Солжағалық кешен, Кіші павильон.
Көрмеде өз халқының тағдырын ойлаған үшін қуғын-сүргінге ұшыраған шығысқазақстандық жазушылардың өмірі мен шығармашылығы, 2023 жылғы мерейтой иелері, ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің көрнекті қайраткерлері, Абай дәстүрін жалғастырушылар таныстырылады: ақындар Шәкәрім (1858-1931), М.Жұмабаев (1893- 1938), С.Торайғыров (1893-1920), сондай-ақ замандасымыз Нілібаев (1928-2014) – ақын, аудармашы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі және әдеби кеңесшісі, Үндістан Республикасы Падма Шри (2004) және Пәкістан Республикасы «Икбалдың алтын ескерткіші» (2007) сыйлықтарының иегері.
Келушілердің назарына авторлардың шығармалары, жазушылардың шығармашылық өмірін тереңірек ашатын аналогтық заттар, сондай-ақ жазушылардың есімдерімен байланысты есте салар жерлер ұсынылады.
Көрмеде Э.В.Чубук, Б.К. Исин, Г.М. Бекбердинова сынды Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшелері кәсіби қазақстандық суретшілерінің жұмыстары: жазушылардың графикалық және кескіндемелік портреттері, шығармаларға иллюстрациялар қойылған.
Көрменің орталық жәдігері – жазушының ХХ ғасырдағы еңбек құралының символы ретіндегі «Баспалау машинасы» орнатылады.
Көрме Шығыс Қазақстан облыстық музей-қорықтың қор жинақтары негізінде дайындалды, келушілер назарына қазан айының соңына дейін ұсынылады.