No valid database connection You have an error in your SQL syntax; check the manual that corresponds to your MySQL server version for the right syntax to use near ':zhaalytary' at line 1 SQL=SELECT * FROM jos_scmeta_category WHERE category_id = 127:zhaalytary
жаңалықтары :
 

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы * Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник

  • Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size
бүгін музей-қорықта жаңалықтары
жаңалықтары


Қ. Қайсенов көшесі, 67 мекенжайында Қазақстан Республикасы ұлттық валюта күніне арналған «Теңге. Тәуелсіздік символы» атты көрме ашылды,

1993 жылы Қазақстан өмірінде шынымен де тарихи оқиға болды. Бұл күні ел жаңа валютаға ие болды. ҚР Президентінің 1993 жылдың 12 қарашасындағы Жарлығымен 1993 жылдың 15 қарашасынан бастап Қазақстан Республикасының аумағында ұлттық валюта – теңге айналымға енді. Содан бері бұл күн Ұлттық валюта күні болып саналады. Ал теңге болса Елтаңбамен, Әнұранмен және Тумен қатар Тәуелсіз Қазақстанның   экономикалық және қаржылық символына айналды. Алғашқы ұсақ ақша – тиындар банкнот түрінде жасалды, ал кейінірек металл монеталарға ауыстырылды. 1995 жылы Қазақстанның мәдени және тарихи мұраларын кеңінен паш ету мақсатында мерейтойлық және естелік монеталар шығарыла бастады.

 

10 қаращада музей-қорықтың орыс этнографиясы бөлімінің қызметкерлері орыс дәстүрлі мәдениетінің «Бастеньки»  ансамблімен бірге атыс қаруын жасау жөніндегі орыс және кеңес конструкторы,  әлемге әйгілі Калашников автоматын жасаушы Михаил Калашниковтың (1919 – 2013 жж.) туғанына 100 жыл толған   мерейтойына арналған салтанатқа қатысып қайтты.  Салтанат атақты қарушының туған жері – Алтай өлкесінің Курья селосында өтті. Михаил Тимофеевич Калашников 1919 жылдың 10  қарашасында дүниеге келген. Ол өзінің ең алғашқы өнертабысын  әскер қатарында жүргенде жасады. 1941 жылы ауыр жараланып,    госпитальда жатқан кезде оған өз қолымен автомат жасау идеясы келеді, Ол автомат арада біраз жыл өткен соң, 1947 жылы таныстырылды.

 

Музей-қорық Новосібір қаласындағы бірқатар мекемелермен өзара түсіністік және келісім, сондай-ақ, әріптестік туралы меморандумға қол қойды. Бұлар Новосібір облысының «Новосібір мемлекеттік өлкетану музейі» мемлекеттік автономиялық мәдениет мекемесі, «Р.А.Шило атындағы Новосібір зообағы» МУМ және Ресей Ғылым академиясы Сібір бөлімшесінің Орталық Сібір ботаника бағы.

 

Әріптестері музей-қорық директорының экспозиция-көрме жұмыстары жөніндегі  орынбасары Евгения Рахматулинаны туған күнімен құттықтады. Осы бір  сәттің  Евгения Юрьевнаға тарих ғылымдарының кандидаты атағының берілуімен сәйкес келуі ерекше еді.  Е. Ю. Рахматулинаға бұл ғылыми дәрежені Алтай мемлекеттік университетінде (Барнаул қ.) қорғаған диссертациясы үшін Ресей Федерациясы Ғылым және жоғары білім министрлігі тағайындаған-ды. Диссертацияның тақырыбы – «Шығыс Қазақстанның 1920-1930 жылдарғы кеңестік модернизация жағдайындағы көркем интеллигенциясы».

 

2019 жылдың 8 қарашасы күні музей-қорық тұңғыш рет республикалық «Музейлер шеруі» акциясына қосылып, оған қатысушы болады. Іс-шараның мақсаты – Шығыс Қазақстан аумағында тұратын халықтың ұлттық құндылықтарын, тарихын, мәдениеті мен салт-дәстүрін танымал ету.

 


Page 44 of 122

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Статистика

Members : 832
Content : 3013

Счётчики

 Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>



«Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы» КМҚК-ның даму ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ...


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …