Гималай. Рерихтердің Халықаралық орталығынан алынған ұлы орыс суретшісі Н.К.Рерих картиналарының түпнұсқалық сериялары, Мәскеу. 2007 жыл, 5 сәуір – 1 мамыр (Қ.Қайсенов көшесі, 67).
Көрмеге «Гималай» сериясынан 54 картина ұсынылды Олар Н.К.Рерихтің қылқаламынан 1937 – 1947 жылдар кезіңеңінде туындаған еді, бұл кезде ол ұлы таудың етегіндегі Кулу жазықтығында Үндістанда тұрған болатын. Көрме Н.К.Рерихтің Орталықазиялық экспедициясының 80 жылдығына (1923 – 1928) арналды. Экспедицияға қатысушылар 5 жыл ішінде Орталық Азия мен Гималайдың адам аяғы жетуі қиын аймақтарында болып қайтты. Экспедиция жүріп өткен маршруттағы елді мекендердің қатарында Өскемен қаласы да болды (1926 жылғы маусым).
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|