No valid database connection You have an error in your SQL syntax; check the manual that corresponds to your MySQL server version for the right syntax to use near ':zhaalytary' at line 1 SQL=SELECT * FROM jos_scmeta_category WHERE category_id = 127:zhaalytary
жаңалықтары :
 

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы * Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник

  • Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары жаңалықтары


Қазақстаным менің – сен менің Отанымсың! 2015

Исполнение гимна Республики КазахстанИсполнение праздничного обряда «Шашу»Атқа қонып, жарысу.   Состязание  на лошадях2015 жалғы  7 желтоқсанда ғылыми-ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімінің қызметкерлері № 62 бала бақшасының тәрбиеленушілері үшін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған мерекелік іс-шаралар өткізді. Іс-шара басында Қазақстан Республикасының әнұраны тыңдалып,  балалар мемлекетіміздің рәміздерімен танысты, Бәйтерек туралы аңыз, киіз үй жасауы туралы әңгіме тыңдады.  Отан туралы тақпақтар айтылып, жұмбақтар, конкурстар мен ойындар өткізілді. Іс-шара соңында балалар үшін  қазақ этнографиясы бойынша экскурсия жүргізілді.

 

ШҚО мұражай-қорығының Солжағалық кешеніндегі топқайыңда қысқы демалыстың белсенді әуесқойларына арналып, жарықтандырылған шаңғы жолын салу аяқталып қалды. 2015

Административное здание музея-заповедника

Шаңғы жолының ұзындығы  1,5 км асады.  Жолға жарық түсірілгендіктен кешкі 21.00-ге дейін  сырғанауға болады.

Келушілер  шаңғы жолының бойында  жаңадан ашылатын дәмханадан шай ішіп,  кәуаптан жей алады.

Сонымен қатар, егер желтоқсан айында  тұрақты аяз болса, онда Ақ киіз үйдің жанындағы алаңға су құйылып,  мұз айдыны жасалатын болады. 

ШҚО мұражай-қорығының баспасөз қызметі

 

 

Менің Президентім. Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге алты кеш. 2015

В рамках празднования Дня первого Президента РК

ҚР Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу аясында ШҚО мұражай-қорығының ақпараттық-білім бөлімінің қызметкерлері  «Менің Президентім. Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге алты кеш» атты виртуалды экскурсиялар топтамасын дайындады.  

-         Бағдарлама біздің эксклюзивті әзірлемеміз болып табылады.Экскурсия барысында келушілер ұлт көшбасшысының балалық шағы мен жастық шағынан, оның еңбек жолынан көптеген қызықты мәліметтерді біле алады, Нұрсұлтан Назарбаев өзінің президенттік қызметі туралы әңгімелеп береді, сондай-ақ,   Астанаға көшіру туралы шешімді қабылдау неге қажет болғаны туралы түсіндіреді және біздің еліміздің болашағы туралы армандарымен бөліседі – деді бөлім меңгерушісі Шынар Кәрібаева.      

Сонымен қатар, төменгі және ортаңғы сынып оқушыларын «Астана – болашақтың қаласы» атты қызықты викторина күтеді.  Головков көшесі, 29 мекенжайында өтетін іс-шара туралы нақты мәліметтер мен өткізу уақытын мына телефон бойынша білуге болады:   8705148 99 76.

 

ШҚО мұражай-қорығының баспасөз қызметі  


 

 

Нұрсұлтан Назарбаев. Тұлға және саясаткер портреті. 2015

Фото с лекции в музее-заповедникеФото с лекции в музее-заповедникеФото с лекции в музее-заповеднике2015 жылғы 26 қарашада  ғылыми-ағартушылық және көпшілікпен жұмыс бөлімі қызметкерлері техникалық-экономикалық колледждің  студенттері үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш және қазіргі Президенті  Н.Ә.Назарбаевқа арналған «Нұрсұлтан Назарбаев. Тұлға және саясаткер портреті» атты лекция өткізді. Лекцияда Тұңғыш Президент өмірінің  негізгі кезеңдері, Тәуелсіз мемлекетті қалыптастыру мен дамытудағы қосқан үлесі баяндалды. Студенттер Президент кітаптарымен және Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қызметі туралы кітаптар көрмесімен танысты.

 

«Ұлылар мұрасы және музейтану» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция. Семей. 2015

Экспозиция от музея-заповедникаЭкспозиция от музея-заповедника2015 жылғы 13 қарашада Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайының 75 жылдығына арналған «Ұлылар мұрасы және музейтану» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оған мұражай-қорықтың сирек кітаптар және икона жазу бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Г.Кашаку «Мұражай-қорықтың экспозициялары мен көрмелерінде Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығының көрсетілуі» атты мақаласымен қатысты. Конференция жұмысы барысында Абай шығармаларының текстологиясы, аударылуы, дәстүр жалғастығы, абайтану курсын оқыту барысы және Ақшоқыдағы Құнанбай қажы мен оның балаларының зираттарын қайта қалпына келтіру сынды мәселелер талқыланды. Мұражай-қорық қорына конференция материалдары негізінде дайындалған жинақ алынды. 

 

Өскемендегі «Жастар» саябағында журналистер аллеясы пайда болды. 2015

парк «Жастар»В парке «Жастар»  в  Усть-Каменогорске появилась аллея журналистов

Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен аллея негізін қалау облыстық әкімдіктің бастамашылығымен өтті. Дайындық жұмысын құрамына саябақ кіретін ШҚО мұражай-қорығы өз қолына алды.

Қалалық және республикалық БАҚ өкілдері көгілдір шыршаның 16 көшетін отырғызды, ол қылқан жапырақты өсімдіктердің ең әдемісі болып саналады. Оның Отаны Солтүстік Америка болып табылады, бірақ көгілдір шырша әлемнің басқа жерлерінде де өсе алады, ең бастысы отырғызар кезде нақты ережелерді ұстану керек. Бұл жағынан жұмысшыларға Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық мұражай-қорығының директоры Николай Зайцев көмектесті.

 

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналады... «Батырлар, қаһармандар әлеміне саяхат» атты виртуалды экскурсия. 2015

Фото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаАқпараттық-білім бөлімінің (виртуалды мұражай) құрамындағы бөлім меңгерушісі – Ш.М.Кәрібаева, О.М.Қалиева, А.А.Асыл 2015 жылғы 5 қарашада Өскемен қаласындағы № 23 орта мектептің 1-2 сыныптары үшін Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында «Батырлар, қаһармандар әлеміне саяхат» атты виртуалды танымдық бағдарлама өткізді.

 

Абу Дабидеги қолөнершілер фестивалінде Семей қаласының шебері ШҚО таныстырады. 2015

Адильбек НурмухамбетовИзделия мастера

БАЭ астанасы Абу Дабиде болатын халықаралық көрмеге қатысу үшін Әділбек Нұрмұхамбетовтың кандидатурасын Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық мұражай-қорығының базасында жұмыс жасайтын,  шебер мүшесі болып табылатын, ШҚО қолөнершілер орталығы ұсынды.

Әділ: «Мектепте оқып жүрген кезінен бастап ағашқа ою оюмен айналысқанын»-айтты. Ол өз қызығушылығын үлкен өмірге араласқанда да тастамаған. Қарапайым теміржолшыдан Семей қаласындағы жол айрығы бастығына дейін көтерілді.

 

Біз – бір ағаштың бұтақтарымыз. 2015

Фото с выставки «Мы ветви одного древа»Фото с выставки «Мы ветви одного древа»«Біз – бір ағаштың бұтақтарымыз» деген атаумен мұражай-қорықтың көрмесі Алматы қаласындағы Қаныш Сәтпаев атындағы мемориалдық мұражайында ұйымдастырылды. Көрме Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына және Қазақ  хандығының 550 жылдығына арналды. Көрмеде мұражай-қорық қорынан көпұлтты Қазахстан халқының әр түрлі киімдері: қазіргі үлгіде тігілген қазақтардың, украиндер мен белорустардың костюмдері, корейлердің, татарлардың, түркімендердің үйленутойылық костюмдері, орыстардың мерекелік костюмдері, удмурдтардың және мордвалардың күнделікті киетін костюмдері назарға ұсынылған. Мұражай-қорық қорынан барлығы 89 бұйым қойылған.

Толығырақ...

 

Интерактивті форматта орыстың бейнелеу өнерін көпшілікке таратқаны үшін құттықтау. 2015

Информационно-образовательный центр: «Русский музей: виртуальный филиал» в ВКОИнформационно-образовательный центр: «Русский музей: виртуальный филиал» в ВКОРесейліктер орыстың бейнелеу өнерін көпшілікке таратуда мұражай-қорықтың қосқан үлесін атап өтті. Алматыда өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда Мемлекеттік Орыс мұражайының директоры  Владимир  Гусевтің атынан үш алғыс хат  ШҚО мұражай-қорығының ақпаратық-білім беру бөлімінің меңгерушісі Шынар Кәрібаеваға тапсырылды.  Ол ҚР Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайының 80 жылдығына орай ұйымдастырылды және ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтті.

 

Өткен және жақын уақыттарға саяхат. 2015

ШҚО мұражай-қорығында ешқандай уақыт машинасыз жәдігерлермен өткен және жақын уақыттарға экскурсия жасауға болатын көрмелердің тұтас сериясы жұмыс істейді.


 

Ақпараттық-білім бөлімі өткізген экскурсия. 2015

2015 жылғы 17 қазанда мұражай-қорықтың ақпараттық-білім бөлімінің қызметкерлері (бөлім меңгерушісі Ш.М. Кәрібаева, бөлім мамандары А.А. Асыл, О.М. Калиева) Семей қаласы экономикалық лицейінің 9-11 сынып оқушылары үшін (120 адам) Семей қаласы білім бөлімінің жоспарына сәйкес іс-шаралар топтамасын жүргізді. 

 Іс-шара бағдарламасында:

 Мұражай-қорықтың Солжағалық кешеніне бару;

  1. Виртуалды мұражай экскурсиялары: «Орыс мұражайының залдарына саяхат», «РФ Алмас қоры» 3D форматында;
  2. «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының «Түркістан – Қазақ хандығының астанасы» атты көрмесі бойынша экскурсия.   

 

 


Страница 42 из 52

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>



«Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы» КМҚК-ның даму ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ...


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …