Алақандағы күн. Павлодар облыстық көркемөнер мұражайының қорындағы Дымково ойыншықтары, Павлодар, 2001 жыл, 7 қыркүйек – 28 қазан, мұражайдың Горький көшесі, 59 мекенжайдағы ғимараты.
Көрмеге 95 жәдігер қойылды, шығармашылық мәнерімен бір-біріне ұқсамайтын 16 шебер осылардың авторлары болып табылады, олардың жартысының есімдері Ресей мен одан да тыс жерлерде кеңінен танымал, ал алтауы – КСРО Суретшілер одағының мүшелері. Келермендер назарына А..Ф.Полывановтың, А.Ф.Кузьминыхтың, Н.П.Трухиннің, Е.А.Смирновтың, З.И.Казаковтың, В.С.Племянниковтің, Н.П.Борняковтың, С.Г.Житлухиннің, Г.Л.Михайлицынның, С.Ф.Чуркиннің, Н.Н.Скурихиннің, Н.А.Ефремовтың, Л.Н.Коробицын мен басқалардың туындылары ұсынылды.
Дымково ойыншықтарын жасау технологиясы бір қарағанда қарапайым сияқты: қызыл балшықтан мүсіншелер соғу, кептіру, бор түстес бояу жағып, темперамен айшықтау. Дымково ойыншықтарының ерекшелігі – ежелгі славяндардың өрнектік және сәндік өнерінің дәстүрлерімен табиғи байланыстылығында. Гүлөрнек, шеңбер, шығыс славяндарының Күн Құдайының құрмет тұтатын белгілері өрнектегі басым элементтер болып табылады.
Көрмеге 3 520 адам келді, 164 экскурсия өткізілді.