• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта

Өзбектер

Өздерінің атауы - өзбек. Өзбекстан Республикасының негізгі халқы. Тілі - өзбек, түркі тілдері алтай тобының оңтүстік-шығыс тармағына жатады. Лексикасында парсы және тәжік тілдерінен ауысқан көп сөздер бар. Діні – суннит ағымындағы ислам.


Өзбектердің оазистердегі дәстүрлі шаруасы көпсалалы суармалы егіншілік, қолөнер мен сауда болды. Негізінен дәнді, дәндібұршақты, көкөністік, бақшалық, майлы дақылдардармен шұғылданды. Мақта және жібек шаруашылығы тауарлық дақылдарға жатады, онымен негізінен әйелдер шұғылданған. Егіншілік жұмысымен негізінен ер адамдар айналысқан.

Оазистердегі мал шаруашылығы азықтың жетіспеуіне байланысты тек тұтынушылық маңызға ие болған, негізінен қорада өгіз, жылқы, есек, сиыр және бірнеше бас құйрықты қой ұстаған  Бұқар мен Қаршы оазистерінде бай адамдар даладағы жайлауларда қаракөл тұқымды қой өсірген, олардың жаңа туған қозыларының терісі шет аймақтарға шығарылған.

Қалалар мен ауылды жерлерде қолөнердің бірқатар түрлерімен (ұсталық, тоқымашылық, көзелік, зергерлік, тері өңдеушілік және нан пісірушілік) шұғылданған. Әйелдер жүн иірумен, киім тігумен, кесте кестелеумен және т.б. шұғылданған.

Тұрғын үй құрылысында ағаш қаңқа, жабық терраса пайдаланылған, үй қабырғаларында төсек орындарға, ыдыс-аяқ пен басқа да керек жарақтарға арналған қуыстар болған.

Өзбек ерлері мен әйелдерінің киімі көйлектен, ауы кең шалбардан және шапаннан (мақта салып сырылған немесе жай ғана астар салынған) шапаннан тұрған. Шапан белбеумен байланған немесе бос киілген. ХІХ ғасыр соңы – ХХ ғасыр басынан бастап белі қынама сыртқы киім – камзол тарай бастады.

 


 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …