

2026 жылдың 16 қыркүйегінде ШҚО этнографиялық музейінің қызметкерлері құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, заңдарды сақтаудың маңыздылығын түсінуге және азаматтық жауапкершілікті дамытуға бағытталған «Заң мен тәртіп» мемлекеттік тұжырымдамасы аясында «Ы. Алтынсарин атындағы №39 орта мектебі» КММ-нің 9-сынып оқушыларына арнап «Заң жолында: ел тыныштығын күзететін мамандықтар» атты іс-шара өткізді. Оның барысында оқушылар Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен міндеттерін қорғауға бағытталған мамандықтармен танысты. Балалар құқықтық жүйе өкілдерінің қызметі мен олардың атқаратын міндеттері туралы мағлұмат алып, «Заң күзетінде» атты құқықтық викторинаға белсенді қатысты.







