Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы * Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник

  • Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары





Культура ВКО >> Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник

Қош келдіңіздер!


«Жаңажылдық ертегі» іс-шарасы. 2016

лучшие анимации2016 жылғы 21 желтоқсанда ғылыми-ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімінің мамандары Өскемен қаласының кіші жастағы балалары үшін дәстүрлі жаңажылдық таңертеңгілік өткізді. Театрландырылған қойылым Қ. Қайсенов көшесіндегі көрме корпусының залында өтті. Таңертеңгілікке №4 орта мектептің оқушылары қатысты.     

Қар Ханымы Жаңажылдық Түн Сиқыршысынан сиқырлы сағатының минуттық тілін тартып алып, Жаңа Жыл ешқашан басталмасын деп уақытты тоқтатып қойды. Қаршалар Ақшақарға шағымданады, бірақ Ақшақар Жаңажылдық Түн Сиқыршысымен балаларды мұңаймауға және көңілденіп би билеуге шақырады. Сол кезде Аяз Ата көмекке келіп, балаларға жоғалтып алған сағат тілін қайтарып береді. Балалар қуанып, таңертеңгіліктің кейіпкерлерімен ойын ойнап, шыршаны айналып ән салып, би билеп, Аяз Ата мен Ақшақарға тақпақтар оқиды. Таңертеңгілік жаңажылдық құттықтаулар мен сыйлықтар таратумен аяқталады.     

 

Шығысқазақстандық шебер қөлөнершілердің республикалық конкурсында жүлдегер атанды. 2016

Астанада өткен конкурста Өскемен мен Семей қалаларынан барған қолөнершілер өз жұмыстарын тек аталым бойынша ғана емес, мерекелік жәрмеңкеде де көпшілікке ұсына алды.

Шығысқазақстандық шеберлерді республикалық «Шебер-2016» байқауына апаруды музей-қорықтың СҚӨ бөлімінің аға ғылыми қызметкері және ШҚО ҚРО-ның үйлестірушісі Райса Мұхамеджанова ұйымдастырды.

 

«Менің үйім, менің жерім, Қазақстаным менің!». 2016

К 25-летию НезависимостиФото Алексея Мазницына2016 жылғы 10 желтоқсан.Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында  Өскемен қаласындағы № 17, 23, 36 мектептер үшін музей-қорықта Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған «25 жұлдызды күн» акциясы аясында іс-шаралар ұйымдастырылды. танымдық ойын бағдарламасының барысында орта және төменгі сынып оқушыларына «Астана – болашақ қаласы», «Жер - әрі жас әрі көне» атты бейнефильмдер көрсетілді. Оқушылар арасында ҚР рәміздері бойынша викторина өткізілді, шашу шашылды, «Бір отар қойды қыстауға айдап апар», «Тақия ки», «Көкпар», «Сиқырлы қоржын» тақырыптарында конкурстар ұйымдастырылып, Отан туралы өлеңдер оқылды. Мерекеге қатысушылар соңында «Қара жорға» биін билеп, көңіл көтерді.

 

Жылжымалы көрме СУРЕТ ЖЫЛНАМА. ОРАЛХАН БӨКЕЙ (1943-1993) (музей-қорықтың қор топтамасы негізінде). 2016

К 25-летию НезависимостиКөрме Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «25 жұлдызды күн» атты жалпыреспубликалық акция аясында өткізілді.  Оқушылар лекция барысында танымал жазушы Оралхан Бөкейдің «Желтоқсан желі» атты пьесасымен танысты. Оқушылар назарына шығысқазақстандық суретшілер салған О.Бөкейдің кескіндемелік және графикалық портреттерінің фоторепродукциялары ұсынылған.

 

«Теңге - ұлттық валютаның тарихы». 2015

К 25-летию НезависимостиҚазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлау және «25 жұлдызды күн» атты жалпыреспубликалық акция шеңберінде 2016 жылдың 11 желтоқсанында сағат 11.00-де Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорықта ақпараттық-білім бөлімінің мамандарымен «Теңге - ұлттық валютаның тарихы» атты виртуалды дәріс-экскурсия ұйымдастырылып өткізілді.

 

«Батырлар туралы аңыз». 2016

К 25-летию НезависимостиҚазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлау және «25 жұлдызды күн» атты жалпыреспубликалық акция шеңберінде 2016 жылдың 12 желтоқсанында сағат 09.30-дан бастап 13.00-ге дейін Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорықта ақпараттық-білім бөлімінің мамандарымен «Батырлар туралы аңыз» атты танымдық іс-шара ұйымдастырылып өткізілді.

 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «25 жұлдызды күн» атты жалпы республикалық акция аясында «Мен, сен, ол, олар – біртұтас елміз». 2016

К 25-летию НезависимостиФото Алексея Мазницына2016 жылғы 4 желтоқсанда ғылыми-ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімінің қызметкерлері жетім балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат оқушылары үшін «Мен, сен, ол, олар – біртұтас елміз» атты іс-шара ұйымдастырып өткізді

 

«Ұлт көшбасшысы». 2016

К 25-летию НезависимостиФото Алексея МазницынаҚазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлау және «25 жұлдызды күн» атты жалпыреспубликалық акция шеңберінде 2016 жылдың 5 желтоқсанында сағат 10.00-де және 12.00-де Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорықта ақпараттық-білім бөлімінің мамандарымен «Ұлт көшбасшысы» атты іс-шара ұйымдастырылып өткізілді.

 

«Қазақтың ұлттық кесте өнері». 2016

К 25-летию Независимости30 қараша 2016жылы  №35 мектеп-гимназиясында  этнографиялық мұражай –қорықтың  қазақ бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Талдыбаева Сауле  «Қазақтың ұлттық кесте өнері» тақырыбы бойынша  іс-шара өткізді. Мұражай қорынан жәдігелер алынып, оқушыларға  тақырып бойынша лекция-сабақ өткізілді.

Қазіргі таңда сәндік қолданбалы өнер саласындағы кесте тігу және көркемдеп тігу өнері көкейкесті мәселенің бірі.

 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Сақтар мәдениеті. Қазақстан қорғандары» атты іс-шараның өткізілуі туралы ақпарат. 2016

К 25-летию НезависимостиФото Алексея МазницинаҚазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлау және «25 жұлдызды күн» атты жалпыреспубликалық акция шеңберінде 2016 жылдың 30 қарашасында сағат 15.00-де Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорықта ақпараттық-білім бөлімінің мамандарымен «Сақтар мәдениеті. Қазақстан қорғандары» атты іс-шара ұйымдастырылып өткізілді.

 

«Қазақтың үпттық киімдері». 2016

К 25-летию Независимости29 қараша 2016жылы  №35 мектеп-гимназиясында  этнографиялық мұгадай –қорықтың  қазақ бөлімінің ғылыми қызметкері Кенжина Алиагул «Қазақтың үпттық киімдері» тақырыбы бойынша  іс-шара өткізді. Тақырып бойынша шағын көрме ұйымдастырылып, қазақтың үлттық киімдері туралы  айтып  өтті. Сонымен қатар  салт-дәстурлер туралы,  соның ішінде «тұсау кесер»  ғұрпына тоқталып әңгімелеп, слаидтар көрсетілді.

 

«Қазақ үйдын ішкі кеңістігі және символы» ҚР-ы тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «25 жұлдызды күн» іс-шарасы. 2016

К 25-летию НезависимостиВнутреннее пространство и символика казахской юрты

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне орай мемлекеттік мерекесі қарсаңында  мұражайдың «Шығыс Қазақстан қазақтарының этнографиялық мұрасы» атты экспозициялық көрме-залында №39 қалалық мектептің 7-ші сынып оқушыларына «Қазақ үйдын ішкі кеңістігі және символы»  тақырыбында мұражайлық іс-шара ұйымдастырылып өткізілді.

 


Страница 36 из 49

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Статистика

Пользователи : 830
Статьи : 3024

Счётчики

 Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>



«Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы» КМҚК-ның даму ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ...


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …