Шығыс – Қазақстан облыстық
сәулет-этнографиялық және
табиғи-ландшафтық
мұражай-қорығы

МҰРАЖАЙ-ҚОРЫҚТЫҢ ҚОРЫНДАҒЫ ТІЗІМДЕМЕЛЕР


Тұскиіздер

Кіріспе

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи - ландшафтық мұражай-қорығында 50-ден астам қабырғаға ілінетін тұскиіздер сақталуда, оның 42-сі кестеленген, қазақ халқының салт – дәстүрінен көрініс береді. Негізінен олар ХХ ғасыр мен ХХI ғасырдың басын қамтиды. Шығыс Қазақстан облысы бойынша аймақтық жәдігерлерді жинау қарқынды түрде 1986 жылы басталып 1993 жылға дейін жалғасты. Осы уақыт аралығында әр ауданнан 20-ға жуық тұскиіздер жиналды.

Экспедицияға баруға қаржының жеткіліксіздігінен жәдігерлерді жинау біраз уақытқа тоқтатылды.

2000 жылдан бастап аудандарды аралап экспедиция жасау және жол жүру қайтадан қолға алынып, мұражай қызметкерлеріне шеберлерді тауып, олар туралы деректер мен бұйымдарын жинау мүмкіндігі туды. Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысы бойынша аймақтық жәдігерлерді жинау жұмысы белсенді жүргізілуде.

Бұл тізімдемеге этнографиялық мұражай-қорығының стильдік үлгіде кестеленген кілем-тұскиіздері енгізілді.

Тізімдеме аймақ бойынша белгімен жүйеленген. Енгізілген бөлімдер альфавиттік қатармен көрсетілген. Деректер аудан бойынша белгіленіп, жылымен көрсетілген. Тұрмыстық заттар туралы деректер әкімшіліктің келісімімен жәдігерлікке алынған уақыты бойынша жүргізіледі.

Тұскиіздерді баяндау барысында мына жайттар ескеріледі:

- реттік саны, аты, жасалған уақыты;

- матасы, тоқылу әдісі;

- көлемі;

- шебердің аты-жөні;

- қор құраушысы;

- бұйым туралы аңыз;

- түскен орны және уақыты;

- бұйымның кітапқа енген реттік саны.

Беттің басына© 2010 Шығыс – Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығы