«Орыс өрнектері» көрме-сатылымы мұражай-қорық және «Ұлы жібек жолы» атты ресейлік халықаралық экономикалық және мәдени ұйым арасында орнаған достық көпір аясында ұйымдастырылған.
Көрмеде ХІХ ғасырдың соңында пайда болған деп саналатын, «Павловпосадтық басорамал мануфактурасы» - Ресейдегі жүн шәлілер мен басорамалдар өндіретін ең көне кәсіпорынның 150-ге жуық жұмыстары назарға ұсынылған. Оның атауы Мәскеу губерниясының Богородский уезді Павлово селосынан шыққан. Ол жерде шаруа Иван Лабзинның жібек басорамал фабрикасы болған. Бұл бас кезінде ұсақ өндіріс болған және Павловский Посадта мұндайлар аз болған. Бірақ соңында дәл осы Лабзиндер фабрикасының өнімі Ресей мемлекетінен тысқары елдерге де танымал болды.
Бүгінде кәсіпорын ұжымы өз өндірісінің ежелгі дәстүрлерін сақтап, дамытуда. Қазіргі заман суретшілері суреттердің жаңа композицияларын жасай отырып, дәстүрлі өнердің бейнелік қатарлары мен колоритін ұстануға тырысады.
ХІХ ғасырдың бірінші жартысында кәсіпорын өніміне сән берген бізге таныс гүл өрнектер сән құрметі болды. Сол кездері гүлдерді бейнелеу қазіргі мамандардың анықтауы бойынша «бірнеше натуралистік түсіндіруде» оның соңғы көрініс беруі болып саналды. Көріп тұрғанымыздай маркетинг сол кездері де болған.
Фабрика бұйымдары Ресейдің өзіндегі және шетелдегі көрмелерге бірнеше рет қатысып, шынайы қызығушылықты тудырды. 1958 жылы Брюсселдегі Дүниежүзілік көрмеде павловопосад басорамалдары Үлкен алтын медальға лайық болды.
Павловопосад шәлілерінің сапалы өзгешелігі әрбіреуінің өз атауы болуында. Өскеменде ашылған көрмеде, мысалы, «Русская красавица», «Молодушка», «Любава», «Крым», «Ларец самоцветный» және тағы басқалары назарға ұсынылған. Шәлілер мен басорамалдардан бөлек бөкебай селдір жаулықтар мен палантиндер қойылған.
Экспозициядан басты павловопосадтық брендтерден бөлек асжаулықтарды, сүлгілерді, орыс дәстүрімен айшықталған салфеткаларды, «хохлома» стиліндегі ағаш ыдыстарды, тоқыма қолғаптарды, биялайларды және ерлердің шарфтарын көруге болады.
Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық мұражай-қорығы Қасым Қайсенов көшесі, 67
ШҚО мұражай-қорығының баспасөз қызметі