Қазақ кестесінің негізі көнеден басталады. Ғұндардың молаларынан (б.д.дейін) табылған түрлі үлгіде кестеленген жапқыштардағы қолданылған өрнектер стилі жағынан ғана емес, ою-өрнекті құрастыру тәсілдері жағынан да қазіргі қазақ кестесімен өте ұқсас болып келеді.
Кесте – қазақтың қолданбалы өнерінде кеңінен тараған және ең сүйікті түрлерінің бірі. Ұлттық кестенің бес түрі бар.
- «біз кесте» - бізбен түсірілетін тігіс
- «шым кесте» - инемен түсірілетін тігіс
- «баспа» - бекітілген және бекітілмеген тығыз тігіс
- «тігу» - үзілмеген және үзілген түрде қайып тігу
- «шалма», «шырыш кесте» - екі қатарлы тігістің түрлі атауы
Кестекергішке керілген матаға шым кестемен кестеленеді, ал басқа тігістер – бос матаға инемен түсірілген.
Киізге, мақта матаға, мәуітіге, барқытқа және жібекке кесте салған. Шығыс Қазақстанда көлемді бұйымдарға кесте түсіру кеңінен тараған.
- тұскиіз – киіз үйдің ішін немесе қонақ бөлмені безендіріп тұратын панно. Оның көлемі мына мөлшерде: ұзындығы 200-ден 350 сантиметрге дейін, ені – 120 сантимерден 160 сантиметрге дейін болған.
- сейсеп –қабырғалық панно ретінде де қолданылатын жапқыш.
- перде – киімдердің үстін жауып тұратын шымылдық. Оның көлемі: ұзындығы – 150 сантиметрге дейін, ені 100 сантиметрге дейін болған, жоғарғы жағына ою-өрнек кестеленген.
- шымылдық – төсекті қалқалап тұрған жапқыш, ол екі бөлік матадан тұрған. Оның жоғарғы тұсы ою-өрнекпен әшекейленген.
Жастықтардың тысы, аттардың жабуы, кеселер мен ыдыс-аяқты сақтауға арналған кесеқаптар мен аяқкаптар, сүлгілердің шеті кестемен әшекейленген, басқа кестелерден олардағы айырмашылық, мұнда зооморфтық, негізінен мүйізді өрнектер қолданған.
Қазақ әйелдері, сонымен бірге әйелдер киімінің түрлі бөліктерін: жеңін, жағасын, етегін және көйлектің кеуде тұсын, камзолды, белдемшені, сәукелені, тұрмыстағы әйелдердің бас киімдерін, халаттарды, жейденің жағасын, тақияны және т. б. кестелеген.
< Предыдущая | Следующая > |
---|