• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
экспозициялар алтын сақа

Алтын сақа

«Алтын сақа» - бұл мұражай-қорықтың  Балалар көркем-ойын кешенінде ұйымдастырған экспозициясыЭкспозицияда бала қиялының әлемі, әртүрлі елдер мен халықтардың ертегілерінен бізге жеткен кейіпкерлердің әлемі назарға ұсынылған

«Алтын сақа» - бұл мұражай-қорықтың  Балалар көркем-ойын кешенінде ұйымдастырған экспозициясы. Экспозицияда бала қиялының әлемі, әртүрлі елдер мен халықтардың ертегілерінен бізге жеткен кейіпкерлердің әлемі назарға ұсынылған. Экспозиция қаланың жасөспірім көрермендеріне, сондай-ақ ересек тұрғындары мен қонақтарына авторлық қуыршақтар мен ойыншықтардың ерекше және әртүрлі әлемін қызықтауға, өнердің осы түрінің адамға беретін өзіндік бір ғажайып та жағымды әсерін сезінуге мүмкіндік береді.

Экспозицияда қуыршақтар – аңыздар мен ертегілердің кейіпкерлері, түрлі ертегілік жанрлардың: жануарлар туралы ертегілердің, тұрмыстық, сиқырлық, сатиралық ертегілердің қаһармандары назарға ұсынылған.

Ертегі – қазақ халқының ауызша поэтикалық шығармашылығының тамаша үлгісі, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеудің игілікті әрі қайталанбас қайнаркөзі болып табылады. Қияли ертегілер мен аңыздар  аңшылардың, мергендердің, батырлардың, арулардың, дана көріпкел-қарттардың («ЕрТөстік», «Еділ-Жайық, «Құла мерген», «Алтын сақа», «Қара мерген», «Аламан мен Жоламан», «Жұпар қорығы», «Асан қайғы» және басқалар) ғажап ерліктері мен зұлымдыққа қарсы батыл күресі туралы баяндайды.

Ертегінің патриоттық идеясы – оның терең мазмұнынында. Халықтың қиялынан туындаған, мыңдаған жылдар бойы есте сақталған ертегілік бейнелер әр адамның жүрегі мен санасына халықтың қуатты шығармашылық рухын, оның өмірге деген көзқарасын, идеалдарын, ұмтылыстарын жеткізеді.

Ертегі сұлулықтан ажырамайды... Ертегінің арқасында бала әлемді тек санасымен ғана емес, жанымен де танып біледі. Танып қана қоймайды,  өзін қоршаған әлемдегі оқиғалар мен құбылыстарға мән беріп, жақсылық пен жамандыққа деген өз көзқарасын білдіреді. Ертегіден өмірдегі әділдік пен әділетсіздік туралы алғашқы түсініктер бала бойында қалыптасады.

«Алтын сақа» көрмесі мұражай-қорық қорының коллекциясындағы Өскемен қаласының белгілі шеберлері Н.В.Молоканованың, Е.Ю.Пивоварованың, Н.Трусованың, О.П.Леонованың және басқалардың 2012-2013 жылдары сантүрлі этникалық үлгіде жасаған қуыршақтарын, сондай-ақ кеңестік дәуірдегі – 1950-1980 жылдарғы ойыншықтарды назарға ұсынған.

Осы экспозицияның қуыршақ жасау өнерін Өскемен қаласында танымал ету процесіне жаңа  кезең ретінде қызмет етері сөзсіз.

 


Фотографии Мазницина А. А

Экспозицияда қуыршақтар – аңыздар мен ертегілердің кейіпкерлері, түрлі ертегілік жанрлардың: жануарлар туралы ертегілердің, тұрмыстық, сиқырлық, сатиралық ертегілердің қаһармандары назарға ұсынылғанИзготовленны известными мастерами города Усть-Каменогорска: Н.В.Молокановой, Е.Ю.Пивоваровой, Н.Трусовой,  О.П.Леоновой и другими

Ергежейлі - карликКендебай батыр на своем коне КерқұлаЖезтырнақ - медный коготь

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …