004 жыл
КП 36-25909

 

Дойра - өзбек соқпалы музыкалық аспабы
Шебер Ахмат Омаров
Самарқан қаласы
2002 жыл
КП 45-28377
Дойра - өзбек соқпалы музыкалық аспабы
Шебер Азамат Адашев
Самарқан қаласы
2006 жыл
КП 48-29624
Дойра - өзбек соқпалы музыкалық аспабы
Шебер Азамат Адашев
Самарқан қаласы
2006 жыл
КП 48-29836

 

Танбур - өзбектердің плекторлық музыкалық аспабы
Шебер Азамат Адашев
Самарқан қаласы
2006 жыл
КП 48-29625
Фисгармония
Үндістан
ХХІ ғасыр басы
КП 48-29428
Флут-флейта
Үндістан
ХХІ ғасыр басы
КП 48-29430

 

Эктара – үнділердің ішекті музыкалық аспабы
Үндістан
ХХІ ғасыр басы
КП 48-29429

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …