Ботаникалық саябақ – алаңы 14 га телім, онда түрлі табиғи-климаттық флораның өкілдері орналастырылған, оларды жергілікті жағдайда ашық топыраққа жерсіндіру жөнінде тәжірибелер және ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Телімде сонымен қатар: жылусүйгіш өсімдіктерді өсіруге арналған оранжереялық-жылыжайлық шаруашылық, райхангүлдерді, қызғалдақтарды, жұлдызгүлдер мен т.б. гүлдерді өсіруге арналған розарий, көшеттер өсіруге арналған тұқымбақ орын тепкен.
Осы жерде флораның жергілікті жағдайға жерсіндірілген ағаш-бұталық өкілдері өсірілуде. 2010 жылы гүлзарлар жасалды, оларға 5 мың біржылдық өсімдіктер (бегония, петунья, тагетис) егілді. Розарийге алиссум, қараот отырғызылды. Батпаққа ұқсатылған сәндік суқойма жасалып, лалагүл, қамыс, су айылқияғы, лалагүлдіктер, тал егілді.
Ботаникалық саябақ
Альпы төбешіктері. 23.07.2010 ж.
Жабайы өсімдіктердің 20 түрі, құртқашаш гүлдер отырғызылды.
Қайың тоғай. 2010 ж.
Батпаққа ұқсатылған сәндік суқойма, жағасына су лалалары, қамыс, су құртқашаштары, лалагүлдіктер, талдар отырғызылған. 2010 ж. маусым айы
Лалагүлдер – Лалагүл тұқымдас өсімдіктердің бір түрі. 23.07.2010 ж.
Петуньялар – гүлбақтардың, гүлзарлардың, жолжиектердің, вазалардың, балкондар мен терезелердің ажырамас бөлігі. Бұлар – жаздан бастап аяз түскенге дейін кемпірқосақтың барлық реңктеріндегі жұпар иісті жайқалған гүлдер. Петунья (итжидек тұқымдас) – көпжылдық шөптес өсімдік.
Райхангүлдер. 2010 ж.