Облыстық музей-қорықта 12 шілдеден бастап жазушы, ЩҚО-ның бас орнитологы, биология ғылымдарының кандидаты Борис Васильевич Щербаковтың 80 жылдығына орайластырылған «Бүкіл ғұмырға созылған соқпақ» атты көрме ашылды.
Ол 1939 жылдың 5 шілдесінде Өскемен қаласында дүниеге келген.
Орта мектеп пен сауда-технологиялық және тоңазытқыш құралдары курсын (Харьков) бітірген соң электрик (1957-1959), 4-ші дәрежелі механик (1959-1961), Өскемен педагогикалық институтының зоология кафедрасында аға зертханашы (1961-1964) болып еңбек етті.
ӨПИ-дің биология факультетінде (1962-1966), Қаз. КСР ҒА зоология институтының аспирантурасында (Алматы, 1975-1977) сырттай оқыды. «Батыс Алтай құстары» (Мәскеу, 1987) тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.
1964 жылдан бастап облыстық жас натуралистер станциясы (1991 жылдан бастап Өскемен қаласы әкімдігінің оқу-зерттеу экобиоорталығы) оның тұрақты қызмет орны болды. Ол зоология үйірмесінің басшысы (1964-1679), ШҚ аңшылық инспекциясының аға инспекторы (1979-1981), орнитология үйірмесінің жетекшісі (1981-1984), табиғат қорғау жөніндегі әдіскер (1984-1998), ШҚОЗ Экобиоорталығының директоры (1998-2002) болып қызмет атқарды. Б.В. Щербаков 40 жылға таяу уақыт бойы педагогикалық және әдістемелік қызметті ғылыммен ұштастыра жүріп, үлкен ағартушылық жұмыс істеді, БАҚ-тарда экологиялық насихат жүргізумен айналысты.
Б.В. Щербаков КСРО және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі (1986) бола жүріп, Жазушылар одағының Шығыс Қазақстан облыстық бөлімшесін (1981-1991) басқарды. 8 жыл қатарынан казақ-үнді достығы қоғамының ШҚО бойынша президенті міндетін атқарды.
Ұзақ жылдар бойы «Қазақстанның биосантүрлілігін қорғау қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі болды. Алтайға, Қазақстан мен Орта Азияға, Үндістан мен Вьетнамға және басқа да елдерге 300-ден астам ғылыми экспедиция жасады.
Педагогика, ботаника, экология бойынша, сондай-ақ, Шығыс Қазақстанның суқоректілері, құстардың көшіп-қонуы, эволюциясы мен биологиясы турасында жазылған 200-ден астам ғылыми жарияланымдардың авторы. Сонымен қатар 35 көркем, ғылыми-көркем, ғылыми және ғылыми-танымдық кітаптың, әңгімелер мен эсселердің авторы.
Облыстоқ музей-қорықта экологиялық ағарту жөніндегі әдіскер болып (2011-2018) еңбек етті. Ол Шығыс Қазақстанның ихтиофаунасын, гидрографиясын, рельефтерін және жануарлар әлемін, сондай-ақ, ерекше қорғалатын қорықтар аумағын зерттеумен айналысқан экологиялық экспозицияны қалыптастырушылардың бірі болды.
Хошимин орденімен (1989). «Еңбек ардагері» (1989), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «За веру и добро» 2015, Кемеров облысы, РФ), «Кітап мәдениетіне қосқан зор үлесі үшін» (2016), «Бірлік» (2019) медальдарымен. «Қазақстан Республикасы ағарту ісінің үздігі», «Алғыс» төсбелгілерімен марапатталған.
Музей-қорықтың кітаптар жинамасынан алынған көрмеде жазушының ертеректе, 1980-ші жылдары жарық көрген шығармалары, табиғат құбылыстарын бақылаулары, 1990-шы жылдардағы кітаптары, құстар туралы ойлары, 1990 – 2000-шы жылдар бедерінде аймақтық және республикалық мерзімді баспасөз беттерінде жарық көрген ғылыми-танымдық еңбектері мен шығармашылық ғұмырының шыңы болып саналатын 2000-шы жылдардағы туындылары қойылған. Сондай-ақ, бірлесіп шығарған кітаптары да бар, солардың бірегейі – ҚР-ның Тұңғыш Президенті Н. Назарбаев ерекше атап өткен «Шығыс Қазақстан. Еуразия жүрегі» атты «алтын» кітабы (2018).
Көрменің басты жәдігерлері – жазушының «Абайға жол» (2005) және «Жидебайдың жұлдызды даласы» (2017) кітаптары оның биологиялық соқпақтан әдебиеттің алып шыңы – қазақтың ұлы ақыны, ойшылы және ағартушысы жайлы қалам тербеп, терең шығармашылықтан туған еңбектері.
Көрменің бөлек бір бөлімі автор туралы жарияланымдарға арналған.
Экспозицияны оның жас натуралистер станциясында, Экобиоорталықта, облыстық музей-қорықта атқарған ағартушылық жұмыстары туралы баяндайтын фотосуреттер толықтыра түскен.
Көрмені сирек кітаптар және иконажазу бөлімінің аға ғылыми қызметкері О.Н. Осерчева дайындаса, техникалық жағынан ұйымдастырған бөлім меңгерушісі Г. Кашаку.
Көрме қазан айының ортасына дейін жұмыс істейді.
Жазушының қаланың оқушы жастарымен және барлық тілек білдірген адамдармен кездесуі ұйымдастырылуы мүмкін.
Суретті түсіргендер Сергей Суров пен Алексей Мазницын.
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|