Шығыс – Қазақстан облыстық
сәулет-этнографиялық және
табиғи-ландшафтық
мұражай-қорығы

МҰРАЖАЙ-ҚОРЫҚТЫҢ ҚОРЫНДАҒЫ ТІЗІМДЕМЕЛЕР


Тұскиіздер

Мазмұны

Көптүсті түс қазақ халқының кестесін әсем етіп көрсетеді, әсіресе табиғаттың түрлі-түсті бейнесін өн бойына жинаған тұскиіздеріне тән. Жарқын кестелі өрнектер керемет тапқырлықты, сезім үйлесімін және шебер әйелдердің түстерді сөйлете білу сүйіспеншілігін паш етеді. Кестелі тұскиіздер тоқыма кілемдермен салыстырғанда ою-өрнек әсемдігі жағынан және эстетикалық ұқыптылығы жағынан кем түспейді, ал оларды жасау басқа кілем түрлеріне қарағанда көп еңбектенуді және шеберлікті қажет етеді. Қазіргі уақытта тұскиіздерді кестелеп тоқу кез-келген әйелдің қолынан келе бермейді, ол жылдар бойы қалыптасқан дағды мен шеберлікті қажет етеді.

Салт-дәстүр бойынша қалыңдық кілемді өзі тоқып, күйеу жігіттің үйіне апарған, ол тек үйді әсемдеп қана қоймай, өздерінің бойтұмары саналған. Ұлттық дәстүрді сақтай отырып, шебер әйелдер тұскиіздерді өздерінің жасауы ретінде тоқыған. Бұл тұскиіздер қалыңдықты көз тиюден және дуадан сақтайды деп саналған. Сонымен қатар, үкінің бір шоқ қанатын да тұскиізге қадаған. Кейде темір түйіртпектер, маржан- моншақтар, ақша тіккен.

Тұскиіздің төменгі жағы көмкерілмеген, өйткені ол төсек-орынмен жабылып кетеді. Тұскиіз киіз үйдің тармақты керегесіне әсемдік үшін және жылуды сақтап тұру үшін ілінді.

Кілем түрлі жібек жіптермен әсем кестеленіп, киізге тігілген. Киізбен астарланған кілемдер үйдің жылуын сақтап тұру үшін қолданылды. Киіз кілемдердің жиынтығы Ноин- Ұлы және Пазырық төбелерінен табылды. Атақты кеңес зерттеушісі С.Киселев былай деп жазды: Ноин-Ұлыдан табылған танымал кілемдер жиынтығы инемен тігілген». (А.Х. Марғұлан Қазақ халқының қолданбалы өнері, 1том 1986 жыл).

Кейіннен ХIХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанның Ресейге қосылып үстемдік жүргізген кезінде қазақ даласына фабрикалық арзан маталар – мәуіт, барқыт, мақта әкелініп, қабырғаға ілінетін киіз кілемдер барлық жерде ығыстырылып, оның орнына осы маталардан дайындалған кілем-тұскиіздер шыға бастады.

Шамамен ХIХ ғасырдың аяғында, киізбен астарлау қолданыстан шығып, оның орны қарапайым мақта-матадан жасалған кілемдермен ауысып, олар тұскиіз деген атпен сақталып қалды.

ХҮIII және ХIХ ғасырлардағы қабырғаға ілінетін кілемдер қазір Петербург, Мәскеу, Алматы және Астана мұражайларында сақтаулы.

Тұскиіз – ою-өрнектелген, кестеленген, қабырғаға ілінетін кілем. Кестелеу Шығыстағы ең көне біз кестемен тігу әдісімен орындалады, сондай-ақ, ою-өрнектері тығыз кестеленген тұскиіздер де кездеседі. Дәстүрлі тұскиіздердің көлемі тікбұрышты болып келеді. Халық шеберлері өз бұйымдарын жылдар бойы қалыптасқан ою-өрнектермен әсемдеуді ұнатады.

Тұскиіздің ою-өрнектеріне: өсімдіктердің, геометриялық, зооморфтық және космогониялық сарындардың немесе олардың қосындысы қолданылады. Қазақ ою-өрнегінің өзіндік жүйесін орналастыруда нақты бейнелер мен қоршаған әлемнің құбылысы, сан ұрпақтан жалғасқан шығармашылық ойлардың өзгеруі, кейде сыйқырлық салты белгілерінің қосындысы қолданылды. Кестелі тұскиіздегі ою-өрнектер үлкен, қарапайым, нақты бейнелер мақта-маталы немесе жібек матаға, сондай-ақ барқытқа түсіріледі. Кестелі кілемдердегі басым болатын ою-өрнек сарындары: үлкен бойтұмарлар, әшекейленген гүл алқа, гүлдер, гүлшашақ, ортадағы гүлөрнек, ирек т.б. Тұскиіздегі өсімдікті ою-өрнектердің құрылысы өте күрделі - симметриялы орналасқан әр түсті тармақты жапырақтар мен көптармақты гүлдер. Сабақтар мен жапырақтардың шеті біз кестемен, ал үстіндегі жапырақ бейнелері – кейде тығыз кестелеу әдісімен тігіледі. Сондай-ақ, гүлдер мен бойтұмарлар алтын жіптермен кестеленді. Үстіңгі жағын және жанын тұйықтау өзіндік суретті немесе композицияны құрайды.

Ісмерлер асқан шеберлікпен жеке әшекейлер мен гүлөрнектердің көлемінің ұқсастығын анықтап, олардың ерекше үйлесіміне қол жеткізеді. Зооморфтық сарындағы түрлі вариация мен композиция кеңінен тараған. Мысалы: «мүйіз» - «рог», «қос мүйіз» - «двойные рога», «сынық мүйіз» - сломанные рога», сондай-ақ жануарлар денесінің бір бөлігі бейнеленген.

Халық атауы бойынша әшекей элементтері «қошқар мүйіз» -(бараньи рога), «түйенің ізі»- (верблюжий след), аңның басы-(голова змеи) және т.б. шындық негізін және сақ дәуіріндегі «жыртқыштық стилмен» байланысынан көрініс береді.

Қазақ ою-өрнегіндегі космогониялық сарындар әлемдік кеңістіктің төрт бұрышындағы мәңгілік қозғалысты бейнелейді. (№26)

Біздің эрамыздан екі мың жыл бұрын геометриялық ою-өрнектер қазақтың ою-өрнегіне енді. Геометриялық ою-өрнек сәулет өнерінде де, кілем бұйымдарында, ағаш, тас оймасында, теріге өрнек салуда да кеңінен қолданылады. Бұл – төртбұрыш, ромбтар, тіктөртбұрыштар және т.б.

Ромбтар, ирек, үшбұрыштар, көпқырлы, меандравиялық өрнек, мысалы, шынжыр, балдақ, тор көзді қиып өтетін сызықтар геометриялық сарындағы қазақ ою-өрнегінің негізін құрайды. Қазақ ою-өрнегінде геометриялық өрнектердің көптеген туындысы бар. Оған жататындар – ұшбұрыштан жасалған аралық гүл – фигуралар, олар әдетте кілемнің ортасы мен жиегіне орналастырылады.

Өсімдік сарындары – жапырақтар, пальма тәріздес, үшжапырақ, гүл шашақ, гүлдер. Олардың тоқылуы қазақтың ою-өрнегінде бірліктің, келісушіліктің, жердегі тіршіліктің себепті – тергеудегі алдын-ала келісуі туралы түсінікті ашады. Дәстүрлі және өте кең тараған ою-өрнек сарындарының ішінде жиі кездесетіні үшжапырақ, жүрекше тәрізді жиектелген пальма, одан шығатын күн белгісі, S- бейнелі шиыршық, мүйіз тәрізді шиыршық. Осы сарындардың көмегімен бай ою-өрнекті декор жасалады. Енген сарындардың бәрі бір элементтен – мүйізбейнелі шиыршықтан ұлғаяды. Бұл элемент, орналасу заңдылығы жағынан логорифмдік шиыршыққа жақын, нақты бейнелі даму негізі бар. Контекстік тәуелділікке байланысты ол қошқар мүйізін, өсімдік жапырағын да, су тасқынын да, құстың қанатын да бейнелей алады.

Бұл сарындардың бәрі, мүйізбейнелі, геометриялық, зооморфтық-өсімдікбейнелі ою-өрнектерді басқа кестелі бұйымдарға қарағанда қазақ ісмерлері кестелі тұскиіздерде жиі қолданады.

Кесте (вышивка) – қазақ қол өнеріндегі кең тараған тәсілдің бірі. Жалпы алғанда ұлттық кестелеудің үш түрі бар: біз кесте – тамбуром, баспа – гладью және кешбе – орыстың «канва» кестесіне ұқсас. Кестелеу ағаш төртбұрышты жақтауда немесе кергіште жасалады. Жақтаудағы немесе кергіштегі жіп арқылы кестеленетін бұйым, тігілетін мата созылады. Оның үстіне алдын-ала бормен немесе қарындашпен ою-өрнекті сурет түсіріледі. Кесте құралына ұшы ұшталған біз жатады. Қазақ кестесінің екі түрі бар, олар – «біз кесте» және қол кесте»(бізбен кесте түсіру және қол инемен).

Біз кестенің (бізбен кестелеу) екі түрі бар: шым кесте (тұтас) және әредік кесте (сәулелі).

Біз кестелі ою-өрнекті сурет керілген негіздегі матаға бізбен ілу әдісі арқылы кестеленеді.

«Шым кестені» түсіргенде матаның бос жері қалмай тұтас тығыз кестемен кестеленуі тиіс.

Қолмен кестелеу түрлі ірі ою-өрнектік сарындармен және өрнек салудағы техникалық тәсілдер арқылы ерекшеленеді.

№1 фото. (Ісмер Қадиша Бұлғынова кестелеу тігісін көрсетеді. Катонқарағай ауданына экспедиция 2007 ж.).

Қолмен тігу жұмысында тігіс түсіру әдіс пен үлгінің көптігіне байланысты бірнеше түрге бөлінеді, олардың әрқайсысының өз атауы бар. Мысалы: қабу, айқас, (айқасбейнелі), қусыра (матаның шетін қайыру), тышқан ізі (мышиный след), жөрмеу, шалып тігу (петельный), көктеу, шанша тігу (прокалыванием) және т.б. Бұл тігіс түрлерінің бәрі Монғол және Қытай қазақтарында да кездеседі. Тұскиіздерді дайындау барысында, кереге көз, алақұрт, сағат бау, шытыра, су тарту, ирек түсіру сияқты тәсілдер қолданылады.

Тұскиіздерді кестелеу үшін арнайы тоқыма біз (кестенің бізі немесе ілмек тәрізді біз) бар. Кестелеу құралы ұшталған ілмекті –кесте бізі болып

табылады. Тоқыма бізі қатты үлкен инеден немесе жіңішке темірден дайындалады. Кестелеу төртбұрыш ағашты жақтауда немесе домалақ кергіште дайындалады, ондағы жіптердің көмегі арқылы кестеленетін мата керіледі. Оның үстіне алдын-ала бормен немесе қарындашпен оюлы сурет түсіріледі.

Әдетте, тұскиізде инемен «қиықша» (диагональ), «таңдай» (небо), «қызыл кесте» (красная вышивка) формасы, кестеленіп жапсырма ою-өрнек және «арқар мүйіз» (рог архара), «үкі аяқ» (совиная лапа) кестеленеді.Түрлі жыртқыштар, құстар, гүлдер, өсімдіктер, табиғат түрлері бейнеленеді.

Қазақ ісмерлерінің тұскиіз кестелеуде негізгі қолданатыны барлық Орта Азияға тән қарапайым біз кесте тігісі. Кестелеудің басқа түрлері сирек кездеседі, ал, тығыз-баспа әдісі одан да сирек кездеседі. Соңғысы, алтын жіппен тігу, (бұл барлық Қазақстанға тән), онымен қымбат киімдерді, кейде бағалы тұскиіздердің өрнегінің бір бөлшегін әсемдеген.

Біз кестемен кестелеу көп еңбектенуді, көп уақытты және асқан шеберлікті қажет етеді, әсіресе, қабырға-тұскиіздерін дайындау барысында.

Тұскиіз аясының түрлі-түсті болуы өте маңызды.

Тұскиіздерді көркем әшекейлеуде біркелкі ұлттық стиль сақталған. Ол барлығында байқалады: материалда да, техникада да, ою-өрнекте де, композицияда да, түс түрлерінде де.

Мұражай қорында ХХ ғасырдың басынан бастап әр жылдары дайындалған Самар, Ұлан, Большенарым, Катонқарағай, Марқакөл, Зайсан аудандарының ісмерлерінің тұскиіздері сақтаулы. Фото № 2. (Жарсу ауылының ісмері Ш.Жәкенқанова, өз тұскиізінің жанында). Жергілікті ісмердің тұскиіздеріне шебер колористикалық таңдау, өзгешелілік, қарама-қарсы түстердің үйлесу әшекейлілігі тән. Ою-өрнек сарындарының едәуір анық және ірілігімен, жолақтарының жатықтығымен және көркемділігімен ерекшеленеді. Бұл жинақта ХХ ғасырдың басында кестеленген асқан шеберлікті және қолөнер бұйымдарын паш ететін тұскиіздер бар. Ою-өрнек стилі ғана емес, түс үйлесімділігінің таңдалуы да, сондай-ақ кестеленуінің өзі де асқан қызығушылық туғызуда. Шеберлікпен орындалған: көлемі тік бұрышты П-бейнелі жиектелген ұлттық үлгідегі жұмыстарды (№7,10,11) суреттерден көреміз. Тұскиіз жиегі ірі ою-өрнектермен толтырылады, мынандай тамаша өсімдіктердің, зооморфтық және геометриялық өрнекті мозаикалық суретін құрайды. Ісмерлер көлемді астарға ою-өрнек орналастыруда өте шебер.

Кестелі кілемдермен қатар қазақ ісмерлері басқа да техника түрлерін қолданады. 1923 жылы екі техникалық әдіспен: кестемен және қиық тігіспен дайындалған мозаикалық кілем қызығушылық туғызуда № 20.

Мұражай жинағында 1950 жылдары (№14,18) аппликация техникасымен үйлесімді кестеленіп дайындалған тұскиіздер бар.

Қиық пішілген суреттер түрлі-түсті жіптерден біз кестемен көмкеріліп, жолақты өрнектері құбылып тұрады.

Халық шеберлерінің бұйымға тән байланысы және оның сәнделуі туралы түсініктері таң қалдырады, материалдың жұқалығы мен дайындалу техникасының сапалылығы, асқан шеберлікке жеткізеді.

Біртіндеп, 50 жылдарға таман, ортасындағы тікбұрышты матасы кестеленбеген тұскиіздер пайда бола бастады.

Олар жинақы ою-өрнекті симметриялы композициялы, гүлді-өсімдікті өрнекті құрайды (№ 6, 9, 21). Олардың кейбіреуінің аясы өсімдікті суреттерден анық пішіліп ойылған (№ 9). Енді оларды үйдің қабырғасын сәндеу үшін қолданды.

80 жылдары кілемдерді гүлді-өсімдікті ою-өрнекпен айқастырып тігу техникасы сәнді болды. Оның себебі, фабрикалық жүн кілемдер ұзақтағы тұрғындарға ақшаның тапшылығынан және кілемдердің аздығынан дүкен сөрелерінде кілем аз болуымен байланысты болса керек. Көптеген ісмерлер бұл сәнді кезеңде шабыттанды.

Коллекция құрамынан сюжеті жаңа заманғы сарынмен түсірілген шағын көлемді тұскиіз ерекшеленеді (№ 42). Оларды баланың төсегінің қабырғасын әсемдеу үшін қолданды. Ісмер ұлттық кестеге тән емес, ірі гүлдермен геометриялық ою-өрнекпен елеусіз тұрған күшікті бейнелеуді ойлап тапты. Тұскиіздің төменгі жақ кең жолағы ұлттық дәстүрдегі ою-өрнекпен кестеленген. Кілем түр үйлесімдігімен ғана емес, орындаудағы асқан шеберлік техникасымен де ерекшеленеді. Ісмердің әдемі композиция ойлап табудағы тапқырлығы шектеусіз.

Кейінірек мұражайға экспедиция кезінде (2004 ж) жинақтаған жергілікті шеберлердің, негізінен ісмер - оралмандар құрайтын Семей өңірінен, Шығыс Қазақстан облысына Монғолиядан және Қытайдан 2004 жылы 90- шы жылдардың аяғында келген ісмерлерден тұскиіздер сатып ала бастады. (Монғолиядан – Байғожа Базарқап, Қуанбайқызы Айнагүл, Ахмет Шакер, Арқабайқызы Биғай, Табажанқызы Батықан, Дағыс Бағила, Гүлжан Диналханқызы Камария Қасенова, Аманқанқызы Саят; Қытайдан – Нұрқын Нұрдангүл, Зайноллаева Даулетхан).

Дәстүрлі түрлі-түсті тұскиіздерді жасау тарихи Отанына Монғолиядан оралған осы күнгі ісмерлер арқылы сақталуда. Олар жаңартады, сақтайды және өз ісмерліктерін жас ұрпаққа жалғастырады.

Мұражай коллекциясында монғол қазақтарының кестелі кілем –тұскиіздері жинақталған, олардың орта бөлігінде тікбұрышты қоспасы бар. Кілем және тікбұрышты қоспа тығыз ою-өрнекпен кестеленеді. Көпшілік композициялары төртбұрышты айқасқан және шеңбер формалы өсімдіктер мен гүлді-өсімдікті өрнектерден тұрады. Монғол тұскиіздерінің жергілікті тұскиіздерден ерекшелігі: кілем тығыз кестелі мүйізбейнелі ою-өрнекпен толтырылған, сондай-ақ, элементтерінің әр түрлілігі: бір мүйізді, қошқар мүйіз, қос мүйізді, шұбартпа мүйіз (витиеватый рог) және т.б.

Монғолияның кей жерлерінде ою-өрнектердің төртбұрыштар, ромбтар, «балдақ», «балға бас» (№ 5, 8, 25, 33, 36, 37) түрі де қолданылады.

Тұскиіз кестелеудің негізгі сарыны өсімдікті кестемен толтырылған – шеңбер, (күн бейнесі, жылылық пен өмірді білдіреді, құдай тәңірі, ежелден көшпенділердің қадірлейтіні) (№ 16, 17 , 23, 26, 27, 40, 32). Тұскиіз тек кілем түрінде ғана қолданыста емес, сондай-ақ отбасында қасиетті, өзіндік бойтұмар ретінде де қызмет атқарады. Ол ерекше шеберлікпен әсемделеді, оны қорғайды, онымен мақтанады, ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырады.

Оралмандардың тоқыған кілемдері асқан шеберлікпен сәнделгендігімен және орындалу техникасымен де ерекшеленеді. Күрделі бұйраланған, айрықша стилді өсімдіктердің және зооморфтық ою-өрнектер бірігіп ортасында шеңбер немесе ромбтар түрінде белгілі бір жүйе бойынша орналасып жұқа тор көзді, шілтерлі болып тұтас кілемнің бетін жабады. (илл.№ 27. № 28, № 32). Шетіндегі өрнек элементтері, тұскиізді үш жағынан көмкеріп, ортасындағы өрнекті қайталайды; бәрі қосылып, бір көріністі береді. Кілемдер түрлі өрнектерімен, мерекелік, мажорлы бейнесімен таң қалдырады.

2004 жылы Үржар ауылына жасаған экспедиция кезінде ісмер Гүлжан Диналханқызы өзінің кестені қалай тігетіні туралы ой бөліскен еді: «Еңкейген қалпында матаны екі тізенің ортасына қысып ұстап отыру керек, кестелі жіп сол қолдың сұқ саусағына оралады, екінші жағы матаның теріс жағында жатады. Ілмек бізбен матаның үстіңгі жағынан сызылған өрнектің бойымен түйреп алып өрнекті жіпті тартып үстіне шығарады. Матаның үстіңгі жағында жіп қалады, ілмек бізбен тағы да матаның үстіндегі сызылған өрнек бойымен жіпті түйреп алып алдыңғы жіптен өткізеді; бірінші жіпті тарту арқылы екінші жіпті қалдырады. Осы әдіс кестелеуде қайталанып отырады. Фото № 3 (Ісмер Гүлжан Диналханқызы отбасымен бірге өзінің тіккен бұйымдарының жанында. Семей өңіріне жасалған экспедиция 2004 ж.).

Жас кестеші Сәулегүл Оразхан өз шеберлігімен таң қалдыруда, ол кестелеудің түрін таңдап, түстерді орналастыра біледі және біз кесте тігісін қолданады. (№ 16).

Халықтың сәндік өнері жергілікті халықтардың тумалас оралмандары, сондай-ақ Қытайдан, Монғолиядан келген ісмерлермен толықты.

Қазіргі кезде қытай қазақтарында «дүнген басы» атауы қолданылады., Қытайға кірген дүнғандар кей жерінде біз кестені, кей жерінде тығыз кесте техникасын қолданады. ( К.Н.Раймханова, А.А.Мекебаева. Қазақ халқының кәсібі мен қолөнері, 29 бет. Алматы, 2003 ж.) Бұл коллекцияда аралас техникамен тігілген, көз тартарлық ерекше тұскиіз бар (15). Негізгі бөлігі – іші ұсақ өсімдікті өрнекпен толтырылған, ірі гүлөрнекті біз кесте тігісімен кестеленген. Жиектің шеті – стилді геометриялық өрнекпен айқас тігіспен кестеленген. Ортасында, қызыл матадан қойылған тікбұрышында дәстүрлі емес сюжет: гүлдеп тұрған бұтақта отырған екі құс және ұшып жүрген көбелектер тығыз кестелеу әдісімен өсімдікті өрнектер (гүлдер,

жапырақтар, бұтақтар) қолданады. Бір-біріне қарама-қарсы екі ұқсас құстың бұтақтың шетінде отырғаны бейнеленген.

Қытайдағы қазақ ісмерлерінен көркем Қытай халқының ісмерлеріне тән жан-жануарлар мен құстар бейнеленген, гүлді өрнектермен көмкерілген тұскиіздер жиі кездеседі.

Кез-келген халық өз ата-бабаларынан ең бай мәдени өмірінен үлгі алып, халық тұрмысындағы ұлттық дәстүрдің негізін сақтап, оған өзінің көркемдік шеберлігін қосады. Жоғарыда суреттелген кестелі тұскиіздер ұлттық дәстүрді сақтаған, ою-өрнектің бай әлемін құрайды.

Сан ғасырлар бойғы тәжірибенің негізінде талантты қазақ ісмерлері өз өнерлерін жетілдіріп, сақтап, өз шеберліктері мен білгендерін ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып келеді. Ертеден жалғасқан тәжірибенің негізінде қазақ халқы өнерінің ұлттық ерекшеліктері қалыптасып, халықтың эстетикалық сезіміне және үйдің әсемдік бұйымдары қажеттілігін қанағаттандырады.

Мұражайдың жинаған тұскиіздерінің коллекциясы біздің өлкеміздегі шеберлердің көркемдік және техникалық өзіндік шеберліктерін оқып білуге, олардың әдемілік пен сезім үйлесімдігі Шығыс Қазақстанның мәдениеті мен тарихын оқып-үйренудегі қайнар көзі болып табылады.

Беттің басына© 2010 Шығыс – Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығы