
«Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕАҚ №1 оқу ғимараты, университет музейінде «ҰРПАҚҚА ҰЛАСҚАН ӨРНЕК: ҚАЗАҚ СӘНДІК ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕРІ» тақырыптық шарасында Рахатова Жадыра Тоқтарбекқызы «Қазақ сәндік-қолданбалы өнер» көрмесін ұйымдастырып өткізді. Дәстүрлі және заманауи қолөнер бұйымдары жайлы қызықты мағлұмат берілді.
Шарада ғылыми жұмыстар жөніндегі директордың орынбасары Кашаку Гүлжан Қашақуқызы, Калимолдина Жаннетта Амангелдіқызы, Нұғыманов Бақытбек Бәжейұлы, Жуамаканова Ануза Нуксынкановна сөз сөйледі. Модератор болған Аманжолова Назым Аманжолқызы. «Көркем қыздар» клубының мүшелері, арнайы қонақтар мен оқытушылар қатысты.











