«Шаруа тұрмысының эстетикасы» бөлімі ШҚО-да тұратын халықтардың материалдық және рухани мәдениеті туралы сыр шертетін «Біз – Қазақстан халқымыз» экспозициясының бір бөлігі болып табылады, онда Кенді Алтайдағы орыс тұрғындарының ХІХ ғасыр соңы – ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы материалдық және рухани мәдениеті туралы әңімеленеді.
Экспозиция мақсаты: орыс халықтық өнерінің жарасымдығы мен көркемдігін көрсету. Тақырыпты ашып көрсету үшін мұражай қорындағы кесте, тоқымашылық, өрнектеу, ойма, керамика, киім бөлімдерін қамтитын материалдар пайдаланды. Мәселен, тоқымашылық және кесте бөлімініде назарға ақ зығыр және алқызыл сүлгілер, зығырдан жасалған ақ және ала асжаулықтар, белбеулер ұсынылған. Ойма және өрнектеу бөлімдерінде ұршықтар, ыдыс-аяқ, тоз қораптар, айналар көрмеге қойылған. Керамика бөлімінде балшықтан жасалған ыдыстардың түр-түрі көрсетілуде. Киім көрсетілімі «поляктар» мен «тас қалаушылар» этнотоптарына қатыстылығы бойынша назарға ұсынылған. Киімді әшекейлер мен бас киімдер толықтырып тұр.
Экспозицияның тұтас картинасы Оңтүстік-Батыс Алтайдағы шаруа тұрмысының эстетикасын көруге мүмкіндік береді.
2009 жылы экспозиция бөлімі мынадай жаңа жәдігерлермен: өрнек салынған доғалармен, тоз және күбілік қораптарман, тоқылған себеттермен, өзі иіргішпен, керамикалық бұйымдар – кіреңкелермен, құмыралармен, колыванкалармен толықтырылды.
Следующая > |
---|