1 маусымда музей-қорықтың Солжағалық кешеніне Халықаралық Балаларды қорғау күнін атап өту үшін әр жастағы балалар келді.
Саябақта балалардың көңілді де, танымды демалысы үшін барлық жағдай жасалған. Осы күннің көпке дейін есте сақталуы үшін музей-қорықтың қызметкерлері Балалар қалашығында доктор Айболит қатысқан театрландырылған көрсетілім қойды. Сценарий бойынша 1-ші және 4-ші сынып оқушылары жоғалып кеткен күшікті табу үшін уақытша ізкесушіге айналды. Бұл үшін оларға күрделі тапсырма орындау қажет, яғни қиын сұрақтарға жауап беріп, өздерінің жасырына білетіндігін көрсетулері, сондай-ақ ағаш керіктерді басқарып, тіпті бүршіктермен... атыса білулері тиіс болатын.