Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігінің Мәдени өкілділігінен алынған сәндік-қолданбалы өнер туындыларының «Парсы тынысы» атты көрмесі (2006 жылғы 18 қыркүйек – 4 қазан) қаламыздың тұрғындары мен қонақтарының арасында үлкен табысқа ие болды. Көрмені көргендердің саны рекордты болды – 8927 адам келді. Ол мұражайға келушілерге аса үлкен эмоциялық әсер етті.
Көрме үш залға орналастырылды.. Біріншісінде – шекіме техникасында орындалған мыс, күміс, металл бұйымдар, каллиграфиялық өнер үлгілері қойылды. Екіншісінде – мата бұйымдар, эмальға түсірілген айшықты суреттер, ал үшіншісінде – бірегей альбомдар, қазақ. орыс, ағылшын тілдеріндегі кітаптар, бұлар біздің көрмені көркейте түсті. Бүкіл әлемнің мәдени құндылықтары болып табылатын Иран пейзаждарының картиналарын, мәдени мұрасының ескерткіштерін біз бөлек ұсындық.
Көрме өткізу үшін алдын-ала ұзақ жұмыс жүргізілген болатын, мұражай қызметкерлері оны Астанадағы «Қолданбалы өнер – евразиялық мәдениеттің ажырамас бөлігі» атты көрмеден алып келді, бұл көрме «Евразиялық кеңістік рухани және мәдени құндылықтар бірлігі» атты халықаралық конференция аясында ұйымдастырылған екен. Осы көрменің біздің қалада өтуіне Ислам Иран Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігі мәдени өкілдігінің басшысы Сафархани мырза, елшілік қызметкері Елбек Байбеков пен Хашем Баяги баға жеткісіз көмек көрсетті.
Көрмеде барлығы 205 зат көрсетілді.
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|