Елена Юрьевна Рабальченко қуыршақтардың таң қаларлық әлемін жасайды.
2008 жылы Елена көрші қыздың қуыршағын кездейсоқ қалпына келтіріп «тірілтеді». Сол кезден бастап интерьерлік қуыршақтар жасауға деген қызығушылық туды.
Бір кездері Миргород керамикалық техникумында алған кәсіби білімі Елена Рыбальченкоға көркемөнерлік қуыршақ жасауға шабыттандырды. Әрбір қуыршақтан оның дизайнер, стильші және тарих білгірі екенін көреміз. Тарихи, ертегідей, қазіргі заманғы – жасалған кейіпкерлер – таңдаулы көркем безендірілген костюмдерімен көз тартады.
Әрбір бейне мұқият ойластырылып, шығармашылық және шабыт құлшынысы кезінде көңіл-күйге байланысты жасалған. Әр қуыршақтан суретшінің жан дүниесі мен жүрек жылуының іздері байқалады. Көрмеге автордың 58 бірегей жұмыстары қойылған.
Фото Виктора Коржа
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|