Тұскиіздер
Тұскиіздер
1. Тұскиіз, 2004 ж.
Барқыт, люрексті жібек жіп, біз кестемен және машинамен кестелеу.
297 х 150
Көлемі тікбұрыш, астары қоңыр қызыл барқыттан жасалған. Әшекейге машиналы кестелеу әдісін қолданған. Орталық бөлігі ромб тәрізді ою-өрнекті композициялы сегізжапырақты гүлдермен сәнделген, олардың ортасынан «жапырақ» (трилистник) және «гүл» (цветок) (түстері: сары, ақ, көк, қызыл күрең, жасыл) өрнектері шығып тұрады. Ортасындағы өрнек композициясы үш жапырақты алтын түстес сабақтарымен жиегіне енгізілген. Ромб тәріздес ою-өрнекті композициялы ұшбұрышты фрагментті негізгі сәндік сурет төрт жағынан кестеленген. Ортасы жалпақ жиегінен ақ түсті матамен жиектелген «қос қанат» оюымен бөлінген. Шеті «гүл» (цветок), «үш жапырақты» (трилистник) гүлді оюымен қызыл күрең, көгілдір, ақ, сары және жасыл түсті жіптермен тігілген.
ГП Фабрика «Тұскиіз»
Алматы қаласы. Мамыр, 2004 ж.
ТК 37-26231.
2. Тұскиіз, 2004 ж.
Барқыт, люрексті жібек жіп, біз кестемен және машинамен кестелеу.
192 х 154
Тікбұрышты, астары жасыл барқыттан жасалған. Ортасы қызғылт және жасыл ромбтармен сәнделген. Астарындағы жасыл барқыт төрт бұрышынан күрделі өсімдікті-зооморфтық ою-өрнегі қызыл жіппен тігілген. Өрнектің іші өсімдік тәрізді жасыл түсті ою-өрнекпен кестеленген. Жиегі үш қатарлы ою-өрнекпен әсемделген. Қызыл жіппен «бес гүлді» ою кестеленген. Екінші қатар сары түсті үшбұрыш бейнесінде орналасқан зооморфтық-өсімдікті өрнектерден тұрады. Жасыл түспен кестеленген ою-өрнек симметриялы орналасқан. Дәл ортасында - ақ түсті төрт өрнек, «құс қанаты», «үш гүл» бейнеленген. Төрт бұрышында – жасыл түсті өсімдікті ою-өрнек. Үш-үштен екі қатарға қызыл күрең түсті өрнек орналастырылған. Ішкі бөлігінде өрнек ішінде өрнек орналасқан. Сары өрнек «бес жапырақ» және «төрт құлақ» қызыл түсті. Жиегі үшбұрышты өрнекпен, астыңғы және үстіңгі жағы ақпен, жаны қызыл күрең төртбұрышты өрнекпен толтырылған. Жіптерге люрекс қосылған.
ГП Фабрика «Тұскиіз»
Алматы қаласы. Қазан, 2004 ж.
ТК 38-26313
3. Тұскиіз, ХХ ғ. I жарт.
Барқыт, жібек, мулине жіп, бізбен кестелеу және машина тігісі.
283 х 139,5
Көлемі тікбұрышты, астары қара барқыт. Орталық бөлігі түрлі- түсті (қызыл, күлгін, сары, жасыл, қоңыр, қызғылт) гүлөрнекпен сәнделген. Гүлөрнек гүлді өрнекпен толтырылған. Кілемнің ортасында – тікбұрышты түрлі-түсті жібек мата, ортасының үстіңгі жақ бөлігі қара түсті барқыттан ұшбұрышты өсу ретімен оюланған. П – бейнелі жиегі өсімдікті – гүлді өрнекпен сәнделген. Тұскиіз ірі маталардың қиқымын қалпына келтіру арқылы жасалған.
ҚР тұңғыш Президенті мұражайға сыйға берген.
Астана қаласы, 2007 ж.
ТК 48-29339
4. Тұскиіз, 1945 ж.
Манат, мулине жіп, біз кестемен кестеленген.
200 х 126
Тікбұрышты, астары қара түсті манат. Орталық бөлігі 4 жағынан ирек жиекпен көмкеріліп, сары түсті жіппен өсімдікті-гүлді ою-орнекпен толтырылады. Ортасында гүлді оюмен тығыз толтырылған шеңбер гүлөрнек. Орталық гүлөрнек 5 түрлі гүлөрнекпен көмкерілген: 1- тығыз ирек, 2- жұқа дөңгеленген гүлжапырақ, 3- тығыз ромбтәріздес өрнек, сары түсті кішкене тараққа ұқсас, 4- жіңішке толқын тәрізді күлгін түсті ірі гүлдер, 5- шиыршықты көмкерілген гүлдер.
ҚР тұңғыш Президенті мұражайға сыйға берген.
Астана қаласы, 2007 ж.
ТК 48- 29340
Аягөз ауданы
5. Тұскиіз, ХХ ғ. 90-шы жылдары
Мақта матасы, құлпы, мулине жіп, біз кесте және машина тігісі.
210 х 115
Сағынай Бақты, 1945 жылы туған. Руы төртуыл- найман.
Көлемі тікбұрыш, астары қара түсті мақталы мата. Орталық бөлігі тығыз ромбтармен әшекейленіп, әр түсті (сары, қызыл, күлгін түсті, көгілдір, тоқ сары, ақ, қоңыр қызыл, қызғылт) өрнектермен толтырылған, дәл ортасында төртжапырақты гүл. Жиегі ұзына бойына екі жолақты «бітпес» оюымен көмкерілген. Жолақтардың түйіскен жері «үш жапырақ» өрнегімен сары түсті жіппен кестеленген. П-бейнелі жіңішке жиегі қызыл құлпыға жасыл және сары жіптермен қайып тігілген. Шеті сары түсті матадан. Кілемге қызыл түсті 10 бау тағылған, оның екеуі – жанында.
Байғожа Базарқан 1973 жылы туған, МХР-да туып-өскен.
1992 жылы келген. Тұскиізді анасы тіккен.
Аягөз ауданы, Үшбиік ауылы, 2004 ж.
ТК 37-26232
Большенарым ауданы
6. Тұскиіз, кестелі көрпе, 1950 ж.
Барқыт, саржа, мулине жіп, біз кесте және машина тігісі.
178 х 79
Сағитова Жаңылыстан 1920 жылы туған, Большенарым ауданы, Жұлдыз ауылында туып-өскен.
Тікбұрышты, астары қара барқыт. Кілемде – түрлі жіптерден (көк, көгілдір, қызыл, қызғылт, сары, күлгін, қоңыр, сұр) өсімдіктік өрнек кестеленген: «гүл ою», 6-8 «жапырақ» (6-8 гүлжапырақты өрнек). Кілемнің үстіңгі жақ бөлігінің, жиегіне– 7 дөңгелекті гүлөрнек және төменгі жағына – 8 гүлөрнек тігілген. Үстіңгі оң жақ бұрышында кестелі көрпенің орындалған күні: «1950 жыл, 16. 1У». Кестелі көрпе көгілдір түсті матамен көмкерілген.
Сағитова Жаңылыстан 1920 жылы туған.
Алғашында тұскиізді енесінің жолымен аппликация техникасымен жасаған, кейіннен ісмер оны кестелі көрпе түрінде қайта жасады.
Большенарым ауданы, Жұлдыз ауылы, 1992 ж.
ТК 18-20729
Жарма ауданы
7. Тұскиіз, 1918 ж.
Барқыт, мақталы мата, жүн жіптер, шілтерлі, біз кесте және машина тігісі.
272 х 142
Тостақова Тақыш Елубайқызы, 1899 жылы туған, Семей облысында туып-өскен.
Көлемі тікбұрышты, астары қара түсті матадан.
Кілем қызыл матамен жиектеліп, оған шілтермен тігілген. Қара барқытқа – екі жолақты ою түсірілген, тар жолаққа, толқын тәрізді және өсімдікті ою, ал кең жолаққа – стильдік ағаштан ирек-ирек жапырақты дің бес үлкен алтыжапырақты гүлмен көмкерілген. Оң және сол жағы, төменгі жағы симметриялы алты жапырақты гүлмен, үзік жолағы жапырақтармен көмкерілген. Үстіңгі жолақ сары және ақ түсті. Үстіңгі сол жақ бөлігінің өрнегі қызыл, сары және ақ түсті. Ұқсас өрнек – төменгі оң жақ бөлігінде. Сары-сазды барқытты кілемнің ортасы үлкен қызғылт күрең шілтермен өрнектелген.
Төменірек – жіңішке қызғылт шілтер, шілтермен тігілген үзік жолақты ұшбұрыштарды бейнелейді. Ұшбұрыштардың ішіне және бұрыштарына шашақ тігілген. Ұшбұрыштардың бұрыштарында ақ түсті 5 ілгек бар. П-бейнелі жіңішке жиегі сары – салат түстес барқыттан. Тұскиіздің теріс жағына жіңішке жолақты киіз салып тігілген. Сол жағы шағын көлемді матамен тігіліп, оған өсімдікті ою бейнеленген. Өрнектерінен сары түсті металл бейнесі көрінеді. Ал оң жағындағы матада ондай фрагмент жоқ.
Құрманғалиева Оразғайша Қаипразинқызы 1941 жылы туған, Семей облысы, Жарма ауданы, Жарма бекетінде туып-өскен. 1991 ж.
БТК 28-11131
8. Тұскиіз, 1973 жыл.
Мақталы мата, пүліш, мулине жіп, біз кесте және машина тігісі.
199 х 134
Тікбұрышты , астары қара түсті матадан. Кілемнің ортасында – екі ірі ромбтар, зооморфтық- өсімдікті өрнек көк түспен «мүйіз» (рога) және «гүл» (цветы) кестеленген. Барлық жері ірі сегізжапырақты гүлдермен және ұқсас оюлармен тығыз кестеленген. П- бейнелі жиегі жалпақ қызыл түсті пүліштен, сары жіппен қайып тігілген және екі жағынан сары матамен екі жолақ көмкерілген. Жиегі екі қабатты, «бітпес» оюымен кестеленіп көмкерілген. Жиегінің іші гүлді-өсімдікті түрлі-түсті (қызыл, сары, көк, көгілдір, тоқ сары, қызыл күрең) өрнекпен тығыз кестеленген. Оң жақ үстіңгі бөлігінде күні кестеленген «1983. 9\ХП»
Қуанбайқызы Әйнагүл, 1971 жылы туған, МХР, Баян-Өлгий ауданында туып-өскен.
Тұскиізді туыстары тігіп, оған жасау ретінде берген.
Жарма ауданы, Аршалы ауылы, 2004 ж.
ТК 37-26233
Зайсан ауданы және Зайсан қаласы
9. Тұскиіз, ХХ ғ. 30-шы жылдары
Мақталы мата, мулине жіп, біз кесте және машина тігісі.
190 х 142
Күленова Нұрғайша, 1913 жылы туған, Зайсан қаласында туып-өскен.
Тікбұрышты, астары екі бөліктен тұратын, ұзын сұр түсті мақталы мата. Орталық бөлігі өсімдіктік-гүлді өрнекті «гүл ою» және «жапырақ оюлы» екі жиектен тұрады. Жиектің арасындағы суреттер үш түрлі қайталанатын элементтен : 1) көк түсті- 8см, ; 2) екі қызыл гүлі бар жасыл шоқ гүл; 3) көк түсті- екі өрнекті шеңбер, дм.-3-см. Екінші жиектің сурет композициясы барлығы үш элементтен тұрады, бірінші және екіншісі бірдей: қызыл гүлді жасыл шоқгүлден, үшіншісі- орталық элемент-шеңберлі гүлді өрнек дм. -35см (Түрі: көк, ақ, қоңыр, сары, жасыл).
Күленов Бақыт – ӨЭТ студенті, Өскемен қаласының тұрғыны мұражайға сыйға берген.
Тұскиіз оған әжесінен мұраға қалған, оны ХХ ғасырдың 30-шы жылдары тіккен.
Өскемен қаласы, 1983 ж.
ТК 3-13682.
10. Тұскиіз, ХХ ғ. 30-шы жж. басы.
Саржа, барқыт, мақталы мата, жібек жіп, біз кестемен кестелеу, аппликация, «орайпек» тігісі.
92 х 80
Ыдырышова Мариям 1915 жылы туған, Қарабұлақ ауылы, Зайсан ауданында туып-өскен. Руы - керей.
Тікбұрышты, астары қара түсті саржа матасы. Кілемнің орталық бөлігі аппликация техникасымен ірі зооморфтық үздіксіз «тармақты мүйіз» оюымен орындалған, оюдың іші «орайпек» тігісімен тігілген. Төменгі орталық бөлігі – дәстүрлі тікбұрышты жиегі жалпақ жолақты қызыл күрең матамен көмкерілген. Жиегінде біз кесте тігісімен өсімдікті өрнек (бұтақша, үш жапырақ, гүл жапырақ) сары матамен тығыз кестеленген. П- бейнелі жиегі қоңыр қызыл барқыттан. Жиектің ішкі бөлігі мақталы матадан ақ жолақ салынып тігілген. Кілемнің төменгі бөлігі екі жағынан қиылған қызыл матамен тігілген.
Ыдырышова Мариям 1915 жылы туған.
Тұскиізді 15 жасында өзі тіккен.
Зайсан ауданы, Қарабұлақ ауылы, 1988 ж.
ТК 10-18367.
11. Тұскиіз, ХХ ғ. 1940 ж.
Пүліш, барқыт, жібек жіп, біз кестемен кестелеу, «орайпек» және машина тігісі.
198 х 116.
Жакенқанова Шәкен 1929 жылы туған, Зайсан ауданы, Жарсу ауылында туып-өскен, руы тұзақшы.
Тікбұрышты, астары қара түсті саржа матасы. Орталық тұсы екі жиектен тұрады: 1-ші жиегі жіңішке, өсімдікті-гүлді өрнекпен, 2-шісі- жалпақ ірі гүлдермен және жапырақты бұтақшамен тығыз кестеленген. Өрнектің шеті «орайпек» тігісімен кестеленген. П-бейнелі жиегі қызыл түсті пүліш матадан тігілген. Кілемнің орта тұсы – дәстүрлі төртбұрышты қызыл пүліштен «бітпес» өрнекті жолағымен көмкерілген.
Жакенқанова Шәкен, 1929 жылы туған.
Тұскиізді 1940 жылы өзіне жасау ретінде дайындаған. Зайсан ауданы, Жарсу ауылы, 1983 ж.
ТК 10-18376
12. Тұскиіз, ХХ ғ. 90-шы жылдары
Манат, мулине жіп, пайетка, люрекс, тоқыма бау, біз кесте және машина тігісі.
280 х 157
Нүркен Рахметолла
Тікбұрышты, астары қара түсті манат матасы. Орталық бөлігі үш жиекке бөлінген: 1-шісі ұсақ гүлді-өсімдікті суреттермен кестеленген, 2-шісі ірі гүлді-өсімдіктермен, ортасында екі алмасы бар, 3-шісі өсімдікті өрнекпен әшекейленген. Кілемнің композициясы дәстүрлі: П- бейнелі жалпақ жиекті, қоңыр қызыл матаға төртжапырақты гүлдермен кестеленген. Жиегі ақ тоқыма баумен көмкерілген. Дәл ортасында дәстүрлі тікбұрышында – екі үлкен құс симметриялы орналасқан. Олардың арасында – үлкен гүл мен ұшқан көбелектер. Құстың айналасы – гүлді-өсімдікті сурет. Кілемнің ортасында – араб графикасымен жазылған жазу бар (ісмердің қолтаңбасы).
Гүлниса Өнқай, Өскемен қаласының тұрғыны
Зайсан ауданы, Айнабұлақ ауылы, 2007 ж.
ТК 44-28062
13. Тұскиіз, 2006 ж.
Мақталы мата, барқыт, мулине жіп, біз кесте және машина тігісі.
361 х 194
Сайра Маулхан.
Көлемі тікбұрышты, астары қара барқыт. Орталық бөлігі қызыл түсті матадан, үш тікбұрышты жиектен тұрады. Жиегіне гүлдердің және зооморфтық өрнектер түсірілген. Ішкі жиегі ақ түсті «бітпес» өрнегімен; орталық жиегі- қызғылт түсті толқын тәрізді сызықпен; үлкен жиегі- сары-қоңыр түсті мүйіз тәрізді өрнекпен әшекейленген. Ішкі жиектің ортасында – айналасына 10 үшбұрыштар бейнеленген үш ромбтар. Ромбыға күлгін және қызғылт түсті зооморфтық ою түсірілген. Екі үшбұрышқа – қызғылт түсті екі көгілдір гүлді зооморфтық ою түсірілген. Сегіз үшбұрыш жасыл жапырақты және қос сыңарлы сарғыш гүл жапырақтармен әшекейленген. Үшбұрыштар мен ромбтар сары-қоңыр түсті зооморфтық оюмен тұйықталған. Ішкі және орталық жиектің қосындысы ақпен айнала жиектелген және ортасында гүлі бар 22 гүлөрнекпен әшекейленген. Гүлдер екі түрлі: а) қызғылт-қызыл күрең жасыл жапырақты бұтақшаларымен, жанында – сарғыш және қызғылт түсті гүлдер; б) қызыл өзекті бес бұрышты, көгілдір және ақшыл көк түсті гүлдермен сәнделген. Домалақ гүлөрнектің арасы – жасыл түсті зооморфтық оюмен әшекейленген.
Айқын Әуенбек, Зайсан қаласының тұрғыны.
ШҚО, Зайсан қаласы, 2006 ж.
ТК 45-28330
Катонқарағай ауданы
14. Тұскиіз, 1960 ж.
Жібек, құлпы сәтен, мулине жіп, аппликация, «орайпек» тігісі және машина тігісі.
200 х 159
Балтабаева Бибі Мұсақызы, 1918 жылы туған, Катонқарағай ауданы, Үшбұлақ ауылында туып-өскен, орта жүз, руы сарымбет.
Көлемі тікбұрышты, астары қара жібек мата. Кілемге тұтастай ірі зооморфтық «тармақты мүйіз» оюы қызғылт және қызыл матадан түсірілген. Ою аппликация техникасымен орындалған. Оюдың шеті «орайпек» тігісімен түрлі-түсті ( күлгін түсті, сары, жасыл, көгілдір, ақ, қөңыр, тоқ сары) жіптермен жиектелген. Кілемнің ортасына тоқ сары құлпыдан жіңішке жолақ тігілген, ол тұскиізді төрт бөлікке бөліп тұрады. П-бейнелі жиегі тоқ сары түсті құлпыдан. Кілемде дәстүрлі тікбұрышты ортасы жоқ. Кілемнің арты қара түсті драп матамен тігілген.
Балтабаева Бибі Мұсақызы.
1960 жылы өзі жасаған. Үйінде төсектің жанында ілулі тұрған.
Катонқарағай ауданы, 1980 ж.
БТК 25-8921
15. Тұскиіз, 1964 ж.
Мақта матасы, құлпы, мулине жіп, біз кесте, айқас, тығыз кесте және машина тігісі.
238 х 154
Сахариева Надежда, Катонқарағай ауданы, Катон ауылында туып-өскен.
Тікбұрышты, астары қара түсті мақта матасы. Орталық бөлігінде бес ірі гүлөрнек дәстүрлі ою «қошқар мүйіз» стилінде, олардың арасында - кішкене бесжапырақты гүлөрнек. Жиегі қызыл түсті мол құлпыға геометриялық үлгідегі ою гүлөрнек түрлі (ақ, ақшыл көк, жасыл, тоқ сары, көк, көгілдір) мулине жібімен кестеленген. Шеті жіңішке ақ матамен жолақталып көмкерілген. Ортасында – дәстүрлі тікбұрышты қара матаға бұтақта отырған екі құс кестеленген. Олардың үстінде ұшып жүрген көбелектер. Кілемнің сол жағында тігілген уақыты «1964 ж».
Надежда Сахариева.
Тұскиізді өзіне тіккен.
Катонқарағай ауданы, Ұрыл ауылы, 1987 ж.
ТК 9-17847
Көкпекті ауданы
16. Тұскиіз, ХХ ғ 90-шы жылдары.
Ши барқыт, пүліш, тоқыма бау, жібек жіп, біз кесте және машина тігісі.
223 х 133.
Оразхан Сәулегүл 1978 жылы туған, МХР-да туып-өскен. Баян-Өлгий ауданы.
Көлемі тікбұрышты, астары қара түсті ши барқыттан. Орталық бөлігінде бес ірі гүлөрнек тығыз кестеленген. Гүлөрнек зооморфтық оюмен толтырылған. Гүлөрнектің айналасы «бітпес» сызықты өрнегімен сары және ақ түсті жіптермен орындалған. Кілемнің төрт бұрышындағы гүлөрнек «тармақты мүйіз» оюымен үшбұрыш бейнесінде (жасыл түстен) жиектелген. Жиегі қызыл пүліштен үзікті сары жіптермен төртжапырақ бейнесінде, ал шеті сары тоқыма баумен тігілген. Жиегі гүлөрнектің айналасына ұқсас «бітпес» сызықты өрнегімен кестеленген.
Оразхан Сәулегүл 1978 жылы туған.
Тұскиізді 1990 жылы өзіне дайындаған.
Көкпекті ауданы, Подгорное ауылы, 1991 ж.
ТК 23-22472
17. Тұскиіз, 1995 ж.
Мақта матасы, тоқыма бау, жүн жіптер, біз кесте және машина тігісі.
210 х 160
Ахмет Шакер 1959 жылы туған, МХР-да туып-өскен, руы - керей.
Көлемі тікбұрышты, астары қара түсті, тығыз мақталы мата. Орталық бөлігінде 15 ірі гүлөрнек тығыз кестеленген, әрбір гүлөрнектің ортасында «сегіз жұлдыз» өрнегі бар. Гүлөрнек «сыңар мүйіз» оюынан алынған. Әрбір гүлөрнектің арасы күрделі «тармақты мүйіз» оюымен қоса «құс тұмсық» оюымен кестеленген. Кілемнің орталық бөлігі ақ және сары тоқыма баумен қайып тігіліп, жиектелген. Жиектің ортасы ірі «қошқар мүйіз» және «сегіз жұлдыз» өрнегімен кестеленген. Кілем түрлі- түсті (ақ, қызыл, қызғылт, көгілдір, жасыл, сары) жіптермен кестеленген. Үлкен жиегі қызыл түсті. Шеті зооморфтық және ірі сегізгүлжапырақты өрнекпен алмастырылып толтырылған. Жиектің екі жақ шетіне қызғылт мақталы матадан жолақ тігілген.
Ахмет Шакер 1959 жылы туған.
Тұскиізді 1995 жылы өзіне дайындаған.
Көкпекті ауданы, Белое ауылы, 1992 жыл.
ТК 24-22964.
Марқакөл ауданы
18. Тұскиіз, 1956 ж.
Мақта матасы, гобелен жібегі, синтетикалық тоқыма бау, мулине жіп, аппликация, «орайпек» және машина тігісі.
195 х 135
Аманова Қамашқан, 1938 жылы туған, Марқакөл ауданы, Горное ауылында туып-өскен. Руы- қалқаман.
Көлемі тікбұрышты, астары қара мақталы мата. П-бейнелі орталық бөлігі аппликация техникасымен ірі «мүйіз ою» оюымен орындалған, ал оюдың шеті «орайпек» тігісімен түрлі (көк, жасыл, көгілдір, сары, қоңыр қызыл) жіптермен тігілген. Үлкен жиегі қызғылт матадан; жиектің ішкі бөлігі жіңішке жолақты синтетикалық ала матадан тігілген. Төменгі орталық бөлігі дәстүрлі тікбұрышты түрлі-түсті гобелен матасынан тігілген.
Аманова Қамашқан, 1938 жылы туған.
Тұскиізді 1956 жылы өзіне арнап тіккен. Марқакөл ауданы, Горное ауылы, 1990 жыл.
ТК 15-19885
19. Тұскиіз, ХХ ғ. 80-ші жылдары.
Ши барқыт, жібек, тоқыма бау, мулине жіп, айқас кесте және машина тігісі.
218 х 152
Бүрлен Сұрағанқызы, 1946 жылы туған, МХР-да туып-өскен.
Көлемі тікбұрышты, астары қара түсті ши барқыт. Орталық бөлігі - жалпақ ирекпен жиектелген, оның ішіне сегізжапырақты гүл бұтақшасымен және үшжапырақ кестеленген. Қызыл күрең гүлдер мен көгілдір гүлдер кезектесіп келеді. Үстіңгі және төменгі қатардағы көгілдір гүлдердің бүршіктері төмен қарап орналасқан. Ортасына қызғылт сары түсті үш ірі сегізжапырақты гүл кестеленген, ортасындағы жасыл жапырақтармен жиектелген. Жапырақтарға ақ түсті люрекстен тамырша кестеленген. Орталық бөлігіндегі бұрыштарына қызғылт сары түсті және ақ-қызғылт түсті төртбұрыштарға қызғылт сары және көгілдір түсті ромбтар түсірілген. Қалған жері ромбтармен, екі қабатты шілтермен , геометриялық үлгідегі күрделі гүлді жапырақтармен кестеленген. Шеті қызыл түсті жібекке төртжапырақты гүлдер сары түсті жіптермен қайып тігілген. Жиектің шеті ақ түсті тоқыма баумен тігілген.
Тоқтыбай Күнтүған, руы керей.
1992 жылы МХР қоныс аударған.
Тұскиізді 80-ші жылдары оның әйелі 1946 жылы туған Бүрлен Сұрағанқызы кестелеген. Ол бала кезінен қол өнермен айналысқан.
Марқакөл ауданы, Шілікті ауылы. 1990 жыл.
ТК 37-26224
Самар ауданы
20. Тұскиіз, 1923 жыл.
Барқыт, сәтен, жүн жіп, біз кесте, аппликация, «орайпек» тігісі, қиқымдардан тігілген.
246 х 129
Мағрипа Наурызқызы.
Көлемі тікбұрышты, астары қара-көк түсті барқыттан. Орталық бөлігі аппликация техникасымен стилді зооморфтық оюмен орындалған. Оюдың шеті «орайпек» тігісімен бекітілген. Әрбір өрнек ұсақ ілмектермен аяқталады. Өрнектің екі жақ шетіне ұсақ өсімдікті ою түсірілген. П-бейнелі жиегі қызыл түсті матадан үш қатар машина тігісімен тігілген. Дәстүрлі тікбұрышы түрлі- түсті ұсақ қиқымдардан тігілген. Кілемнің төменгі бөлігі екі жағынан қиқымдарға ұқсас матадан тігілген.
Бөкенбаева Биғазы, 1913 жылы туған.
Тұскиізді анасы Мағрипа Наурызқызы 1923 жылы қызына жасау ретінде дайындаған.
Самар ауданы, Бастаушы ауылы, 1989 жыл.
ТКнв-2-1701
21. Тұскиіз, ХХ ғ. 50-ші жылдары.
Мақталы мата, жібек жіп, біз кесте және машина тігісі.
210 х 125
Ибраимова Дина, 1907 жылы туған.
Көлемі тікбұрышты, астары қара түсті мақталы мата. Кілемнің ортасында – алуан түрлі шиыршықтармен кестеленген ірі гүлөрнек. Гүлөрнектің ортасы дөңгелек, ортасында ақ жіптен гүл кестеленген. Гүлөрнектің айналасына 8 ұқсас гүлдер орналасқан (4 ақ және 4 сары). Үлкен гүлөрнектің екі жағынан - екі-екіден орташа гүлөрнек, олардың арасына - өсімдікті өрнек орналасқан. Орталық бөлігі сұр түсті жіптен шиыршықталып жиектелген, ал жиегінде – шиыршықты жасыл түсті өрнек. Негізі қара түсті мақта мата, ою-өрнекпен тығыз кестеленген. Жиегі екі қабатты: 1-шісі – жалпақ қызыл мата, 2-шісі- жіңішке қара матадан.
Г.К.Оқасова Самар аулының тұрғыны.
Тұскиізді оған 1907 жылы әжесі Ибраимова Дина сыйға берген.
Самар ауданы, Самар ауылы. 1989 жыл.
ТК 11-18575
Ұлан ауданы
22. Тұскиіз, 1960 жыл.
Мақта, пүліш, мулине жіп, біз кестемен кестелеу және машина тігісі.
198 х 116
Биғай Арқабайқызы, 1930 жылы туған, руы керей, МХР-да туып-өскен.
Көлемі тікбұрышты, астары қара түсті мақталы мата. Ортасында – тығыз 10 гүлөрнек кестеленген. Гүлөрнек ортасында жұлдыз бейнеленген зооморфтық оюмен толтырылған. Гүлөрнектің ішінде – толқын тәрізді «су» оюы бейнеленген. Гүлөрнектердің арасында – «тармақты мүйіз» ою-өрнегінің бір түрі және өсімдікті оюы – қызылмен көмкерілген төртжапырақты гүл және кішкене ілмек бар. Ортасы жиегін екі сызықты «бітпес» өрнегімен көмкеріп тұр. Жиегі зооморфтық «түйе табаны» оюы мен ұсақ сегізжапырақты гүлдермен кезектестіріліп толтырылған. Тікбұрышты матаның ортасы – ұқсас ою-өрнек. П-бейнелі жиегі қызыл түсті матадан машина тігісімен сары және қара жіптермен қайып тігілген. Шеті зооморфтық ою-өрнек пен ромбтәріздес 8 гүлжапырақпен алмасып келеді.
Биғай Арқабайқызы, 1930 жылы туған.
Тұскиізді 1960 жылы ұлына дайындаған. Қазақстанға 1991 жылы МХР-нан көшіп келген.
Ұлан ауданы, Точка ауылы. 1992 жыл.
ТК 18-20680
23. Тұскиіз, 1963 жыл.
Мақталы мата, пүліш, мулине жіп, біз кесте және машина тігісі
237 х 116
Биғай Арқабайқызы, 1930 жылы туған, МХР-да туып-өскен.
Көлемі тікбұрышты, астары қара мақталы мата. Кілемнің үстіңгі бөлігі үлкен 5 гүлөрнекпен тығыз кестеленген. Әрбір гүлөрнектің ортасында - төртжапырақты гүл мен ортасында сегізжапырақты гүл. Кілемнің төменгі бөлігінің – екі жағында бір-бірден және жарты гүлөрнектен. Гүлөрнектер зооморфтық және өсімдікті ою-өрнектермен үйлестіріле толтырылған. Ою-өрнектің шетінде - қызыл түсті матада қызыл түстен ширатылған кішкене ілмектері бар. Бөлінген дәстүрлі тікбұрышта – екі гүлөрнек, ішінде төртұшты жұлдыз, зооморфтық оюмен толтырылған, және оның айналасында ұқсас өрнектер. Орталық бөлігі жиегін жіңішке шиыршықты сызықтармен қоршап тұр. Шеті зооморфтық «қошқар мүйіз» оюымен толтырылған. П-бейнелі, жалпақ жиегі қызыл түсті пүліштен төртжапырақты гүл бейнесінде машина тігісімен қайып тігілген.
Биғай Арқабайқызы, 1930 жылы туған.
Тұскиізді 1963 жылы үйіне тіккен. Қазақстанға Монғолиядан 1991 жылы келді.
Ұлан ауданы, Точка ауылы. 1992 жыл.
ТК 18-20682
24. Тұскиіз, 1963 жыл.
Мақталы мата, барқыт, мулине жіп, біз кесте және машина тігісі.
2,00 х 128
Бәтқан Табажанқызы 1920 жылы туған, МХР, Байтолған аймағы, Бұлғын ауылында туып-өскен. Руы- керей.
Көлемі тікбұрышты, астары қара түсті мақталы мата. Орталық бөлігі жиегін гүлді және өсімдікті өрнектермен көмкеріп тұр. Кілем тұтастай зооморфтық оюмен түрлі-түсті жіптермен ( тоқ сары, көк, көгілдір, қызыл, қызғылт, жасыл, ақ) тығыз толтырылған. Олардың арасында – ірі гүлөрнек «ирек су» өрнегімен көмкерілген. Үстіңгі бөлігінде – 6 гүлөрнек, төменгі және астыңғы жағында екі гүлөрнектен. Дәстүрлі тікбұрыштың ортасында – екі гүлөрнек, зооморфтық оюмен толтырылған, ортасында сегізжапырақты гүл, үшжапырақты фигурамен көмкерілген. Өсімдікті ою-өрнек: екі гүлөрнек және сегізжапырақты гүл. П-бейнелі жиегі жалпақ қызыл түсті пүліштен. Жиегінің шеті екі жағынан ақ тоқыма баумен тігілген. Шеті зооморфтық және гүлді оюмен толтырылған. Үстіңгі гүлөрнектердің арасына күні мен аты «1993 ж. Тіккен Батқан» жазуы кестеленген.
Батқан Табажанқызы 1920 жылы туған.
Тұскиізді 1963 жылы өзі дайындаған. Қазақстанға 1991 жылы МХР келген.
Ұлан ауданы, Точка ауылы.1991 ж.
ТК 18-20412
25. Тұскиіз, 1972 жыл.
МАқталы мата, пүліш, мулине жіп, үкінің мамығы, біз кесте және машина тігісі.
212 х 132
Батқан Табажанқызы, 1920 жылы туған, МХР-да туып-өскен. Руы -керей, оның ішінде - ителі.
Көлемі тікбұрышты, астары қара түсті мақталы мата. Ортасында торлы өрнек құрылған, оған үшжапырақты гүлдер 4 рет қайталанып келген. Бұтақтар бір-біріне қосылған және ішінде ірі төртжапырақты гүл бейнеленген. Әрбір 4-ші гүлде қазақтың ыдысы – торсықтың бейнесі біз кестемен өру тәсілі негізінде кестеленген. Орталық бөлігі тіс тәрізді сәнделген ақ матамен жиектеліп көмкерілген. П-бейнелі жалпақ жиегі қызыл түсті пүліштен, екі жақ шетіне ақ матамен жолақша тігілген. Жиектің үстіңгі жағындағы тоқыма баулардың арасындағы оң жақ бұрышына жақын бір шоқ үкінің мамығы тігілген. Ортасы түймелермен сәнделген (35 дана), үш-үш данадан үшбұрыш тәрізді бір-бірінің ара қашықтығы бірдей орналасқан. Төменгі оң жақ бұрышында қызыл жіппен кілемнің дайындалған күні көрсетілген «1972 ж.».
Бәтіқан Табажанқызы 1920 жылы туған, МХР-да туып-өскен. Руы -керей, оның ішінде -ителі.
Тұскиізді 1972 жылы тіккен.
Ұлан ауданы, Точка ауылы. 1991 ж.
ТК 18-20413
26. Тұскиіз, 1978 ж.
Мақталы мата, пүліш, жібек, сәтен, түрлі - түсті жіптер, біз кесте және машина тігісі.
250 х 130
Қасенова Камария 1949 жылы туған, МХР-да туып-өскен. Керей тайпасы, ителі руы.
Көлемі тікбұрышты, астары қара түсті жібек. Ортасындағы суретін ірі гүлөрнектер құрайды: көлденеңінен 6 дана, тігінен 3 дана. Гүлөрнектің іші – қызыл және қызыл күрең түсті өсімдіктік ою қызыл және көк түспен жиектелген. Гүлөрнектің ортасында – космогоникалық белгі, түрлі-түсті (жасыл, қызыл, ақ, сары) жіптермен орындалған. Ірі гүлөрнектердің арасы - өсімдікті өрнек қисық ромб түрінде, ортасында – төртжапырақ. Кілемнің барлық жағы өсімдіктік өрнекпен қисық үшбұрыш тәрізді әшекейленген. П-бейнелі жалпақ жиегі қызыл пүліштен сары жіптермен төртжапырақты гүл бейнесінде қайып тігілген. Жиектің шетіне ақ мақталы матадан екі жолақ тігілген. Шеті тармақты мүйіз оюымен толтырылған, ортасында ромбтар бейнелі, ішінде төртжапырақты үш ашалы гүл бейнеленген. Өрнек төртжапырақты ірі гүлдермен кезектесіп келеді.Үстіңгі гүлөрнектердің оң жақ бұрышында: жылы «1976» (қызыл жіптермен), төменгі бөлігіндегі екінші гүлөрнектің астында – аты «Манат» кестеленген. Оң жақ төменгі бұрышында жиектің бойында – жылы, күні және айы: «1976-3-6» сары жіппен кестеленген.
Қасенова Камария, 1949 жылы туған.
Тұскиізді 1978 жылы Монғолияда дайындаған. Қазақстанға 1991 жылы келген.
Ұлан ауданы, Точка ауылы, 1991 жыл
27. Тұскиіз, 1978 жыл.
Мақталы мата, құлпы, түрлі жіптер, мақталы жіп, біз кестемен кестелеу және машина тігісі.
228 х 132.
Батіқан Табажанқызы, МХР-да туып-өскен.
Көлемі тікбұрышты, астары қара түсті мақталы мата. Орталық бөлігі сыртынан «ирек сумен» қоршалған ірі гүлөрнектермен әшекейленген. Гүлөрнектер «бадан гүл» гүлді оюымен толтырылған (алтыжапырақты бадан гүл), олардың арасында қызыл түсті қошқар мүйіз оюы сарымен жиектелген. Гүлөрнектердің арасы - өсімдікті «тармақты мүйіз» оюы. Жиегі жалпақ құлпыға, сары жіптен машина тігіспен гүлді өрнек бейнесінде тігілген. Жиектің шеті екі жағынан тігілген, ақ маталы кішкене тісті жолақпен әшекейленген. П-бейнелі жиегі өсімдіктік оюмен толтырылған. Жиегіне жазу жазылған: «Күлімхананаң айіме, 1978 жыл, 11ай».
Батіқан Табажанқызы.
Монғолиядан 1991 жылы келген. Тұскиізді 1978 жылы ұлына сыйға дайындаған.
Ұлан ауданы, Точка ауылы, 1991 жыл.
ТК 18-20424
28. Тұскиіз, 1983 жыл.
Мақталы мата, ши барқыт, жібек, түрлі мулине жіп, айқас кесте және машина тігісі.
220 х 128
Саят Аманқанқызы, 1957 жылы туған, МХР-да туып-өскен.
Көлемі тікбұрышты, астары қара түсті ши барқыт. Орталық бөлігі көгілдір түсті геометриялық «шынжыр» оюымен қоршалып кестеленген. Кілем тұтастай геометриялық суреттен түрлі-түсті (қызыл, сары, қызыл күрең, көгілдір, көк, тоқ сары) жіптерден ромбтар және үшбұрыштар бейнесінде тығыз кестеленген. П-бейнелі жиегі қызыл түсті құлпыға сары жіптермен төртжапырақты гүл бейнесінде қайып тігілген. Жиектің шетіне екі жағынан ақ матадан жолақ тігілген.
Аманқанқызы Саят, 1957 жылы туған.
Тұскиізді 1983 жылы өзі дайындаған.
Ұлан ауданы, Екатериновка ауылы. 1991 жыл.
ТК 18-20692
29. Тұскиіз, 1991 жыл.
Мақталы мата, жібек тоқыма бау, түрлі-түсті мулине жіп, біз кестемен кестелеу және машина тігісі.
235 х 23
Арқабайқызы Биғай, 1963 жылы туған, МХР-да туып-өскен, руы -керей.
Көлемі тікбұрышты, астары қара түсті, мақталы мата. Орталық бөлігі 10 ірі гүлөрнекпен тығыз кестеленген. 6 гүлөрнек – жоғарғы бөлігінен, екеуі- жанынан «қошқар мүйіз» оюымен толтырылған және екі сызығы қайып тігіліп көмкерілген. П-бейнелі жиегі жалпақ қызыл түсті мақталы матаға, ақ жіпті машина тігісімен төртжапырақты гүл бейнесінде тігілген. Шеті ірі ұшбұрышты зооморфтық өрнектермен толтырылған. Дәл ортасында дәстүрлі тік бұрышқа қызғылт матадан ұқсас суретті екі гүлөрнек жіңішке ақ тоқыма баумен көмкерілген.
Биғай Арқабайқызы, 1963 жылы туған.
Тұскиізді 1991 жылы өзі дайындаған.
Ұлан ауданы, Екатериновка ауылы. 1991 жыл.
ТК 18 – 20421
30. Тұскиіз, 2004 жыл.
Барқыт, ватин, түрлі мулине жіп, біз кесте және машина тігісі.
220 х 169
Нұрқын Нұрдагүл, ҚХР-да туып-өскен.
Көлемі тікбұрышты, астары қара түсті барқыттан. Кілем тұтастай түрлі-түсті (қызғылт, қызыл, тоқ сары, көгілдір, ашық-жасыл, қызғылт сары және қара-жасыл) жіптермен «қос мүйіз» (соединенные рога) оюымен тығыз кестеленген. Кілемнің ортасында дәстүрлі тікбұрышында үйлес ою және шеті жиектелген. П-бейнелі жалпақ жиегі қызыл қоңыр түсті матадан. Жіңішке жиегі «сыңар мүйіз» ( парные рога) оюымен толтырылған. Ромбтардың бірінде (сол жақ) қызғылт сары жіппен күні «2004-3-1» кестеленген.
Нұрқын Нұрдангүл.
Ұлан ауданының Бақасу ауылы. 2004 ж.
ТК 45-28233
Үржар ауданы
31. Тұскиіз, 1980 жыл
Саржа, түрлі-түсті мақталы жіп, біз кесте және машина тігісі.
83 х 54
Дағыс Бағила, 1959 жылы туған, МХР-ның Баян-Өлгий ауылында туып-өскен.
Көлемі тікбұрышты, астары қара түсті мақталы мата. Кілемнің ортасында екі қатарға сегіз ромбтан «қос мүйіз» (соединенные рога) оюы кестеленген. Өрнектің ортасына гүл кестеленген. Тұскиіз екі бөліктен тігілген, зооморфтық және өсімдіктік «қошқар мүйіз» бен төртжапырақты суреттер кезектесіп түрлі-түсті (қызыл, сары, көк, ақ, күлгін, жасыл, көгілдір, қызғылт) гүлдермен тығыз кестеленген. Жиегі қызыл түсті пүліштен. Шеті зооморфтық оюмен толтырылған.
Дағыс Бағила, 1959 жылы туған.
Тұскиізді Монғолияда 1980 жылы өзіне дайындаған.
Үржар ауданы, Бестерек ауылы. 2004 жыл
НВ 6-5508
32. Мақталы мата, пүліш, құлпы, түрлі-түсті жіптер, біз кесте және машина тігісі.
233 х 138
Ұмбет Қали, МХР-да туып-өскен.
Көлемі тікбұрышты, астары қара түсті мақталы мата. Орталық бөлігі ірі гүлөрнекпен (8дана) және жарты гүлөрнекпен (2дана) әшекейленген. Гүлөрнектер зооморфтық «тармақты мүйіз» оюымен кестеленген. Ортадағы гүлөрнек – сары және жасыл түсті сегізжапырақты гүл және төрт тамшы тәрізді жапырақ. Гүлдерді айналдыра «қошқар мүйіз» өрнегі қоршап тұр. Гүлөрнектердің арасында «тармақты мүйіз» оюы. Өрнектердің арасы зооморфтық ою-өрнекпен толтырылған. Ортасындағы тікбұрышта – үш гүлөрнек. Гүлөрнек пішіні екі қатарлы түрлі-түсті шеңбермен жиектелген. Олардың арасында - ақ бұйра жолақша. Гүлдердің шеті мен жапырақшалар қызыл түсті жіппен кестеленген. Төңірегі – қызыл түсті зооморфтық ою. Орталық бөлігінің екі жерінен көк түстен екі қатар «түйе табан»(стопа верблюда) оюы түсірілген. Ішкі бөлігінің оюы сол жағынан ирек тәрізді тігіспен тігілген және оюлардың арасына сары түстен сегізше кестеленген. П-тәрізді жалпақ жиегі қызыл түсті пүліштен. Жиектің шеті екі жағынан ақ тоқыма баумен көмкерілген. Шеті зооморфтық және өсімдіктік өрнекпен толтырылған. Сол жақ бөлігінің орталық шетіне аты: «Назгүл» кестеленген. Төменгі бөлігіне қызыл қоңыр және қызыл түсті құлпыдан жолақша тігілген.
Сахоба Жанболат.
Тұскиіз 1980 жылы оның анасы Ұмбет Қалиға дайындалған. ХХ ғасырдың 90-шы жылдары тарихи Отанына оралған.
Үржар ауданының Көкөзек ауылы. 2002 жыл.
ТК 27-23706.
33. Тұскиіз, 1984 ж.
Құлпы, пүліш, мақталы мата, түрлі жіптер, біз кесте және машина тігісі.
231 х 119
Ұмбет Қали, МХР-да туып-өскен.
Көлемі тікбұрышты, астары қара түсті мақталы мата. Орталық бөлігі зооморфтық «қошқар мүйіз» оюымен және түрлі-түсті (қызғылт, қызыл, сары, көк, көгілдір, жасыл, қызғылт сары, қоңыр, қоңыр қызыл) өсімдікті суретпен тығыз кестеленген. Суреттер ірі ромбтар тәрізді пішіндер бейнесінде, ортадағы төртжапырақты гүл ортасынан жіңішке жолақты кестемен бөлінген. Ромбтар бұрышында – төртжапырақты гүлдер. П-тәрізді жалпақ жиегі қызыл түсті пүліштен, машина тігісімен төртжапырақты гүлөрнек бейнесінде қайып тігілген. Жиектің шеті ішкі жағынан ақ тоқыма баумен тігілген. Толқын тәрізді жиегінде зооморфтық өрнек сегізжапырақты гүлдермен кезектесіп келеді. Кілемнің үстіңгі бөлігінде 17 түйме тігілген.
Дағыс Бағила, 1959 жылы туған.
МХР Баян-Өлгий аймағынан келген. Тұскиізді 1984 жылы Монғолияда өзі тіккен.
Үржар ауданы, Бестерек ауылы. 2004 жыл.
ТК 37-26240
34. Тұскиіз, 1985 жыл.
Мақталы мата, ши барқыт, жүн жіптер, біз кесте және машина тігісі.
36 х 139.
Гүлжан Диналханқызы, 1969 жылы туған, МХР-да туып-өскен.
Көлемі тікбұрышты, астары қара түсті ши барқыт. Орталық бөлігі ірі гүлөрнекпен (15 дана) тығыз кестеленген. Гүлөрнектер «бітпес» ақ, сары, қызыл күрең, қызыл, көкшіл, қоңыр, көгілдір) (бесконечный) оюымен жиектелген және өсімдіктік оюмен өрнектелген. Гүлөрнектердің ортасында – сегізжапырақты түрлі-түсті (ақ, сары, қызыл күрең, қызыл, көкшіл, қоңыр, көгілдір) гүлдер. Шеті жалпақ матамен жиектеліп, зооморфтық «қошқар мүйіз» (бараний рог) оюы мен сегізжапырақ гүлі кезектесіп келген. Түрі: сары және ақ матамен жиектелген. Гүлдердің айналасына «қошқар мүйіз» оюы тармақтарымен орналасқан, өрнектің түрі қызыл шеті жасылмен жиектелген. Гүлөрнектердің арасына симметриялы ортасында жасыл жапырақтары бар ромбтәрізді қызғылт түсті өрнек орналасқан. П-тәрізді жалпақ жиегі қызыл түсті мақталы матадан. Шетінде екі-екіден ақ және күлгін түсті жіптерден жолақ түсірілген. Жиектің шетіне ішкі жағынан ақ тоқыма бау тігілген. Үстіңгі жақ бөлігіне ілмектердің үстінен жасыл және қызыл тастары бар металл түймелер тігілген.
Гүлжан Диналханқызы, 1969 жылы туған.
Тұскиізді 1985 жылы Монғолияда өз үйіне дайындаған.
Үржар ауданының Үржар ауылы. 2004 ж.
ТК 37-26270
35. Тұскиіз, 1985 ж.
Мақталы мата, құлпы-альпак, түрлі мулине жіп, біз кесте және машина тігісі.
83 х 54
Дағыс Бағила, 1959 жылы туған, МХР-да туып-өскен.
Көлемі тікбұрышты, астары қара түсті мақталы мата. Орталық бөлігінде ірі гүлөрнек: үшеуі – тігінен және алтауы- көлденеңінен. Гүлөрнектер бірдей екі баумен көмкерілген және зооморфтық оюмен кестеленген. Дәл ортасында – ақ түсті сегізжапырақты гүл қызғылт жіптермен көмкерілген. Ортадағы сегізжапырақты гүлдердің арасы – «қошқар мүйіз» оюымен тігілген. Кілемнің орталық бөлігі шетінен екі сызықпен бөлінген, екі ортасына: « Тіккен Гүлнәр» деген жазу жазылған. Шетінде – қызыл түсті үш жүрекше жасыл жіппен көмкерілген. Жүректе – сары және көк түсті «қошқар мүйіз» өрнегі.
П-тәрізді жалпақ жиегі құлпыдан жасыл жіптермен көмкерілген ромбыға ұқсас. Шеті зооморфтық өрнекпен толтырылған. Гүлөрнекте (1-ші қатар, сол жақтағы 3-ші) «Ғалия, Ғалия» деген жазу бар. Тұскиіздің төменгі сол жағы кесілген.
Дағыс Бағила, 1959 жылы туған.
МХР Баян-Өлгий ауданынан келген. Тұскиізді 1985 жылы Монғолияда тіккен.
Үржар ауданы, Бестерек ауылы. 2004 ж.
ТК 37-26241
36. Тұскиіз, 1987 ж.
Мақта матасы, жібек, құлпы, тоқыма бау, біз кесте және машина тігісі.
225 х 126
Үмбет Қали, МХР-да туып-өскен.
Көлемі тікбұрышты, астары қара түсті мақта матасы. Орталық бөлігі шетінен «бітпес» (бесконечный) өрнегімен көмкерілген. Шеті «арқар мүйіз» зооморфтық өрнегімен тігілген. Ортасы стильді гүлөрнектерден тұрады,
Гүлөрнектің ортасында – «қос мүйіз» оюы, гүлөрнектің іші ирек тәрізді сызықтармен тығыз тігілген. Арасындағы бос жері ақ түсті 4 сегізжапырақты гүлмен және «бітпес» өрнегімен тігілген. Гүлдердің шеті қызыл жіппен, ішкі жағы ақ, қызғылт түсті жіптермен көмкерілген. П-бейнелі жиегі қызыл түсті құлпы, жасыл жіптермен көмкерілген. Төменгі жақ бөлігіне көгілдір астарға қызыл күрең құлпыдан жолақ және көк түсті тоқыма бау тігілген. Жоғарғы жағына ақ түсті үш-үш түймеден, ұшбұрыш тәрізді тігілген.
Сахаба Жанболат.
Тұскиіз МХР-да туып-өскен оның анасына 1987-ші жылы тігілген
ХХ ғасырдың 90-шы жылдары келген.
Үржар ауданы, Көкөзек ауылы. 2002 ж.
ТК 27-23707
37. Тұскиіз, 1992 ж.
Мақта матасы, құлпы, мулине жіп, біз кесте және машина тігісі.
226 х 134
Досғана Гүлдариға, 1961 жылы туған, МХР-ның Баян-Өлгий ауылында туып-өскен.
Көлемі тікбұрышты, астары мақта матасы. Орталық бөлігі ромбтармен әшекейленіп, екі жағы қызғылт-ақшылкөк «қаз мойын» (гусинная шейка) және «мүйіз» (рог) өрнегімен тығыз кестеленген. Ішкі жағындағы ромбтар сары түсті ұқсас оюлармен тігілген. Ромбтардың ішінде сегізжапырақты гүл және «қаз табан» өрнегі бар. Жиегінде «қаз табанға» ұқсас ою. Шеті «ирек» өрнегімен көмкерілген. Шеті жалпақ ашық-қызғылт түсті құлпыдан. Жиектің ішкі жағы жіңішке ақ баумен тігілген. Кілемнің төменгі жағындағы қара бөлігіне «1992 жылы 1айда тіктім. Гүлдариғадан Майраға арнаймын 4-1» деген жазу кестеленген.
Досғана Гүлдариға, 1961 жылы туған.
МХР 1991 жылы келген. Тұскиізді 1992 жылы қызы Майраға арнап тіккен.
Үржар ауданының Көкөзек ауылы, 2004 ж.
ТК 37-263235.
38. Тұскиіз, 1992 ж.
Мақта матасы, пүліш, мулине жіп, біз кесте және машина тігісі.
210 х 130
Әбдіқайсақызы, 1969 жылы туған, МХР-да туып-өскен.
Көлемі тікбұрышты, астары қара түсті құлпыдан. Орталық бөлігі 18 ірі гүлөрнекпен әшекейленген. Гүлөрнектер бір үлгідегі «қошқар мүйіз» оюымен тігілген. Гүлөрнектердің арасы зооморфты-өсімдікті ою. Шеті «қаз табан» оюымен қоршалып кестеленген. Олардың арасында төртжапырақты гүл. Шеті зооморфтық оюмен тігілген және «ирек» (зикзаг) оюымен көмкерілген. П-тәрізді жиегі қызыл пүліштен сары жіптермен қайып тігілген. Жиектің шеті ішкі жағынан мақта маталы жіңішке ақ жолақпен тігілген. Тұскиіздің төменгі жағына қызыл түсті мақта матасы тігілген.
Риза Әбдіқайсақызы, 1969 жылы туған.
МХР-нан 1992 жылы келген. Тұскиізді 1992 жылы балаларына тіккен.
Үржар ауданы, Көкөзек ауылы. 2004 ж.
ТК 37-26236.
39. Тұскиіз, 1995 ж. Мақталы мата, жібек, мулине жіп, біз кесте және машина тігісі.
209 х 132
Бейылбай Жамал, 1940 жылы туған, Баян-Өлгий аймағы, Нугунур ауылында туып-өскен. Руы керей-шеруші.
Көлемі тікбұрышты, астары қара түсті мақталы мата. Ортасы жіңішке жасыл сызықты ромбтар мен үшбұрыштарға бөлінген. Ромбтардың ішкі жағы – ірі гүлөрнекті гүлдер, ал үшбұрыштарда – жарытгүлөрнектер. Ромбтардың үшбұрышында – төрт жапырақты гүл толық оюды бейнелейді. Ромбтар өсімдіктік-зооморфтық өрнекпен толтырылған. Төменгі жағына қоңыр түсті ши барқытқа астарланып, ірі геометриялық өрнектермен тығыз кестеленген шашақ тігілген. Кілем әр түрлі (көк, қызыл, көгілдір, күлгін, сары, қызыл қоңыр, жасыл, қоңыр, қызыл күрең) жіптермен кестеленген. П-тәрізді жиегі қызыл түсті жібектен екі жағынан ақ тоқыма баумен көмкерілген. Жиегінде «қос алқа» оюының үлгісі сегіз жапырақты гүлдермен кезектесіп келеді. Жиектің оң жақ шетіне ісмердің аты мен күні кестеленген.
Бейылбай Жамал, 1940 жылы туған.
МХР 1993 жылы келген.
Үржар ауданының Көкөзек ауылында тұрады. 2004 ж.
ТК 37- 26237
40. Тұскиіз, 2001 ж.
Ши барқыт, пүліш, түрлі мүлине жіп, біз кесте және машина тігісі.
220 х 129
Бишөкен, 1948 жылы туған, руы керей-жәнтекей.
Көлемі тікбұрышты, астары қара түсті ши барқыт. Орталық бөлігі «қошқар мүйіз» оюымен толтырылған 15 гүлөрнекпен әшекейленген, ал, гүлөрнектердің ортасында сегізжапырақты гүл. Ал олардың арасы өсімдікті-зооморфтық ою-өрнекті түрлі-түсті (көк, сары) жіптермен кестеленіп, қызылмен көмкерілген. П-бейнелі жиегі сары жіптермен көмкерілген қызыл пүліштен. Шеті сары түсті баумен тігілген. Жиегі «тармақты мүйіз» (ветвистые рога) оюымен кестеленген және кестелі үшбұрыштармен көмкерілген.
Бақытгүл Зиятқанқызы, 1977 жылы туған, МХР, Қызылқайың ауылында туып-өскен. Руы керей-төлек.
Қазақстанға 1993 жылы келген.
Тұскиіз 1948 жылы туған оның анасы Бишөкен 2001 жылы жасау ретінде тіккен.
Үржар ауданы, Мақаншы ауылы. 2004 ж.
ТК 37-26234.
Өскемен қаласы
41. Тұскиіз, ХХ ғасырдың 20-шы жылдары.
Мақта матасы, манат, түрлі мулине жіп, біз кесте және машина тігісі.
210 х 130
Дәулетхан Зәйноллаева, 1951 жылы туған, ҚХР-да туып-өскен.
Көлемі тікбұрышты, астары қара түсті манаттан. Ортасында екі жағында ұсақ гүлдері бар сегізжапырақты үлкен гүл кестеленген. Өсімдікті ою-өрнекті. Орталық бөлігі ірі үзік сызықтармен қоршала көмкерілген, ал ортасы осыған ұқсас өрнекпен кестеленіп қоршалған. Кілем (ақ, сары, жасыл, қызғылт, ақшыл көк, қызғылт сары) жібек жіптермен тігілген.
Дәулетхан Зейноллаева, 1951 жылы туған.
Тұскиіз 1906 жылы туған оның анасы Нұрзила Ермұратоваға арнап бай әулетте дайындалған. Өскемен қаласы. 2004 жыл.
ТК 45-28324.
42. Балалар тұскиізі, 1985 ж.
Мақталы мата, манат, түрлі мулине жіп, айқас кесте және машина тігісі.
172 х 94
Гүлжан Қазимова, 1969 жылы туған, Тарбағатай ауданының Ақжар ауылында туып-өскен.
Көлемі тікбұрышты, астары қара ши барқыттан жасалған. Ортасындағы қара астарға – ірі геометриялық ою-өрнекті сегізжапырақты гүл, екеуі оң жағында, біреуі сол жағында, екі ортасында қызыл қарғы бауы бар көгілдір түсті күшік. Кілемнің жоғарғы бөлігі жіңішке жолақты геометриялық өрнекпен сәнделген. Кілемнің төменгі жағындағы жалпақ жолағы – түрлі-түсті (қызыл, жасыл, қызғылт, көк, тоқ сары, сары, қызыл қоңыр) ромбтар тәрізді геометриялық өрнекті ою-өрнекпен әшекейленген. Шеті қызыл мақталы матамен көмкерілген. Кілемнің жоғарғы жағына бес ілгек тігілген.
Гүлжан Қазимова, 1969 жылы туған.
Тұскиізді 1985 жылы Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылында 9-шы сыныпта оқып жүргенде тіккен. Өскемен қаласы. 2004 ж.
ТК НВ8-6676.