Сирек кітаптар бөлімінің қызметкері Әсел Қаршалова 42-ші мектептің ең кішкентай оқушыларымен бірге Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығына экскурсия жасады. Экскурсия Солжағалық кешеннің «Абай және оның шәкірті Т. Көбдіков» атты стационарлық көрме орналасқан Кіші павильонында болды. Экскурсия аталған мектеп әкімшілігінің өтінімі бойынша өткізілді. Әсел Қаршалова экскурсияны өткізу барысында балалардың жас мөлшерін де ескере білді. Өйткені, олар мектептің мектепалды дайындық сыныбының оқушылары еді. Әңгіме соңында балалар Болат Исиннің Абай туындылары тақырыбына салған картиналар репродукциясы бойынша мозаика құрастырды.