• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
көрмелер шеберлердің, коллекционерлердің, суретшілердің көрмелері Мектеп тәлімгерлерінің сиқырлы қолдары. 2015

Мектеп тәлімгерлерінің сиқырлы қолдары. 2015

Фото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаКөрмеге ШҚО мектептері мен колледждерінің технология пәні оқытушыларының бұйымдары ұсынылған. Көрмеге облыстың 20 білім ошақтарынан 30-дан астам ұстаз қатысады. Көрермендердің назарына ағашты ою, аппликация, кесте, ши өру, ұсақ маржанды өру, киіз басу, теріні көркем өңдеу және т.б. сәндік-қолданбалы өнер жанрында түрлі материалдардан жасалған 100-ден астам жұмыс ұсынылған.

 

Жеке тұлғаны қалыптастыруда еңбекке тәрбиелеу басты орынды иеленеді, сондықтан технология пәні орта және арнайы-орта білім беру мекемелерінің оқу бағдарламаларында маңызды орын алады. Олар оқушыларға халқымыздың бай мәдениетін тануға, халық дәстүрлерін үйренуге, әдемілікті тануға және сүюге, әдемілік заңдары бойынша еңбекке баулуға көмектеседі. Осы процесс барысында  өз шәкірттерін  шеберліктің  биік шыңына баулитын және сол арқылы әдемілік әлемінің беймәлім  және көп қырлы екендігін ашатын білікті тәлімгердің бейнесі ерекше орын алады. Осының барлығы ұстаздың жоғарғы кәсіптік деңгейдегі дағдыларының бар болуын талап етеді. Тек ерен шығармашылық қабілеттерге ие және өз ісіне шексіз берілген ерекше тұлға ғана шәкірттерінің өз пәніне  деген қызығушылығын туғыза алады. Осы қасиеттер біздің ұстаздарымызды ерекшелендіре алады. Көрмеде ұсынылған бұйымдар осының дәлелі.

Экспозицияда ұсынылған барлық жұмыстар жоғарғы деңгейде орындалғандығымен және  бірегейлігімен ерекшеленеді. Бұған таң қалудың қажеті жоқ, өйткені, әрбір шебер өзінше сиқыршы және өз қолымен нағыз кереметтерді жасап шығарады.

Алексей Мазнициннің фотосуреттері

Фото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея Мазницина

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …