Музей-қорықтың қорындағы жәдігерлер туралы ақпарат Қазақстан Республикасының музейлеріндегі неміс тарихы мен мәдениеті жөніндегі колллекциялардың Тізбесіне енгізіледі.
Тізбені құрастыру ісімен Алматыдағы «Возрождение» неміс мәдени-этникалық қоғамы шұғылдануда, оның қызметкерлері Шығыс Қазақстанға жасаған этномәдени экспедиция кезінде музей-қорыққа ат басын тіреген болатын. Экспедиция мүшесі, тарихшы Елена Хабарованың түсіндіруінше Қазақстандағы белгілі бір облыс аумағында тұрып жатқан немістердің тарихы мен мәдениеті жөніндегі этнографиялық коллекциялар, заттар қоры мен фотодеректік материал ерекше қызығушылық тудыруда. Зерттеушілердің пікірі бойынша музей-қорықта неміс халқының тарихи-мәдени мұрасын зерттеу үшін өзіндік құндылыққа ие сирек жәдігерлер сақталған. Мәселен, 1861 жылдан бастап шығарылған «Кішкентай балаларға арналған мектептік жаршының» 1910 жылғы кітаптарын, сондай-ақ үйленутойылық көйлектер мен гүлтәждер коллекциясын солардың қатарына жатқызуға болады. Сондай үйленутойылық көйлектердің бірін Большенарым ауданының тұрғыны, 1937 жылы дүниеге келген М.И.Мильдонбергер тапсырған. Мария Ивановна көйлекті 1957 жылы өзінің тойына арнап тіккен, ал 1991 жылы оны музей-қорыққа сыйлаған екен.