Бұл көрме Қытай Халық Республикасы Елшілігінің көмегімен ұйымдастырылып, Пекин операсының кейіпкерлері – 60 қуыршақты назарға ұсынып отыр. Көрме кейіпкерлердің сахнадағы іс-әрекеттерінің белгілі бір сәттерін паш етеді, қаһармандардың тамаша киімдерімен және әшекейлерімен таныстырады. Пекин операсы өмірге салыстырмалы түрде таяуда келді деуге болады.
1790 жылы император Цаньлунның құрметіне өткізілген мерекеге Аньхой провинциясынан Пекинге төрт опералық топ келген-ді. Олардың ойнының мерейтой иесіне ұнағандығы соншалық, ол барлық артистерге астанада түпкілікті қалып, осында театрды дамытуға бұйрық берді Осылайша жаңа жанр пайда болған еді. Пекин операсы – дәстүрлі қытай мәдениетінің қол жеткізген ең жоғарғы жетістіктерінің бірі. Көрме мақсаты: Қытайдың осы ұлттық қазынасы – пекин операсының қаһармандарына тән нақтылықты, адамгершілік пен сұлулықты көрсету. Әр миниатюра елдің үшмыңжылдық тарихының, оның саясатының, философиясының, этикасының, әдебиетінің, эстетикалық көзқарастарының көрінісі болып табылады. Көрерменнің көз алдына түрлі опералық кейіпкерлер келеді: Шен (ерлер амплуасы), Дань (әйелдер амплуасы), Цин (мінез-құлқы тік дөрекі адамның амплуасы) мен Чоу (күлкілі кейіпкер). Көрме пекин операсы артистерінің «төрт шеберлігін» (ән сала білу, декламация, сахналық іс-қимыл, жауынгерлік өнерді меңгергендігі), сондай-ақ ишара білдірудің бес тәсілін – қол қимылдарын, көз қарасын, дене қозғалысын, шаш қоюды пайдалануын және жүріс-тұрысты паш етеді. Кейіпкерлердің бас киімдері, олардың үстіндегі киімдер, аяқкиімдері, қару-жарақтары мен әшекейлері асқан шеберлікпен және дәлдікпен берілген. Ол үшін түрлі материалдар пайдаланылып, көпсатылы технология қолданылған. Жәдігерлердің биіктігі – 60 см. Мәдениет министрлігінің тапсырмасы бойынша оларды пекин операсы кейіпкерлерінің жәдігерлерін жасау жөніндегі «Юаньди» Студиясы (Тяньцзин қаласы) көрме үшін арнайы әзірлеген. Қытай мәдениетін, өнерін және пекин операсын жақсы көретіндерге сәлем беру үшін «Қытайдың тамаша елшілерінің» барлығы осы жерге, көрмеге жиналған.
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|