1992 жылдың аяғында пастор Ким Хон Бе Оңтүстік Кореядан Шығыс Қазақстанға миссионерлік қызметпен келген болатын, ол Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық мұражайының қорына екі жүзден астам зат берді.
1993 жылғы 24 сәуірде «Корей халқының тұрмысы мен мәдениеті» атты көрме салтанатты түрде ашылды. Оның ашылуына корей ұлттық мәдениетінің мерекесі орайластырылып, мұнда ән мен музыка қалықтады, халық билері биленді. Көрменің тұсаукесері Қазақстан корейлерінің ұлттық мәдениетін қайта түлету жолындағы маңызды оқиғалардың бірі болып табылды, оған қонақтар мен жергілікті корей диаспорасы лайықты баға берді.
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|