No valid database connection You have an error in your SQL syntax; check the manual that corresponds to your MySQL server version for the right syntax to use near ':2010-10-25-05-34-56' at line 1 SQL=SELECT * FROM jos_scmeta_category WHERE category_id = 134:2010-10-25-05-34-56
шеберлердің, коллекционерлердің, суретшілердің көрмелері :
 

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы * Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник

  • Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары шеберлердің, коллекционерлердің, суретшілердің көрмелері


Орыс иконы. Ғасырлар арқылы көзқарас. 2010

«Орыс иконы. Ғасырлар арқылы көзқарас» көрмесінде өскемендік жинаушылардың жеке коллекцтяларынан 200-ден астам бұйымдар назарға ұсынылды. Коллекциялардың кейбірі өткен ғасырдың 80-ші жылдарының орта тұсында қалыптаса бастаған болатын.

Көрмеге қойылған коллекциялар Шығыс Қазақстан аумағында қолданыста болған бұйымдардан тұратындықтарымен құнды. Жәдігерлер көркем құймадағы бағыттарды (поморлық, гуслицалық, уралдық және т.б.) уақыттық кең шеңберде (ХҮІІІ ғасырдан бастап ХХ ғасыр басына дейінгі) көрсетіп, ғибадаттық діни бұйымдар арқылы орыс православиесі тақырыбын ашып тұр.

Ескідәстүршілдік тақырыбы көркем құйма (крестер, икондар, бүктемдер) бұйымдарында жақсы берілген, мұндағы көне орыс өнері ХІХ ғасыр – ХХ ғасыр басындағы жоғары көркем шығармаларда жалғасын  тапқан.

Көрмеге сюжеттері бойынша өте сирек және көркемдігі жағынан аса құнды бұйымдар қойылған. Көптеген жәдігерлер бірегей болып табылады және алғаш рет көрсетіліп отыр.

Көрмені мұражай мен «Ақ бауыр» қоғамдық бірлестігі ынтымақтаса жүріп әзірлеген. Қоғам мүшелері тарих пен мәдениет ескерткіштерін сақтау және насихаттау жөнінде бірнеше жыл бойы ойдағыдай жұмыс атқаруда.

 

Шығыс Қазақстан суретшілері. 2010

«Шығыс Қазақстан суретшілері» көрмесі ШҚО бейнелеу өнерінің  дамуын барынша айқындаған суретшілердің картиналарын бір экспозициялық кеңістікке жинады. Сіздердің назарларыңызға өздерін шығармашылықта шыңдаған және түрлі бағыттар мен бейнелеу өнерінің стилінде жоғары жетістікке жеткен, кемеліне келген суретші-кескіндемешілер мен графиктердің туындылары ұсынылған.

Атамекен үшін
Томирис – массагеттердің патшайымы
Шыңғыс хан
КСРО және Қазақстан Суретшілер одақтарының мүшесі  Н.П.Аштеманың қалыптасуы Суретшілер үйінде өтті. Ол өз талантын графикада және қондырғылы кескіндемеде де байқап көрді. Көп жылдар бойы суретшіні қазақ халқының тарихы, оның қасіреттік сәті толғандырып келеді. Ол өз ойларын «Атамекен үшін», «Томирис – массагеттердің патшайымы», «Шыңғыс хан»  және тағы да басқа жұмыстарында қорытып келеді. Н.П.Аштема табиғат сұлулығын «Ай сәулесі түскен Белуха», «Қазақстан даласы» сияқты туындыларында эпостық сарын деңгейіне дейін жеткізді. Суретші өнері туған жердің тарихы мен сұлулығы тақырыбының сарқылмайтындығын дәлелдейді.

Иірім
Көктемнің басы
Ши
КСРО Суретшілер одағының мүшесі А.И.Коробковтың туындылары–ұшы-қиыры жоқ түрлі табиғат әлеміне деген сүйіспеншілікті бейнелеуге арналған. Нақыштар мен көлемдердің пластикалық сұлулығы оның пейзаждарында ішкі тебіреністің бейнелілік әсерін құрайды. Айналадағы дүниеден алшақтай отырып, ол оны өзгертеді, сондай-ақ, керемет нәзік және поэтикалық өз әлемін жасайды (Иірім», «Көктемнің басы», «Ши»).

О.П.Леонова акварельдік кескіндемемен 20 жылдан аса уақыт айналысып келеді. Оның өткір түсті акварельдері нәзік және поэтикалық әлемді сезінуге негізделген. Суретші жұмыстарында ғажайып әлем пайда болады. Ольга Леонова бір орнында тұрмайды, үнемі ізденумен жүреді. Соңғы жылдары ол қатпарлы кескіндеме техникасымен белсенді жұмыс істеп келеді.

Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі С.П.Шупляк өнердің әр түрлі саласында жұмыс істейді, бірақ өзін гобелен мен батиктің шеберімін деп есептейді. Әсіресе суық батик техникасында жұмыс жасағанды ұнатады. Ерекше мәнерлі композицияларды табу үшін ол көп тәжірибе жасады.

Ертіс үстіндегі кеш
Аспан бағаналары

А.В.Бердюгиннің кескіндемелері қарапайымдылығымен және бейнелеу тілінің нақтылығымен өзіне қаратады. Бұл сапа «Ертіс үстіндегі кеш», «Аспан бағаналары» және тағы басқа картиналарында айқынырақ сақталған.

 

 


Ағайынды Бурнашовтардың омартасы
Алтай патшайымы - Мұзтау
Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі Л.Т.Зайцев нәзік түстерді таңдайтын талантты кескіндемеші, сондай-ақ, Кенді Алтай табиғатына шексіз ғашық жан. Оның картиналарының негізін Алтай тауы бөктеріндегі   саяхаттарынан  алған әсерінен туған этюдтары құрайды.  Леонид Зайцевтің Алтай тақырыптары «Алтай патшайымы - Мұзтау», «Ағайынды Бурнашовтардың омартасы» бояутақталарында ұсынылған. Л.Т.Зайцевтің пленэрде салынған картиналары өзіндік сұлулықты сезінуге және гүлденген жазғы табиғаттың ерекше күйінен  сыр шертеді.

Н.В.Малютин кескіндемелері шын жүректен шыққан қарапайымдылығымен   және ешкімге ұқсамайтындығымен ерекшеленеді («Мұғаліммен сырласу», «Еремей ата»,  «Тарханка»). Суретші айналадағы дүниеге ерекше құрметпен қарайды және шын мәнінде оған қарап шабыттанады

Экспозицияның көлемді бөлігін КСРО Суретшілер одағының мүшесі А.Г.Куклиннің сызба туындылары құрайды. «Адам мен табиғат» және «Ұлы дала» суретші шығармашылығындағы бірден-бір магистральды тақырыптар. Көрмеде ХIХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басындағы қазақтардың өмірі мен тұрмысына, Қазақстан табиғатына арналған түпнұсқалық графикалық жұмыстары ұсынылған. Этнографиялық материалды суреттеуде детальдарға, графикалық дәлдіктерге ерекше назар аударылған, композициялық қатардағы шынайылығымен шебердің  мына туындылары: «Дүниеге келу», «Зергер», «Текемет» және тағы басқалары  ерекшеленеді. Бұл циклде автор сирек техника граттографияға жүгінген. 1998 жылдан бастап Анатолий Григорьевич Ресейде тұрады және жұмыс істейді.

Бүкіл экспозицияны жалпы  шолып өткенде мынандай қорытындыға келесің: Шығыс Қазақстан суретшілері  өнерінің гуманистік бағыттылығы, өз халқының өмірімен,  оның тарихымен және мәдениетімен шығармашылығының тығыз байланыста болу қажеттігін көпшілігінің түсінуі олардың шығармашылығының қайнар көзін айқындаушы бағдаршам болған және болып қалады.

 

Көктем өрнектері. 2010

Біздің мерекелеріміздің дәстүрлері бойынша біз қысты шығарып салып,  жаның мен жүрегіңді  жылытатын жас көктемді қуанышты жылы жүзбен қарсы алуымыз керек.

Міне, көптен күткен көктем күндері де келіп жетті, ал олармен бірге біздің сүйікті мерекелеріміз - әйелдердің өзі сияқты сұлу, нәзік, романтикалық 8 наурыз әйелдер мерекесі және өзімен бірге қуанышын, жылылығы мен жайлылығын ала келетін «Наурыз» мерекесі келеді.

Қалыптасқан дәстүр бойынша мереке қарсаңында біздің мұражай-қорықтың көрме залдарында  сәндік-қолданбалы өнері бұйымдарының көрмесі ашылады, онда келушілер ШҚО шебер-қолөнершілерінің әр түрлі  бұйымдарын: кәдесыйларды, панноларды, қуыршақтарды, әйелдер әшекейлері мен жас шеберлердің шығармашылық жұмыстарын көре алады.

Жыл сайын тұрақты қатысушылармен біз жас қолөнершілер есімдері мен  керемет және тартымды,  әртүрлі және бір-біріне ұқсамайтын бұйымдарын жарыққа шығарамыз. Әрбір зат өзінше керемет және ғажап. Қайталанып келген бірде-бір бұйым жоқ. Кереметті тудыратын шеберлер өте көп.

Биылғы жылы көрмеге 40 адам қатысып, 300-ден аса жәдігерлерін ұсынды. Қатысушылар түрлі саланың адамдары: мұғалімдер, оқушылар, студенттер және кәсіби суретшілер.

Ф.Б.Хорошилова, Л.А.Юрганова Л.Д.Ильина сияқты шеберлер біздің мұражаймен 1980-ші жылдардан бастап ынтымақтас болып, халықтық материал сабанды пайдалана отырып аппликация техникасында панноларды және түрлі композицияларды жасайды. Олар өз жұмыстарына көп еңбек пен қиялдарын жұмсайды.

Біздің барлық көрмелеріміздің тұрақты қатысушысы, қаламыздың қарт шебері - Т.А.Перетокина. Оның қуыршақтары балалар мен үлкендерге қуаныш сыйлайтыны сөзсіз.  Әр көрме сайын талантты шебер өзінің әдемі қуыршақтары мен ойыншықтарын мұражайға сыйға тартады.

Бірнеше жыл қатарынан қарт шебер Р.Е.Игнатова өзінің жаңа, керемет те әдемі кестеленген жұмыстарын жасап келеді.  Оның шығармашылығы көрмеге келушілердің көбін таң қалдырып келеді, шебердің өнеріне көңіл аудармай өткен бірді-бір келуші жоқ.

Жетекшісі Р.Ф.Авдеева болып табылатын украин мәдени орталығының (Достық үйі жанындағы) керемет кестеленген «Чаровница» құлақбасы өте керемет. Олардың бұйымдары (панно, қол орамалдар) тек қана біздің қалада ғана емес сондай-ақ, Астанада, Киевте танымал болып, бірінші орындарды, мадақтауларды, дипломдарды иеленді.

Жас шебер Светлана Лисова мен Елена Явонова шебер И.В.Мартыниннің қайыңның қабығынан және шпоннан (құмыралар, шпонмен көмкерілген, бұйымдар, қобдишалар, кулондар, салпыншақтар) дайындаған керемет бұйымдарын айшықты суретпен өрнектеп тамаша бұйымдар паш етті.

Қ.Нұрғалиев атындағы колледждің сәндік-қолданбалы өнері оқытушылары Р.А.Бобровская мен М.М.Белова да көрмелерге жыл сайын қатысып келеді. Олар флористикалық композицияларын және айшықты суретпен өрнектелген түрлі бұйымдарын  ұсынып келеді.

Л.П.Рудакова теріден жасалған бұйымдар коллекциясын ұсынып келеді. Олар: кәдесыйлар, әйелдер әшекейлері.

Шебер С.ГЛыкованың нәзік әзілмен балшықтан жасалған адамдардың мүсіндері  мен хайуанаттары  біздің экспозициямызды көріктендіре түсті.

Өскемен қаласында орналасқан «Огнеупор» ЖШС шағын кәсіпорыны керамикадан кәдесыйлар өнімдерін дайындайды және үнемі мұражаймен ынтымақтасып, қалалық және облыстық жәрмеңкелер мен көрмелерге қатысып келеді.

Технология пәнінің оқытушысы А.Н.Рахымбаев (Ұлан ауданы, Молодежный кенті) Е.А.Волкова, В.Т.Рубцова, Л.Б. Ван, «Әжелер алқасы» орталығынан бір топ әйелдер - Ләззат Балғазина, Нұрғаини Садуақасова  бірінші рет қатысып, қазақтардың дәстүрлі бұйымдарын (бөстек-орындыққа арналған жапқыш, алаша - еденге жаятын кілем және тағы басқалар) паш етті.

Жас кәсіби шеберлер Раушан Смағұлованың (Өскемен қаласы) және Маржан Орынбаеваның (Семей қаласы) шығармашылық жұмыстары туралы айтпай кету мүмкін емес.  Олардың туындылары - кілемше кестелеу техникасындағы тамаша гобелендер және ұлттық сарындағы тоқымашылық аса көркем шеберлікпен және ептілікпен орындалған.

 

Тірліктегі махаббат пен қуаныш. 2010

2010 жылғы 5 қарашада М.Горький көшесі, 59 мекенжайындағы мұражай-қорық ғимаратында Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, суретші Александр Иванович Коробковтың «Тірліктегі махаббат пен қуаныш» атты көрмесі ашылды.

 

Харламовтар отбасының фарфор әлемі. 2008

2008 жылғы 18 қыркүйек – 2009 жылғы 25 қаңтар (Қ.Қайсенов көшесі, 67)

Ресейдің, Германияның, Қытайдың, Чехословакияның, Венгрия мен басқа елдердің ХІХ – ХХ ғасырлардағы 317 фарфор бұйымдары ұсынылған.

Коллекцияның негізін қалаған әрі иесі  – Нина Евгеньевна Харламова. Ол фарфорды 35 жыл бойы жинаған: шетелдерге барған сапарларынан әкелген, аукциондарға қатысып жүрген, коллекциясының бір бөлігі – достары мен туыстарының берген сыйлықтары.

 

Қуаныш сыйлау өнері. 2025

Қуаныш сыйлау өнері

2025 жылдың 18 наурызы күні ШҚО музей-қорығының Қайсенов көшесі, 67 мекенжайындағы көрме залында Наурыз мейрамы аясында зергерлік бұйымдар мен тас өңдеу ісінің шеберлері Б. Дәлентаев (Өскемен қ.) пен О. Бекқалыйдың (ШҚО Самар ауданы) көрмесі ашылды. Вернисажға зергерлердің әріптестері мен шәкірттері және туыстары қатысып, өздерінің жылы лебіздерін білдірді.

Белгілі шеберлер – Қазақстан қолөнершілер одағының мүшелері, бірнеше рет облыстық және республикалық фестивальдердің, байқаулардың қатысушылары мен жеңімпаздары атанды. Шеберлердің үздік бұйымдары Астана, Алматы және Семей қалаларының көрмелерін безендірді.

Кәсіби тас өңдеуші-зергер Байболат Дәлентаев Астана қаласында өткен ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде Шығыс Қазақстанды таныстырған үздік шеберлер тізіміне енді. 2019 жылы «Шебер» республикалық байқауының финалисі, 2021, 2024 жылдары «Шығыс кәдесыйы» облыстық байқауының жеңімпазы болды.

Жас, келешегі зор шебер әрі зергер Оралбек Бекқалый көркем еңбек мұғалімі, ол облыстық көрмелерге, қолөнер шығармашылығы фестиваль-байқауларына белсенді қатысып, жүлделі орындарды иеленген. Осылайша, «Шығыс кәдесыйы» облыстық байқауында «Жас шебер» номинациясында (2018 ж.) «Дәстүрлілік» номинациясында (2023 ж.) жеңімпаз атанды.

Келушілерді зергерлер жасаған әйелдердің әсем әшекейлері: моншақтар, алқалар, мойынтұмарлар, сақиналар, сондай-ақ, ерлер жүзігі мен білезіктер қызықтырады.  Мұның бәрі тастан және металдан, яғни күміс пен мельхиордан жасалған.

 


Страница 7 из 7

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Статистика

Пользователи : 830
Статьи : 3019

Счётчики

 Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>



«Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы» КМҚК-ның даму ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ...


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …