No valid database connection You have an error in your SQL syntax; check the manual that corresponds to your MySQL server version for the right syntax to use near ':zhaalytary' at line 1 SQL=SELECT * FROM jos_scmeta_category WHERE category_id = 127:zhaalytary
жаңалықтары :
 

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы * Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник

  • Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size
бүгін музей-қорықта жаңалықтары
жаңалықтары


Музей-қорықтың сирек кітаптар бөлімінің аға ғылыми қызметкері Ольга Осерчева Әсел Қаршаловадан қазақ әдебиетінің ұлы классигі, ақын, ойшыл және ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына арналған эстафетаны қабыл алды. Оның «Қара сөздері» ұрпақтарға бағышталған өсиеттің өзіндік жинағы іспетті. Ольга Николаевна 38-ші қара сөзден үзінді оқыды.

«Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Ол әуелі  надандық, еріншектік және залымдық – білім-ғылымның жоқтығы,  дүниеде ешбір нәрсені оларсыз біліп болмайды. Білімге талпынбау хайуандық болады. Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Ол өз кезегінде талапсыздықты, жігерсіздікті, ұятсыздық пен кедейлікті тудырады.  Залымдық – адам баласының дұшпаны. Адам баласына дұшпан болса, адамнан бөлінеді, бір жыртқыш хайуан қисабына қосылады.

 

«Марья Моревнада қонақта». 20 қараша күні ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімінің қызметкерлері оқушылармен өткізген театрландырылған ойын бағдарламасы осылай аталды.

«Іс-шарамыздың мақсаты – ең алдымен балалар демалысын танымдық  болмыста өткізу, - дейді бөлім әдіскері Марина Борисенко. – Бұл жерде  балалардың музей-қорықпен танысуына басты назар аударылды. Өйткені,  оларға ертегі арқылы орыс фольклоры туралы түсінік берілді. Театрландырылған бағдарламада сиқырлы домалақ, ұршық және басқа да ертегілер  атрибуттары пайдаланылды. Марья Моревна болса Жалмауыз  кемпір бойында жақсы сезімдерді оятуға тырысып бақты. Оның бұл  талпынысы нәтижелі болды, Жалмауыз кемпір де балалармен бірге көне ертегілерді еске түсіріп, ондағы кейіпкерлердің атын айтатын викториналарды шешті. Қойылымға қатысқан № 10 орта мектебі   мектепалды дайындық сыныбының оқушылары викторинаның барлық сұрақтарына жауап берді. Балалар көне ертегілерді жақсы білетін болып шықты.

 

ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Риддер тарихи-өлкетану музейі» КМҚК-да «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Әшекей – халық жанының  айнасы мен тарихы» атты көрме ашылды. Онда қазақ халқының әшекей бұйымдар тақырыбындағы болмысын көрсететін тұрмыстық бұйымдар, сондай-ақ, бейнелеу және қолданбалы өнер заттары орын тепкен. ШҚ облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының қор топтамаларынан алынған 50-ден астам бұйым қойылды.

 

Музей-қорықтың Қ. Қайсенов көшесі, 67 мекенжайындағы көрме залдарында Өскемен қаласының «Өмірдің қиын жағдайларында қалған адамдарды әлеуметтік оңалту орталығы» КММ-сінің қызметін алатындар үшін қайырымдылық экскурсиясы өткізілді. Орталық Белоусовка кентінде орналасқан және оның әкімшілігі музей-қорыққа келу үшін шағын автобус бөлген екен.

Музей-қорықтың ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімінің қызметкері Любовь Лазарева келушілерді «Біз – Қазақстан халқы» атты тұрақты экспозициямен және «Ежелгі артефактілерден қазіргі заманға дейін» атты көрмемен таныстырды. Оларда Шығыс Қазақстандағы он музейдің  жәдігерлері қойылған. Экскурсия әлеуметтік жағынан қорғалмаған тұрғындар үшін қолжетімді мәдени мұралар әлеуметтік жобасы шеңберінде өткізілді.

 

14 қарашада Жамбыл  Жабаев ескерткішінің салтанатты ашылуы ақын  атындағы саябақта өтті. Ескерткіш облыс әкімі Даниал Ахметовтің бастамасымен орнатылды. Оның ашылу салтанатында сөз алған аймақ басшысы Өскеменде мұндай ескерткіштің ашылуы қазақ халқының ұлы перзенттерінің галереясын жасауға қосылған үлкен үлес екенін атап өтті. Саябақ поэзиялық кездесулер мен байқаулар алаңына, Қазақстанның белгілі  мәдениет  қайраткерлерінің мұраларын тарататын орынға айналуы керек.

Алматы облысындағы Ж. Жабаев әдеби-мемориалдық музейінің  басшысы, жыр алыбының немересі Салтанат Жамбылова жиналғандарды қала өміріндегі ұмытылмас оқиғамен құттықтады. Ескерткіштің ашылуына Салтанат Тезекбайқызымен бірге Жамбылдың 1945 жылы туған немересі Жеңісхан Жамбылов та келген екен.

 


Page 43 of 122

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Статистика

Members : 832
Content : 3013

Счётчики

 Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>



«Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы» КМҚК-ның даму ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ...


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …