|
 Қош келдіңіздер!
|
Музейдің елдер достастығындағы іс-тәжірибесі – музей-қорықтағы халықаралық семинар. 2021
 
2021 жылдың 29 қарашасында ШҚО музей-қорығының ақпараттық-ағарту бөлімінің қызметкерлері Қазақстанның 2021 жылғы мәдени астанасы – Көкшетау қаласына арналған «Музейдің елдер достастығындағы іс-тәжірибесі» атты халықаралық онлайн семинар өткізді.
Музейлік семинардың мақсаты республикалық, облыстық музейлердің ғылыми, көрме-экспозициялық және ағартушылық салалардағы жұмыс тәжірибесін таныстыру әрі зерделеу болды. Іс-шараның модераторы – ақпараттық-ағарту бөлімінің меңгерушісі Шынар Кәрібаева. Семинарға Қазақстанның, Ресей мен Эстонияның әртүрлі қалаларындағы музейлердің қызметкерлері қатысты.
Богатырлар мен батырлар еліне саяхат. 2021
  
2021 жылдың 22 қарашасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында ақпараттық-білім беру бөлімінің мамандарымен (Ш.М. Карибаева, А. А. Асыл, О. М. Байгунусова) "Богатырлар мен батырлар еліне саяхат"атты танымдық іс-шара өткізілді.
«Александр III. Патша және коллекционер» виртуалды экскурсиясы. 2021
 
2021 жылғы 19 қарашада «Орыс музейі: виртуалды филиал» халықаралық жобасын жүзеге асыру шеңберінде ақпараттық-ағарту бөлімінің меңгерушісі Ш. Кәрібаева мен маман О.М. Байғонысова Өскемен қаласындағы № 26 орта мектептің 7 сынып оқушыларына «ІІІ Александр. Патша және коллекционер» атты көрме бойынша виртуалды экскурсия өткізді. Оған ұзынсаны 36 адам қатысты.
«Н.Ә. Назарбаев – дәуір адамы» виртуалды экскурсиясы. 2021
 
2021 жылдың 18 қарашасы күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу аясында Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының базасында ақпараттық-білім беру бөлімінің мамандары (Ш.М. Кәрібаева, А. А. Асыл, О.М. Байғонысова) «Н.Ә. Назарбаев – дәуір адамы» атты виртуалды экскурсиялар өткізді.
«Алтын күзге саяхат» виртуалды экскурсиясы. 2021
  
2021 жылғы 4 қарашада мұражай-қорықтың ақпараттық-білім беру бөлімінің қызметкерлері № 13 орта мектеп оқушыларына "Алтын күзге саяхат" виртуалды экскурсиясын өткізді. Келушілер мемлекеттік Орыс мұражайының (Михайловский сарайы) 3D турымен танысты, бағдарлама мұражай залдарында виртуалды серуендеуге, күз бейнесін салған суретшілердің жұмыстарын егжей-тегжейлі қарастыруға мүмкіндік береді. Іс-шара викториналармен, ойындармен, конкурстармен сүйемелденді.
«ІІІ Александр. Император және коллекционер» виртуалды экскурсиясы. 2021
 2021 жылдың 29 қазанында, 3-4 қарашасында мұражай-қорықтың ақпараттық білім бөлімінің меңгерушісі Ш.М. Кәрібаева мен бөлім маманы А.А. Асыл «Орыс музейі: виртуалды филиал» халықаралық жобасын жүзеге асыру аясында Глубокое ауданының Алтайск кентінің орта мектебінің 6 сынып оқушыларына; № 38 орта мектептің 11 сынып оқушыларына, Абай атындағы ШҚ Гуманитарлық колледж студенттеріне «ІІІ Александр. Император және коллекционер» атты көрме бойынша виртуалды экскурсия өткізді.
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Бір шаңырақ астында» көшпелі көрмесі. 2021
 2021 жылдың 25 қарашасында музей-қорықтың халықтар және аз санды этникалық топтар этнографиясы бөлімінің қызметкерлері Өскемен қаласының № 49 жалпы білім беретін мектебінің оқушыларына Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Бір шаңырақ астында» жылжымалы көрмесін өткізді. Көрмеге музейдің қорынан 100-ден астам жәдігер қойылған. Онда киіз үй интерьерінің фрагменті, қазақ, беларусь, украин және корей халықтарының ұлттық киімдері көрсетілді. Сондай-ақ, армян, әзірбайжан, неміс, үнді этностарының материалдық және рухани мәдениетін бейнелейтін экспонаттар көрсетілген. Дәрістік қызмет те ұйымдастырылды.
Самал саябағының макеті бар! 2021
 
2021 жылдың қазан айының соңында музей-қорықтың бас ғимаратында Өскемендегі «Самал» саябағының көлемді макет-жобасының тұсаукесері өтті.
Ауқымы 1:450 болатын макет саябақ аймағының күрделі рельефінің ерекшелігін, биіктік алмасуын, Ертіс арнасы мен өзен ағысын көрсетеді. Макетте: спорт алаңы, қалалық жағажай, велотрек, иттерді серуендетуге арналған алаң, бұқаралық іс-шараларға арналған алаңдар көрсетілген. Заманауи көркемдік құралдар мен полимерлік материалдарды жоғары дәрежеде жете пайдалана отырып орындалған сәулет макеті спорттық-демалыс кешенін абаттандыру жоспарын анық көрсетеді.
Самал саябағында велотрек ашылды! 2021
 
2021 жылдың 9 қазанында Самал саябағында велотрек салтанатты түрде ашылып, велосипед спортынан жарыс өтті.
Талдықорған қаласынан келген велосипед жарыстарындағы ВМХ бағытының өкілі Евгений Яковлев велотрек жасап және осындай жарыстарды ұйымдастыру мүмкіндігін бергені үшін қала және облыс басшылығына алғысын білдірді. Өскемен қаласының велосипед жарыстары бойынша жаттықтырушысы Андрей Нитяжуктың пікірінше, Самал саябағындағы велотрек – бұл велосипед спортының әуесқойлары үшін түрлі жарыстар өткізудің бірегей мүмкіндігі. Мұндай велотректер Қазақстанда тек Астана мен Алматыда ғана бар деді жаттықтырушы. Ал қыста мұнда сноуборд және велосипед тебуге болады дейді Андрей Васильевич.
Екі ел тел емген Ұлы Алтай! 2021
 30 қыркүйек пен 3 қазан аралығында Барнаул мен Горно-Алтайск қалаларында екі мемлекеттік университет негізінде «Ұлы Алтайдың түркі-моңғол әлемі: тарихи-мәдени мұра және қазіргі заман» атты II Халықаралық алтаистикалық форумы өтті. Ірі халықаралық ғылыми оқиға екі алаңда нақты және онлайн режимде әлемнің 9 елінен – Ресей, Венгрия, Моңғолия, Финляндия, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстаннан 300-ге жуық ғалымды жинады. Шығыс Қазақстан музей-қорығынан форумға директордың экспозициялық көрме жұмысы жөніндегі орынбасары Евгения Рахматулина қатысты.
*
 
14 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрболат Қадырұлы Ахметжанов жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының бір нысаны болып табылатын Солжағалық кешенінде болды.
Музей-қорық директоры Тен Арсен Владимирович Солжағалық кешеннің этнографиялық аймағындағы ашық аспан астында қанат жайған сәулет және тұрмыс музейімен, ботаникалық бақпен, хайуанаттар бағымен, әскери кешенмен, отбасымен демалу аймағымен және «Жібек жолы» экспозициясымен таныстырды.
ШҚО мәдениет басқармасы басшысының м. а. «Самал» саябағына келуі. 2021
 
Бүгін Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының басшысы Нұрболат Қадырұлы Ахметжанов Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығы нысандарының бірі «Самал» саябағында болды.
Музей-қорық директоры Арсен Владимирович Тен осы нысанмен таныстырды. Кездесу барысында «Самал» саябағын одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.
|
|
|
|
Страница 6 из 41 |