Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы * Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник

  • Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size
жаңалықтары





Культура ВКО >> Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник

Қош келдіңіздер!


Барлығы жұмыла «Иә!» деді. 2021

2021 жылдың 3 қарашасында музей-қорықтың Қасым Қайсенов көшесі, 67 мекенжайындағы залдарында ШҚО кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының балаларына қайырымдылық экскурсиясы өтті. Экскурсияны ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімінің қызметкері Гүлбақыт Болтабекова жүргізді.

 

Самал саябағының макеті бар! 2021

2021 жылдың қазан айының соңында музей-қорықтың бас ғимаратында Өскемендегі «Самал» саябағының көлемді макет-жобасының тұсаукесері өтті.

Ауқымы 1:450 болатын макет саябақ аймағының күрделі рельефінің ерекшелігін, биіктік алмасуын, Ертіс арнасы мен өзен ағысын көрсетеді. Макетте: спорт алаңы, қалалық жағажай, велотрек, иттерді серуендетуге арналған алаң, бұқаралық іс-шараларға арналған алаңдар көрсетілген. Заманауи көркемдік құралдар мен полимерлік материалдарды жоғары дәрежеде жете пайдалана отырып орындалған сәулет макеті спорттық-демалыс кешенін абаттандыру жоспарын анық көрсетеді.

 

Самал саябағында велотрек ашылды! 2021

2021 жылдың 9 қазанында Самал саябағында велотрек салтанатты түрде ашылып, велосипед спортынан жарыс өтті.

Талдықорған қаласынан келген велосипед жарыстарындағы ВМХ бағытының өкілі Евгений Яковлев велотрек жасап және осындай жарыстарды ұйымдастыру мүмкіндігін бергені үшін қала және облыс басшылығына алғысын білдірді. Өскемен қаласының велосипед жарыстары бойынша жаттықтырушысы Андрей Нитяжуктың пікірінше, Самал саябағындағы велотрек – бұл велосипед спортының әуесқойлары үшін түрлі жарыстар өткізудің бірегей мүмкіндігі. Мұндай велотректер Қазақстанда тек Астана мен Алматыда ғана бар деді жаттықтырушы.  Ал қыста мұнда сноуборд және велосипед тебуге болады дейді Андрей Васильевич.

 

Екі ел тел емген Ұлы Алтай! 2021

30 қыркүйек пен 3 қазан аралығында Барнаул мен Горно-Алтайск қалаларында екі мемлекеттік университет негізінде «Ұлы Алтайдың түркі-моңғол әлемі: тарихи-мәдени мұра және қазіргі заман» атты II Халықаралық алтаистикалық форумы өтті. Ірі халықаралық ғылыми оқиға екі алаңда нақты және онлайн режимде әлемнің 9 елінен – Ресей, Венгрия, Моңғолия, Финляндия, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстаннан 300-ге жуық ғалымды жинады. Шығыс Қазақстан музей-қорығынан форумға директордың экспозициялық көрме жұмысы жөніндегі орынбасары Евгения Рахматулина қатысты.

 

*

14 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрболат Қадырұлы Ахметжанов жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының бір нысаны болып табылатын Солжағалық кешенінде болды.

Музей-қорық директоры Тен Арсен Владимирович Солжағалық кешеннің этнографиялық аймағындағы  ашық аспан астында қанат жайған сәулет және тұрмыс музейімен, ботаникалық бақпен, хайуанаттар бағымен, әскери кешенмен, отбасымен демалу аймағымен және «Жібек жолы» экспозициясымен таныстырды.

 

ШҚО мәдениет басқармасы басшысының м. а. «Самал» саябағына келуі. 2021

Бүгін Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының басшысы Нұрболат Қадырұлы Ахметжанов Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығы нысандарының бірі «Самал» саябағында болды.

Музей-қорық директоры Арсен Владимирович Тен осы нысанмен таныстырды. Кездесу барысында «Самал» саябағын одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

 

Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі. 2021

2021 жылғы 9 қыркүйек күні қалалық мәслихат депутаты, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ректоры Төлеген Мұхтар Әділбекұлы музей-қорықтың ұжымымен кездесіп, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына жолдаған Жолдауының басым бағыттарын баяндады.

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті мен Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығы тығыз жұмыс істейді. Биылғы жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламалық мақаласы негізінде «Ұлы Даланың жеті қыры» тақырыбында семинарлар сериясы, мектеп музейлерінің жетекшілері үшін әдістемелік шеберлік сағаттары, студенттер мен магистранттарының іс-тәжірибелері ұйымдастырылды.


 

Біз – елдің жаңа ұрпағымыз. 2021

2021 жылғы 12 тамыз халықаралық Жастар күнінде Қасым Қайсенов атындағы этнобақта Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналып, Өскемен қаласы әкімдігінің Жастар ресурстық орталығымен бірлескен жастар флешмобы болып өтті. Оған музей-қорықтың бірқатар бөлімдерінде істейтін жас қызметкерлер, сондай-ақ, «Жасыл ел» жобасы бойынша еңбек етіп жүрген жастар қатысты. Флешмобтың режиссері, ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімінің меңгерушісі Любовь Лазарева «Жастар – еліміздің болашағындағы стратегиялық игілік ресурсы» деп атап өтті.

Флешмобтың Қазақстан халқының ұлттық-рухани бірлігін нығайтуға бағытталып, қызықты әрі ерекше жарқын болып өткені қуантады. Осылайша жастар аға буын өкілдерінен эстафетаны қабылдайды.

 Музей-қорықтың баспасөз қызметі

Суретті түсірген Алексей Мазницын

 

Каникул күндері музей-қорықта болды! 2021

2021 жылдың шілде айында «Казцинк» акционерлік қоғамының қызметкерлері мен жұмысшыларының балалары музей-қорықтың кәсіпорынмен ынтымақтастығы аясында ШҚО музей-қорығына барып қайтты. «Казцинк» жазғы каникул күндері аптасына бір рет балалардан тұратын делегацияны өлкеміздің тарихы мен этнографиясы турасында білім және тиісті әсер алу үшін музей-қорықтың залдары мен саябақтарына жіберіп отырады. Оқушылар үшін Қасым Қайсенов көшесіндегі «Біз – Қазақстан халқымыз» атты экспозициядан ерекше әсер алды және оларға арналып  біздің өңірді мекендейтін халықтар туралы экскурсия өткізілді. Оқушылар түстен кейін Солжағалық кешенге барып, паровозбен қызықты саяхат жасады, аймақтың жануарлары жайлы көп нәрсе білді, бывают вВоенном городке. Балалардың сөзіне қарағанда, олар музей-қорықты облыстағы ең қызықты орындардың бірі деп санайды және бұл жерге қуана-қуана келеді.

 

Бейбітшілік пен келісім жолымен. 2021

2021 жылдың 23 шілдесінде музей-қорықтың Солжағалық кешенінде  «Бейбітшілік пен келісім жолымен» атты фильм түсірілді. Түсірілім тобымен бірге келген Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары,  танымал тележүргізуші Майя Бекбаева айтқандай, фильм Қазақстанның барлық өңірлерінде түсіріледі және ол республика аумағында өмір сүріп  жатқан  халықтар туралы баяндайтын болады. Біздің аймақтағы мұндай топтар татар және әзірбайжан диаспоралары болды. Облыстық Достық үйі-қоғамдық келісім орталығының өкілдері Солжағалық кешеннің  Этноауылындағы татар қоныс-үйінде татарлардың балмайн элементтері бар үйлену тойының рәсімін көрсетті. Сонымен қатар әзірбайжан қоныс-үйі де түсірілді. Түсірілім тобы үлкен қазақ киіз үйінде Алтын адамды түсірді. Түсірілім этноауыл аумағындағы Абай үйінде де жүргізілді. Жамбыл атындағы саябақ пен ондағы ұлы ақынға орнатылған ескерткіш те түсірілімге арқау болды.

 

АСТАНА КҮНІН ҚАРСЫ АЛДЫҚ! 2021

2021 жылғы 4 шілдеде Астана күні қарсаңында Солжағалық кешеннің Этноауылында батпырауықтар, кайттар және модельдік ұшақтар ұшырылды. Бұл «Ұлы Жібек жолы» халықтарының батпырауықтарды ұшыру дәстүрлерін насихаттау, сондай-ақ батпырауықтың құрылу және даму тарихына оралу мақсатында жүргізілді.

Жас техниктер станциясының авиамодельші-оқытушылары Сағындық Жұмағалиев пен Андрей Жиляков, сонымен қатар олардың тәрбиеленушісі, V-3-P сыныбы бойынша Республикалық жарыстың жеңімпазы және «залды пилотаждық модельдер» санатының ІІ орын иегері – Егор Кокоткин көрнекі өнерлерін көрсетті.

 

Ел астанамен бірге өзгеруде. 2021

2021 жылғы 6 шілдеде Қазақстанда маңызды мемлекеттік мереке – астана күні атап өтіледі. Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласы – «Рухани жаңғыру»  бағдарламасының негізгі қағидаларын жүзеге асырудың жарқын мысалы. Бұл жаңартуға деген ұмтылыс, жаңа құндылықтарды қалыптастыру, барлық жағынан жаңа, перспективалы болашақ құру үшін инновациялық идеяларды енгізу.

Алдағы мерекеге орай музей-қорық 3 шілде күні А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханамен бірлесіп «Ертіс концерт» КМҚК-да  «Ел астанамен бірге өзгеруде» атты көрме ұйымдастырды. Көрмеде кітаптар, картиналар, түрлі жәдігерлер ұсынылды. Музей-қорықтың фотосуретке түсірушісі Алексей Мазницын келушілерге Шығыс Қазақстан табиғатының үлкен фотосуреттерін ұсынды.

 


Page 5 of 28

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …