• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары
Жаңалықтары

«Мен бейнелейтін әлем»

2026 жылғы 29 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейінде Ольга Ержановна Чавкина жетекшілік ететін PERFORMANCE студиясы шәкірттерінің көркемсурет көрмесі ашылды. Көрмеде 22 автордың шығармашылық туындылары көпшілік назарына ұсынылды. Әрқайсысы өзіндік өрнегімен ерекшеленетін жұмыстар пейзаж, натюрморт, анималистика және фэнтези секілді сан алуан жанрды қамтиды. Көрме – өнер иелерінің шығармашылық ізденісін, көркемдік қызығушылықтарының кең ауқымын және әр қатысушының өзіндік көзқарасын айшықтайтын шығармашылық кеңістік.  Суретшілерді көрменің ашылуымен құттықтаймыз! Оларға шабыт, жаңа шығармашылық идеялар және толағай табыстар тілейміз! Көрме Қ. Қайсенов көшесі, 67 мекенжайы бойынша үш ай бойы жұмыс істейді.  Қосымша фотосурет ...

«От өзегінен өрілген керамика»

Солжағалық кешеннің үлкен көрме павильонында «От өзегінен өрілген керамика» көрмесі өтуде

Көрме Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейі қорындағы 200-ден астам бұйымды біріктіріп, келушілерді керамика өнерінің бай әлемімен таныстырады.

Мұнда Риштан керамикасының шебері Сухроб Юсуповтың туындылары, «Отырар ауласы» топтамасы, Наталья Хабарова мен Тамара Владыкинаның авторлық жұмыстары, Өскемен құрылыс материалдары комбинатының бұйымдары, сондай-ақ дәстүрлі тұрмыстық керамика үлгілері ұсынылған.

Отқа күйдірілген саз бұйымдары арқылы ежелгі дәстүр мен шеберлік тоғысқан керамика өнерімен танысуға шақырамыз.

Қосымша фотосурет ...

 «Сирек кітаптар - ғасырлар сыры»

Этнографиялық музейдің Солжағалық кешенінің Кіші павильонында «Сирек кітаптар - ғасырлар сыры» атты жаңа көрме ашылды.

Көрме ғасырлар қойнауына жетелеп, көне түркі руникалық жазбаларынан бастап заманауи баспа басылымдарына дейінгі рухани мұрамен таныстырады.

Көрмеде көне түркі руна жазулары бар «Тоныкөк ескерткішінің» макеті және 1870 - 1900 жылдардағы типографиялық баспа станогының макеті ұсынылған. Сондай-ақ, көрмеге Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейі қор коллекциясынан алынған сирек әрі құнды басылымдар қойылған.

Көрмеде Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейінің қор топтамасынан алынған сирек әрі құнды басылымдар ұсынылған.

Әрбір жәдігер ұрпақтар жадын сақтап, білім мен тағылымды жеткізген, қазақ халқының бай мәдениетін бейнелеген өзіндік тарихымен бөліседі.

Қосымша фотосурет ...




Мұражай-қорық директоры Н.А.Зайцевтің есеп беруі, 2014

Фото Алексея МазницинаФото Алексея Мазницина

2014 жылғы 20 ақпанда Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және  табиғи-ландшафттық мұражай-қорығында мұражай-қорық директоры Н.А. Зайцев 2013 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша есеп берді.

Директор өзінің жасаған баяндамасында мұражай-қорықтың 2013 жылы облыстық мәдениет басқармасы бекіткен жоспары негізінде жұмыс істегенін атап өтті, қаржыландыру және материалдық база жағдайындағы қолда бар ресурстар мен қорлар пайдаланылды.

Мұражай-қорық дамуының 2011-2015 жылдарға арналған жоспарына сәйкес 2013 жылы  халыққа көрсетілетін қызметтердің көлемі ұлғайды.

Подробнее...
 

Комсомолға 95 жыл. 2013

Комсомолу – 95 лет Фото Виктора КоржаАтрибутика Коммунистического союза молодежи Фото Виктора Коржа

Мұражай-қорық ғимаратында  2013 жылғы 24 қазанда мұражай-қорықтың ақпараттық-білім беру бөлімі комсомолдың 95 жылдығына арналған іс-шара өткізді.

Іс-шара мақсаты: жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, ШҚО-да ұрпақтар сабақтастығын және жастар қозғалысын дамыту тарихын сақтау.

Подробнее...
 

Тілдер күні. 2013

Әлем халықтары тілдеріндегі ккітаптар көрмесіМұражай-қорық қызметкері Наталья Комарова келушілердің сұрақтарына жауап беруде.Халықтар этнографиясы және азсанды этнотоптар бөлімінің қызметкерлері 2013 жылдың 19 қыркүйек - Қазақстан халықтарының  Тілдері күні шеңберінде облыстық Достық Үйінде «Әр тілде кітап оқимыз» атты көрме ұйымдастырды.

Подробнее...
 

«Жібек жолы» саябағы ашылды. 2013

«Раджа сарайы» (Үндістан)«Әмір сарайы» (Орта Азия)

2013 жылғы 14 қыркүйекте Мұражай-қорықтың Солжағалық кешенінде «Жібек жолы» саябағы ашылды.

Подробнее...
 

Әзірбайжандардың «Oglan toу» (Охлан тойы) үйленутойылық дәстүрі. 2013

Проводы невесты в дом женихаНевеста разбивает тарелку

Үйлену тойылық жөн-жоралғы – мұражай-қорықтың Солжағалық этнографиялық кешенінің Әзірбайжан қонысында жас жұбайлардың күйеу жігіт үйінде кездесуі

Мұражай-қорықтың Солжағалық этнографиялық кешенінде 2013 жылғы 14 қыркүйекте мұражай-қорық қызметкерлері «Азери» әзірбайжан этномәдени бірлестігімен бірлесіп Әзірбайжан  қонысында іс-шара - «Oglan toу» (Охлан тойы) үйленутойылық ғұрып өткізді.

Подробнее...
 

Менің мәңгілік гүлденген бағым...2013

выставка  авторских костюмов дизайнера, модельер-стилиста  Евгении Михайловны Бражниковой «Мой вечно цветущий сад…»В коллекции Е.М. Бражниковой  около 500 эксклюзивных моделей костюмов из натуральных тканей

2013 жылдың 5 шілдесінде мұражай-қорықтың Солжағалық кешенінің Үлкен павильонында киім дизайнері, үлгіші-стилист Евгения Михайловна Бражникованың «Менің мәңгілік гүлденген бағым...» атты авторлық көрмесі ашылды.

Е.М.Бражникованың коллекциясында  15 жыл көлемінде жиналған 500-ге тарта  таза матадан тігілген бірегей киім үлгілері бар. Оның ерекшелігі  киімдерді соңғы түймебауына дейін белгілі бір үлгіде автордың өзі атқарғандығында.

Подробнее...
 

«Ағашқа ою салу». 24 маусым. 2013

Халық шығармашығы бөлімінің қызметкерлері ЖОО студенттері мен мектеп оқушылары үшін «Ағашқа ою салу» бойынша шеберлік-сыныбын ұйымдастырады.

Бағдарламада: ағаштан әдемі паннолар, түрлі кәдесыйлар, шаруашылық бұйымдарын жасау. Шараны ағашқап ою ою шебері - В.И. Ляпунов өткізеді (Өтетін орыны: Солжағалық кешен, «Шеберлер қалашығы», № 2 киіз үй)

 

«Үй иесі мен басқаларға қонаққа бару». 21 маусым. 2013

«Үй иесі мен басқаларға қонаққа бару» -  Ақмер орта мектебі жанындағы лагерь балалары үшін ертегілік кейіпкерлер: Үй иесі, Орман перісі, Баба-Яга және ойындары, конкурстары, жұмбақтары бар театрландырылған бағдарлама (мұражай-қорықтың «Жастар» этнобағы, ғылыми-ағарту және көпшілік жұмыс бөлімі).

 

«Көгілдір көлдеріне». 21 маусым. 2013

Қалалық білім бөлімінің әкімдік бекіткен кестесі бойынша № 37 мектептің оқушылары үшін мұражай-қорықтың Солжағалық кешенінің «Көгілдір көлдеріне» мұражай автобусымен бір күндік демалыс ұйымдастырылады, сондай-ақ этнографиялық кешен бойынша экскурсия өткізіледі.

 

«Көңілді күлдіргілер». 20 маусым. 2013

«Көңілді күлдіргілер» - № 40 мектептің жанындағы лагерь балаларына арналған театрландырылған ойын-сауық бағдарламасының көңілді сайқымазақтары,  ойындары, конкурстары мен жұмбақтары бар (Мұражай-қорықтың Солжағалық көрме-ойындық кешенінің Балалар қалашығы).

 


JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL

МӘТІНДІК БАЗА БОЙЫНША ІЗДЕУ

ЯНДЕКС ЖҮЙЕСІНДЕ ИНДЕКСАЦИЯДАН ӨТКЕН ІЗДЕУ

Есептегіштер

MyTracker

Статистика

Пайдаланушылар : 3
Мақалалар : 3226
Материалдарды қарау : 40735322

Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>



«Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы» КМҚК-ның даму ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ...


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді.QR Museum сілтемесіне көшу …


«E-museum» веб-порталы - еліміздегі барлық музейлер мен олардың қорындағы жәдігерлер туралы ақпаратты бір жүйеге біріктіретін ұлттық цифрлық платформа.E-museum сілтемесіне көшу ...