Жаңа заман талабы – мұражай қызметін ақпараттандыру ісі мұражайшы жұмысының әмбебап кілті бола қоймас, алайда мұражай қызметкерінің ғылыми өмірін айтарлықтай жеңілдететін маңызды құрал екені рас. Біздің бұған қазір «Мұражай артефактілері бойынша «Музеолог» деректер базасы» бағдарламасын енгізу кезінде көзіміз жетуде. ЮНЕСКО-ның үйлестіруімен алғашқыда электронды деректер базасы ретінде жобаланған «Музеолог» бағдарламасы мына міндеттерді шешуге арналған:
- мұражайлық заттар бойынша деректерді тіркеу және есепке алу;
- ғылыми жұмыстар, мақалалар мен жарияланымдар үшін тізімдемелер, топтамалар жасайтын құрал ретінде деректер базасын басқару;
- қорға жаңа заттардың түсіп отыруына бақылау жасау және бұйымдарды қалпына келтіру жайын, немесе сол бұйым туралы ақпаратты толықтырудағы қажеттілікті жылдам анықтау;
- мұражай қызметін кеңінен танымал ету мақсатында деректер базасына қоғамдық қолжетімділікті қамтамасыз ету.
Мұражайдың 10 қызметкері бағдарламаны меңгеру және оны нәтижелі пайдалану жөніндегі семинардан өтті. Семинарға ҚР Орталық Мемлекеттік мұражайының қызметкері, ІТ-технологиялар жөніндегі маман кеңесші болды. ҚР ОММ үлгісінде деректер базасының теориялық негіздері және басқару әдістері зерделенді. Содан кейін мұражай-қорықтың қорындағы мұражайлық заттардың деректері мен бейнелерін енгізу бойынша сабақтар өтті. Кейіннен мұражайлық электронды жүйені монтаждап, реттеу үшін екі қызметкер жергілікті жүйе құрудың және оларды реттеудің қарапайым әдістерінің негіздерін арнайы үйренді. Қазіргі кезде Головков көшесі, 29 мекенжайындағы мұражайдың әкімшілік ғимаратындағы ғылыми бөлімдерде қондырылған 35 компьютерді біріктіретін жергілікті жүйе монтаждалған. Мұның өзі бағдарламаны жылдамырақ меңгеруге мүмкіндік берді. Қазіргі кезде мұражай аясында компьютерлік сынып құрудың арқасында ғылыми қызметкерлер арасындағы осындай сауатсыздықты жою жөнінде шеберлік дәріс өткізу үшін жағдай жасалған.
Былайша айтқанда, «Музеолог» дегеніміз ауани мүкәммалдық кәртішкелері бар электронды тізімдеме. Оның артықшылығы жылдамдығында, пайдалану қолайлығында, негізгі немесе тапсырма берілген реквизиттер бойынша іздеудің автоматты жүйесінде, бейнелерді түрлі көлемде көру, ақпаратты толықтыру және түзету мүмкіндігінде, бір коллекцияның заттары туралы немесе жеке бір реквизит бойынша (мысалы, қор құрушының тегі бойынша) деректердің автоматты түрде топтастырылуында. Оның тағы да бір артықшылығы – осы бағдарламаны Европаның, Таяу Шығыс пен Орта Азияның 21 елінде пайдаланады, мұның өзі оның бірізді болғанын және жаһанданғанын көрсетеді. Осыған байланысты бағдарламалар «Музеологтің» Интернет-жүйеде жұмыс істеу мүмкіндігін көздеген. Тіпті бағдарламаның өзі Internet Explorer 5.0 қосымшасымен ойдағыдай әрекет етуде. Осындай жағдай көптеген елдер мұражайшыларының ақпаратпен алмасу шеңберінде, сондай-ақ бірлескен жобалар құруда да өзара тығыз іс-қимыл жасауына ықпал етеді.
Біз мәдениет саласында мұражайдың ғылыми институт ретінде жемісті еңбек етуіне электронды тізімдеменің сенімді ынталандырушы болатынын сезінудеміз.
2010 жылдың 1 қаңтарына қарағанда Музеологтің деректер базасына – 1811 фотобейнелері бар 1537 жазба енгізілген. «Музеолог» деректер базасын енгізу мониторингі үшін, сондай-ақ осы қосымшаны әзірлегендермен және пайдаланушылармен байланыс жасау үшін ақысыз серверде «Мұражайлық цифромания» блогы құрылған болатын. Пайдаланушылар бағдарламамен қалай жұмыс істеу керектігі жөнінде осы блогтан нұсқау түсіре алады және қарапайым кеңестер ала алады. Қор бөлімінің қызметкерлері сайт үлгісін жасауда. Блог одан әрі жетілдіре түсу үшін әзірлеушілерге проблемалар мен міндеттерді жүйелеуге көмектесті.
М. Тоқымбаев
Следующая > |
---|