No valid database connection You have an error in your SQL syntax; check the manual that corresponds to your MySQL server version for the right syntax to use near ':zhaalytary' at line 1 SQL=SELECT * FROM jos_scmeta_category WHERE category_id = 127:zhaalytary
жаңалықтары :
 

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы * Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник

  • Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size
бүгін музей-қорықта жаңалықтары
жаңалықтары


В рамках празднования Дня первого Президента РК

ҚР Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу аясында ШҚО мұражай-қорығының ақпараттық-білім бөлімінің қызметкерлері  «Менің Президентім. Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге алты кеш» атты виртуалды экскурсиялар топтамасын дайындады.  

-         Бағдарлама біздің эксклюзивті әзірлемеміз болып табылады.Экскурсия барысында келушілер ұлт көшбасшысының балалық шағы мен жастық шағынан, оның еңбек жолынан көптеген қызықты мәліметтерді біле алады, Нұрсұлтан Назарбаев өзінің президенттік қызметі туралы әңгімелеп береді, сондай-ақ,   Астанаға көшіру туралы шешімді қабылдау неге қажет болғаны туралы түсіндіреді және біздің еліміздің болашағы туралы армандарымен бөліседі – деді бөлім меңгерушісі Шынар Кәрібаева.      

Сонымен қатар, төменгі және ортаңғы сынып оқушыларын «Астана – болашақтың қаласы» атты қызықты викторина күтеді.  Головков көшесі, 29 мекенжайында өтетін іс-шара туралы нақты мәліметтер мен өткізу уақытын мына телефон бойынша білуге болады:   8705148 99 76.

 

ШҚО мұражай-қорығының баспасөз қызметі  


 

 

Фото с лекции в музее-заповедникеФото с лекции в музее-заповедникеФото с лекции в музее-заповеднике2015 жылғы 26 қарашада  ғылыми-ағартушылық және көпшілікпен жұмыс бөлімі қызметкерлері техникалық-экономикалық колледждің  студенттері үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш және қазіргі Президенті  Н.Ә.Назарбаевқа арналған «Нұрсұлтан Назарбаев. Тұлға және саясаткер портреті» атты лекция өткізді. Лекцияда Тұңғыш Президент өмірінің  негізгі кезеңдері, Тәуелсіз мемлекетті қалыптастыру мен дамытудағы қосқан үлесі баяндалды. Студенттер Президент кітаптарымен және Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қызметі туралы кітаптар көрмесімен танысты.

 

Экспозиция от музея-заповедникаЭкспозиция от музея-заповедника2015 жылғы 13 қарашада Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайының 75 жылдығына арналған «Ұлылар мұрасы және музейтану» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оған мұражай-қорықтың сирек кітаптар және икона жазу бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Г.Кашаку «Мұражай-қорықтың экспозициялары мен көрмелерінде Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығының көрсетілуі» атты мақаласымен қатысты. Конференция жұмысы барысында Абай шығармаларының текстологиясы, аударылуы, дәстүр жалғастығы, абайтану курсын оқыту барысы және Ақшоқыдағы Құнанбай қажы мен оның балаларының зираттарын қайта қалпына келтіру сынды мәселелер талқыланды. Мұражай-қорық қорына конференция материалдары негізінде дайындалған жинақ алынды. 

 

парк «Жастар»В парке «Жастар»  в  Усть-Каменогорске появилась аллея журналистов

Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен аллея негізін қалау облыстық әкімдіктің бастамашылығымен өтті. Дайындық жұмысын құрамына саябақ кіретін ШҚО мұражай-қорығы өз қолына алды.

Қалалық және республикалық БАҚ өкілдері көгілдір шыршаның 16 көшетін отырғызды, ол қылқан жапырақты өсімдіктердің ең әдемісі болып саналады. Оның Отаны Солтүстік Америка болып табылады, бірақ көгілдір шырша әлемнің басқа жерлерінде де өсе алады, ең бастысы отырғызар кезде нақты ережелерді ұстану керек. Бұл жағынан жұмысшыларға Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық мұражай-қорығының директоры Николай Зайцев көмектесті.

 

Фото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаАқпараттық-білім бөлімінің (виртуалды мұражай) құрамындағы бөлім меңгерушісі – Ш.М.Кәрібаева, О.М.Қалиева, А.А.Асыл 2015 жылғы 5 қарашада Өскемен қаласындағы № 23 орта мектептің 1-2 сыныптары үшін Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында «Батырлар, қаһармандар әлеміне саяхат» атты виртуалды танымдық бағдарлама өткізді.

 


Page 98 of 122

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Статистика

Members : 832
Content : 3013

Счётчики

 Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>



«Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы» КМҚК-ның даму ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ...


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …