Күзгі трио. 2021
 
2021 жылдың 24 қыркүйегінде сағат 16.00-де музей-қорықтың М. Горький көшесі, 59 мекенжайындағы «Алтай» көрме залында өскемендік суретшілердің «Күзгі трио» атты көрмесі ашылды. Экспозиция суретшілер А. Коротаевтың, В. Шипиловтың және Л. Мироненконың жеке көрмесін ұсынды. Көрме залдарында ашылған экспозицияға Шығыс Қазақстанның пейзаждары, қала пейзажы және сюжеттік композицияларды бейнелейтін 100-ден астам кескіндемелік жұмыс енген.
Көрменің ашылу салтанатында Қазақстан Суретшілер одағы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрайымы Я.Л. Агейкина, директордың көрме-экспозициялық жұмыс жөніндегі орынбасары Е.Ю. Рахматулина, сондай-ақ, авторлар сөз сөйледі. Музейлік іс-шараға БАҚ және қоғам өкілдері, суретші-әріптестер қатысты.
 
«Театр: замана мен тағдырлар тоғысында». 2022
 2022 жылдың 26 мамырында сағат 16.00-де М.Горький көшесі, 59 мекен-жайындағы облыстық музей-қорықта драма театрының Шығыс Қазақстан облысының тарихы мен қазіргі өміріне арналған «Театр: замана мен тағдырлар тоғысында» атты жаңа тақырыптық көрме ашылды. Музей мен театр қызметкерлері көрменің концепциясын бірлесіп әзірледі. Экспозиция театр өмірінің сан алуан аспектілерін көрсетеді: драма театрының тарихы мен қазіргі заманы, декорация үлгілері, суретшілердің картиналары, фотосуреттер, реквизиттер. Ашылу салтанатында музей-қорықтың директоры А.Тен, мәдениет басқармасының мәдениет және өнер бөлімінің басшысы У.Б.Сағадиев, театрдың баспасөз хатшысы Е.Айтқазықызы сөз сөйледі. Облыстық «Рудный Алтай», Altay TV газетінің журналистері, облыстық драма театрының қызметкерлері, музейдегі әріптестер, өнер қайраткерлері, шығармашылық зиялы қауым, барлығы 50-ге жуық адам қатысты. Вернисаж жылы шығармашылық атмосферада өтті.
     
Сән экологиясы. 2022
 2022 жылдың 26 сәуір күні Шығыс Қазақстан облыстық музей-қорығында өскемендік дизайнер *bolirina* мектепбінің жетекшісі Ирина Болоткинаның «Сән экологиясы» атты көрмесі ашылды. Қ. Қайсенов көшесі, 67-де болатын экспозицияда студенттердің 3 авторлық жинағы ұсынылды, олар: «Қағаз қуыршақтар», «Физалис», «Оригами», киім үлгілерінің макеттері, студиялық фотосуреттер және «fashion illustration» стилінде жасалған айқын графикалық жұмыстардың тұтас сериясы. Ирина Болоткина алғаш рет музей-қорық қабырғасында өз жұмысын көрсетті. Вернисажда әріптестер, «Алтай» телеарнасының, «Рудный Алтай» және «Мой город» газеттерінің журналистері, *bolirina* студиясының оқушылары болды, барлығы 70-ке жуық адам. Дизайнердің әріптестері, сонымен қатар директордың экспозиция және көрме жұмысы жөніндегі орынбасары Е.Рахматулина құттықтау сөз сөйледі, В.Н.Шевченко музыкалық композициясын ұсынды.
    
Халықтық мереке – халықтық сыйлықтар. 2022
 
2022 жылдың 4 наурызы күні, көктемгі 8 наурыз бен Наурыз мейрамын мерекелеу аясында ШҚО сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорықтың Қ.Қайсенов көшесі, 67 мекенжайындағы көрме залында қолөнершілердің «Халықтық мереке – халықтық сыйлықтар» атты көрмесінің ашылу салтанаты болып өтті. Көгілдір көктем басталысымен Шығыс Қазақстан шеберлерінің қолынан шыққан қолданбалы өнер бұйымдарының көрмесін өткізу баяғыдан дәстүрге айналған. Қазірде ол көрмеге облысымыздың түкпір-түкпірінен 60 қолөнерші қатысуда. Олар өз жұмыстарынсан түрлі материалдардан, атап айтқанда, былғарыдан, матадан, ағаш пен металдан жасайды және кестелеу, шағын мүсіндерді кесу, аппликациялық панельдер жасау, картиналар салу және тағы басқа датүрлі әдіс-тәсілдерді қолданады.
Қалай десе де, көрме келушілерге заманауи шеберлердің халық қолөнерінің жандануын, ұрпақтар сабақтастығын, дәстүрлердің сақталуы мен жалғасуын бейнелейтін жетістіктері ұсынылған шынайы, таза, талантты өнермен ұмытылмас көркем кездесулер сыйлары сөзсіз.
Өнерім - өмірім. 2021
 
Музей-қорықта белгілі сәндік-қолданбалы өнердің кәсіби шебері Бақыт Кеншіліктің «Өнерім – өмірім» атты дербес көрмесі ашылды. Шебер қазақтың ұлттық домбыра, қобыз, шертер, жетіген, даңғыра және басқа да көптеген саз аспаптарын, сондай-ақ, сандық, асадал, кебеже жасайды.
Шебердің мектепте оқып жүрген кезде жасаған алғашқы саз аспабы домбыра болса, ал өзінің ең сүйікті аспабы – қобыз. Шебердің дербес көрмесінде әртүрлі уақыт кезеңінде жасаған 50-ден астам жұмысы қойылған.
Шабытымды шалқытқан туған қалам. 2021
 
Музей-қорықтың Қ. Сәтпаев даңғылы, 79 А мекенжайда орналасқан Солжағалық кешенінің көрме залында музей сәулетшісі Виктор Шевченконың «Шабытымды шалқытқан туған қалам» атты дербес көрмесі ашылды. Келушілер көрмеден ескі және жаңа Өскеменнің, Солжағалық музей кешенінің, Самал саябағының көлемді макеттерін, сондай-ақ, қаланың бүгінде мүлде жоғалып кеткен, төңкеріске дейінгі сәулетінің эскиздік жобаларын көре алады. Өнертанушы Тамара Быкова жазғандай, «Виктор Шевченко сәулет кеңістігінде өткен мен нақты әлемдер бейнелерінің тамаша диалогында екі дүние жасайды, бірақ іс жүзінде бұл армандар тоғысатын қала.Бәлкім, В. Шевченко өз картиналарында болашақ ұрпақтар өмір сүретін байтақ әлемді ойлап тапқан болар. Кім білсін».
Халықтың тарихи-мәдени мұрасын сақтау қызметіне. 2019
 10 қазанда ШҚ облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығың Қ. Қайсенов көшесі 67 көрме залында «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарлама аясында ұйымдастырылған «Ежелгі артефактілерден қазіргі заманға дейін» көрмесі ашылды. Жобаға Өскемен, Семей, Риддер, Зайсан, Шемонаиха қалаларының және Тарбағатай ауданының музейлері қатысты.
Көктемгі көңіл-күй

Көктемгі көңіл-күй
Өскемендік суретші Виктор Калинин халықаралық әйелдер күні қарсаңында музей-қорықтың Қ. Қайсенов көшесі, 67 мекенжайындағы залда баспасөз өкілдерімен кездесті. Сонымен қатар суретшінің өзі атап өткендей, ол соңғы жылдары салған картиналарын көрсетті. Баспасөз түйіндемеде айтылғандай, бұл қаладағы ең талантты суретшілердің бірінің шығармашылық потенциалының байқауы. Виктор Калинин – Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, қалалық, облыстық және республикалық көрмелердің қатысушысы, ІХ халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің дипломанты, ШҚ облыстық «Менің Қазақстаным» бейнелеу өнері көрме-байқауы сыйлығының иегері. Суретшінің туындылары облыс музейлерінің жинақтарында, Қазақстан және алыс шетел суретшілері топтамаларында сақталған.
Хрусталь туфли және басқа кебістер. 2020
 Хрусталь туфли және басқа кебістер. 2020
20 қаңтарда Қ. Қайсенов көшесі 67-де «Хрустальді туфли және басқа кебістер» атты шағын аяқ киім көрмесі ашылды. Жинақтың авторы Лидия Рудакова, Өскемен қаласының тұрғыны. Мұнда 300 жуық заттар бар.Көрменің ашылуына сәндік-қолданбалы өнер шеберлері жиналды, олар Лидия Петровнаны және оның бұйымдарын біледі, ол былғары сувенирлерді жасау шебері, олар бұл әр түрлі паннолар, тұмарлар. Оларды жасауға Мәскеу механика-технологиялық жеңіл өнеркәсіп техникумында алған құрылымдаушы-дизайнер мамандығы көмектеседі.
Белгілі зергердің топтамалары музей-қорықтағы көрмеде. 2019
 
29 тамыз күні «Алтай» көрме залында белгілі суретші-зергер және коллекционер Сержан Бәшіровтың жеке топтамасынан алынған «Бабалар мұрасы – ұрпақтар қазынасы» атты көрменің ашылуы болды.
Сержан Бәшіров көрме ашылған күні 55 жасқа толды. Ол біздің жерлесіміз, Тарбағатай ауданының Ақжар ауылында дүниеге келген. Бала күнінде ата-анасымен бірге Алматыға көшіп кеткен. Ал қазір Нұр-Сұлтан қаласында тұрады. Алайда, өзінің туған өлкесі – Шығыс Қазақстанды ешқашан ұмытқан емес. Музей-қорық көп жылдан бері Сержан Мұратұлымен әріптес болып келеді, оның жылдар бойы жинақтаған зергерлік жұмыстары мен Қазақстанның әр қиырынан және басқа елдерден жинастырған қазақтардың ХVIII ғасырдан бергі ұлттық қолданбалы өнерінің ескі бұйымдары соған дәлел бола алады.
«Бабалар мұрасы – ұрпаққа қазына» атты көрменің ашылуына шақырамыз. 2019
29 тамызда музей-қорық белгілі суретші-зергер және коллекционер Сержан Мұратұлы Бәшіровтың жеке топтамасынан тұратын қазақ халқының қолданбалы өнері туындыларының «Бабалар мұрасы – ұрпаққа қазына» («Наследие предков – достояние потомков») атты көрмесін ұсынады.
«ЮНЕСКО-ның сапа белгісі» сертификатының иегері Сержан Бәшіров – біздің жерлесіміз, ШҚО, Тарбағатай ауданының тумасы. Сержан Бәшіров ұзақ жылдар бойы Қазақстанның әр өңірі мен шетелдерге жасаған экспедициялары барысында қазақ дәстүрлі өнерінің мұраларын зерттей жүріп, топтама жасау үшін олардың стильдік және аймақтық ерекшеліктерінің технологиялары, бұйымның типологиясы, өрнектердің түрлері туралы материалдар жинастырды. Көрмеге келушілер назарына сондай-ақ, шебердің ой бірегейлігі мен биік көркемдікпен орындалған бірқатар авторлық жұмыстары ұсынылады.
Жанар Мәлекбаеваның сәуле мен шаттыққа толы образдар әлемі. 2019
 
29 мамыр күні музей-қорықтың Қ. Қайсенов көшесіндегі 67 ғимаратында Бесқарағай ауданының жас ісмер-шебері Жанар Мәлекбаеваның жұмыстары қойылған көрме ашылды. Көрме Жастар жылына арналған және музейдің «Ең бастысы жайлы дарындылықпен» атты жобасы шеңберінде бастау алды.
|
|