Құрметті достар!
«ШҚО сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығы» «Халықтық онлайн Естелік кітабы» жобасын іске қосады, онда Ұлы Жеңістің куәсі болғандардың туыстары мен жақындарының естеліктері қамтылады.
Олар үшін Ұлы Отан соғысының оқиғалары өткен тарихқа айналған ұрпақ өсіп келеді. Бұл табиғи үдеріс: оқиғаларға қатысушылар мен куәгерлер өмірден кетеді, ал олар туралы естеліктер қалады. Бірақ бұл естеліктер, оқулықтың жаттанды парақтары емес, деректердің, күндердің, сандардың, дәйек сөздер мен ой салар сөздердің құрғақ жиынтығы емес, жақын адамдар туралы жылы, жанды сезіммен айтылған естеліктер болары даусыз.