• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
экспозициялар біз - Қазақстан халқымыз Кавказ бен Орта Азия халықтары
Кавказ бен Орта Азия халықтары

Түрікмендер

Ұлт. Халықтың өзінше атауы - түрікмендер. Көпшілігі Түрікменстанда тұрады.  Түркі тілдер тобының оғыз бұтағына  кіретін түрікмен тілінде сөйлейді. Әдеби тілі текин диалектісі негізінде. Суннит-мұсылмандар дінін ұстанады.

Түрікмендердің негізгі кәсібі егін шаруашылығымен бірге көшпелі және отарлы мал шаруашылығы.

 

Әзірбайжандар

Халықтың өздерінше атауы - азербайджанлылар. Тілі - әзірбайжан тілі, түркі тілдерінің оңтүстік-батыс тармағына жатады. Шиит ағымындағы ислам діні.

ХIХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы әзірбайжандардың қонысы әктастан салынған төбесі жазық немесе екі жағында  еңісті қаңылтыр жабынқыш шатыры  мен қалқаланған ашық дәлізі бар бір қабатты үй, онда ас дайындаған, тамақтанған және демалған. Ең жақсы бөлме қонақтарды қабылдауға арналған. Ол үйдегі кілемдермен және ең қымбат, жаңа заттармен жабдықталды.

 

Өзбектер

Өздерінің атауы - өзбек. Өзбекстан Республикасының негізгі халқы. Тілі - өзбек, түркі тілдері алтай тобының оңтүстік-шығыс тармағына жатады. Лексикасында парсы және тәжік тілдерінен ауысқан көп сөздер бар. Діні – суннит ағымындағы ислам.


 

Тәжіктер

Ұлттың өз атауы – тоджик. Негізінен Тәжікстанда тұрады. Тәжіктердің көпшілігі тәжік тілінде сөйлейді, ол үндіевропалық тілдердің батыс-иран тобына жатады. Діндар тәжіктер – суннит мұсылмандар.

Тәжіктер негізінен жер жыртып, егін еккен және мал өсірумен де шұғыданған. Басым бөлігі дәнді дақылдар, мақта, бау-бақшалық дақылдар мен көкөніс өсірген. Жазық жерлерде жүргізілген мал шаруашылығы көмекші роль атқарған.

 

Шешендер

Өздерін өзі “нахчо” деп атайды.. Тілі – шешен, кавказ тілдерінің нах (вайнах) тармағына жатады. Діні – суннит ағымындағы ислам. “Шешендер” этнонимі алғаш рет ХҮІІІ ғасырдың басында орыс және кабардалық дереккөздерде пайда болды. Ол көне де ең ірі “Шешен- аул” халқы атауынан бастау алады.

ХІХ ғасыр соңы – ХХ ғасыр басындағы шешен үйлеріне бөлмелерін «айқас» үй үлгісі бойынша жобалау және өзара есіктермен байланысқан аралас бөлмелердің болуы тән, сонымен бір уақытта Солтүстік Кавказдың басқа халықтарында әр бөлменің аулаға шығатын өз есігі болған.

 

Армяндар

Өз атаулары – хай. Тілі – армян, үндіевропалық тілдердің дербес тармағы болып табылады. Екі үлгісі бар: батыс және шығыс, оны қазіргі Армения Республикасының халқы қолданады. Діні – монофизиттік бағыттағы христиандық. Армения әлемде христиандықты мемлекеттік дін ретінде қабылдаған бірінші ел (301 жылы).

 

Ұйғырлар

Өздерінің атауы – ұйғыр. Қытай Халық Республикасы Синьцзян-Ұйғыр Автономиялық ауданының негізгі халқы. Тілі – түркі тілінің оңтүстік-шығыс тобына жатады. Діні – исламның суннит бағыты.

 


Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …