

Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні қарсаңында музей-қорықтың Бірыңғай әскери кешенінде қала мектептерінің оқушылары үшін халқымыздың Ұлы Отан соғысындағы Жеңісіне арналып «Біз – Жеңіс мұрагерлеріміз» атты өлкелік ойын өткізілді.
Оны Славский атындағы жағалауда орналасқан Орталық қалалық кітапхананың (ОҚК) қызметкерлері мен мектеп кітапханашылары ұйымдастырды. Оған Өскеменнің 11 мектебі қатысты. «Бүгінгі балалар мен жасөспірімдер үшін 1941-1945 жылдардағы соғыс – тарих, - дейді ОҚК қызметкері Тамара Львовна Саттарова. – Олар майдан даласындағы ұрыстар жайлы, жертөлелер мен траншеялар жайлы кинофильмдердегі қөріністер мен майдангерлердің әңгімелері арқылы ғана біледі. Біз осы бір ойын-квестті Солжағалық кешенде бекерден-бекер өткізіп отырған жоқпыз. Мұнда траншеялар да, нағыз әскери жорықтық асхана да, тіпті, ұрыстық қару-жарақ та бар. Балаларға олардың Ұлы Отан соғысы мен оған қатысқан қазақстандықтар жайлы білімін тексеру мақсатында арнайы сұрақтар да дайындап келдік».