Музей-қорықтың көрме залында «Шығыс Қазақстан татарларының мәдениеті» атты кітаптың тұсаукесері болып өтті. Кітап авторы – музейдің ШҚО халқы мен аз санды этнотоптардың этнографиясы бөлімінің меңгерушісі Бақыт Құмарова. Кітапқа татар халқының материалдық және рухани мәдениеті арқау болған. Оған негізінен облыстық музей-қорықтың қор коллекциясынан алынған материалдар енген. Автор сондай-ақ, өз туындысында облыс аудандарына барған сапарларында алған деректерді де лайықты пайдалана алған.