Мордвалар Ресей Федерациясы Мордовия Республикасының негізгі халқын құрайды. Мордвалар: мордва-эрзю және мордва-мокшу болып екі негізгі топқа бөлінеді. Мордва тілі урал тектес тілдердің финн-угор тобының еділ тармағына жатады.
Діні – православиелік христиандар.
Дәстүрлі кәсіптері: егіншілік және мал шаруашылығы.
Дәстүрлі тұрғын жайлары – ағаш үй.
Мокшу әйелдерінің дәстүрлі костюмінің негізі ақ кенептен тігілген көйлектен (панар) тұрады, ол кестемен молынан әшекейленген, онда сары және жасыл теңбілі бар қызыл, қара, көк түстер басым болып келеді. Эрзю әйелдері салт-дәстүрлік көйлек (пакай) киген, ол тұтастай кестеленген. Сыртқы желбегей киім ақ кенептен шапан түрінде тігілген. Әйелдердің костюмі металдардан, ұсақ моншақтан, тиын ақшалардан, ұлулардан тұратын әшекейлермен толықтырылған. Ежелгі аяқкиім – қиғаш тоқылған шәркей.
Дәстүрлі ас мәзірі – қышқыл нан, тарыдан және қара тарыдан пісірілген сұйық быламық, ішіне қырыққабат, кептірілген саңырауқұлақ салынған бәліштер, пісірілген ет, шошқаның тұздалған майы (сало), ірімшік, ашыған сүт, квас, қайың шырыны.