• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта

Тобы: Құстар (Aves). Отряды: Тауықтектестер

Мысыр тауығы тұқымдастар

 

Кәдімгі мысыр тауығы – Обыкновенная цесарка – Numida meleagris

Кәдімгі мысыр тауығы – қолға үйретілген тұқымның арғы тегі.

Отаны – Африка, Мадагаскар аралы. 7 түрі белгілі. Мекендейтін жері табиғатта – ормандар, бұталы жерлер, саванналар.

 Басы мен мойнының ашық түстілігімен күрке тауыққа ұқсайды, шағын көлемімен тауыққа ұқсас. Қара тұсты жерде оның қауырсындары құбылып, ұсақ інжу теңбілдері жалт-жұлт етеді. Оның кішкентай басындағы көтеріліп тұрған ұзын «мүйізі» ерекше таңғалдырады. Басқа үй құстарына қарағанда мысыр тауығы өте шақар болады.

Өсімдіктердің жасыл бөлігімен, тұқымдармен, сондай-ақ омыртқасыз әртүрлі жануарлармен қоректенеді.

Моногамиялы – аталығы мен аналығы тұрақты жұп құрады. Ұясын жерге салады. Ұяда 9-дан 20-ға дейін жұмыртқа болады. Ұрғашысы басып шығарады. Балапандарын екеуі де ертіп жүреді. Мысыр тауығының жұмыртқасы тауық жұмыртқасынан ұсақтау, қабығының түсі жирендеу болып келеді. Табиғатта аулау нысаны болып табылады.


Бентамка тауығы – Куры бентамка – Сallus gallu

Үндістанда мекендейтін жабайы банки тауықтары үй тауықтарының арғы тегі.

Алғаш рет Еуропаға 1493 жылы әкелінген.

Өз отанында және Оңтүстік Шығыс Азияда әтештер төбелесі кең тарауына байланысты ертеде қолға үйретілген. Содан бері көптеген түрлі тұқымдары – жұмыртқа беретін, етті бағыттағы және төбелеске қосатын түрлері пайда болды.

Хайуанаттар бағында оның ұсақ тұқымдарының бірі – «бентамка» бар.

 

 

Күрке тауық тұқымдастар


Күрке тауық – индейка – Мeleagris galliopavo

Табиғи жағдайда Америка континентінде мекендейді. Үндістердің майя тайпалары ежелден пір тұтып қолға үйреткен, онда иттен кейін қолға үйретілген екінші жануар болды және оны еті үшін ұстаған.

1519 жылы Еуропаға отарлаушы Фернандес Кортес әкелген. Үндістерден алғандықтан оны индейка (күрке тауық) деп атаған. Содан кейін Францияға, Австрияға және Түркияға апарылған. Сол себепті де оны «турчанка» деп те атаған. Алайда, ол «индейка» деп аталғандықтан басқа халықтар оның отаны Үндістан деп ойлаған.

Оны қауырсынының әдемілігі үшін ғана емес, еті үшін де ұстаған.

Ұрғашысы басқа құстардың да жұмыртқасын басып шығара береді, сол үшін де оларды «инкубатор-құс» деп атайды. Алайда күрке тауықтарды, әсіресе жас тауығын ұстау ерекше күтімді талап етеді.

Еркін жүргенде түрлі шөптердің тұқымдарымен; үй жағдайында негізінен дәнмен қоректенеді. Өсімдіктердің жасыл бөлігін сүйіп жейді.

 

 

Қырғауыл тұқымдастар

 

Қырғауыл күмісі - Фазан серебристый - Lophura nycthemera

Оңтүстік-Шығыс Азия мен қытайдың оңтүстік бөлігінде таралған. Теңіз деңгейінен 600-2100 м биіктікте, таулы ормандарда, сондай-ақ,  бамбук пен бұта өскіндерінде өмір сүреді.

Еуропаға XVII ғасырда әкелінген. Ұясын жерге салады. Полигам, топтасып тірлік етеді.

 6-12 жұмыртқа салады. Ұрғашысы 23-25 күн балапан басады.

Жәндіктермен, өсімдік тұқымдарымен, жидектермен, жемістермен қоректенеді.

 

 

Сақау немесе жапон бөденесі – Немой или японский перепел – Coturux japonica

Түр-түсі бойынша кәдімгі бөденеден айырмашылығы жоқтың қасы.

Сібірдің оңтүстігінде Байкалдан шығысқа таман, Манчжурияда, Үндіқытайда және Монғолияда тараған.

Бұталы өсімдіктер өскен далалы және ашық жерлерде жүреді.

Кәдімгі бөденеден айырмашылығы ызыңдаған қатқыл дыбыс шығарады, сондықтан «сақау» деп атайды.

Мекиені 20-ға дейін жұмыртқа салады. Барлық тауық тектестер сияқты, балапандары жұмыртқадан тығыз мамықты болып шығады.

Өсімдік тектестермен, сондай-ақ, ұсақ жәндіктермен және олардың дернәсілдерімен қоректенеді.

Қамауда да көбейеді.

Жұмыртқасының емдәмдік қасиеті бар.

 

  

Тауыс тұқымдастар

 

Үнділік немесе айдарлы тауыс - Индийский или хохлатый павлин - Pavo cristatus

Тауық отрядының ең ірі түрі.

Үндістанда, Шри-Ланка аралында, Ассамда тараған. Таулы жерлерді, сонымен қатар жартасты жерлердегі сирек ормандар мен нулы жерлерді мекендейді. Бәрінен бұрын бұталар мен шөпті өсімдіктер қалың өскен жерлерді қалайды. Қауіп төнгенде және ұйықтау үшін ағашқа қонады. Тауыстардың іс-қимылына қарап үнділер жолбарыстардың таяп қалғанын біледі.

Үндістанда қасиетті құс саналған: оны өлтіргендерге жазалау қаупі төнген.

Бір үйірде 30-40 тауыс топталып жүреді. ХҮІІІ ғасырда мыңнан аса құсқа жеткен үйірлер байқалған. Тауыстар үшін үй тауықтарына тән жем қорек болады.

Ұясын жерге, бұталармен бүркелген тұсқа салады. Ұя жіңішке сабақты шөптерден және кепкен жапырақтардан салынады.

Ұяда 4-тен 15-ке дейін жұмыртқа болады. Тауыс мекиені өте орнықты отырады.

Қолға үйретілген құстарды Еуропаға алғаш рет Александр Македонский әкелген.

Тауыстар ежелден сарайларда, саябақтарда және әуесқойларда ұсталған.

Бұрын олардың етін «патшалық» тойлар кезінде пайдаланған.

Зообақта оларға дәндер және жеміс, көкөніс, ірімшік... сияқты жеңіл азық беріледі.

Қамауда да көбейеді.

 

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …