24 мамырда Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығында славян жазуы мен мәдениетінің 1154 жылдығына арналған «Кирилл мен Мефодий мұрасы музей-қорық жинамасында» атты көрме ашылды.
Славян әлемінің ұлы ағартушылары, славяндардың алғащқы әдеби-жазба тілінің негізін қалаушылар Кирилл мен Мефодий өмір сүріп, рухани ерлік жасаған кезден бері 11 ғасырдан астам уақыт өткен екен. Олар көптеген халықтарға білім шуағын төкті.
Экспозицияда Кирилл мен Мефодий әулиелер бейнелеген иконалар, 1056-1057 жылдарғы Остромир Інжілінің факсимильді жаңғыртылған түрі келушілер назарына ұсынылған. Ол славян тілінде қолдан жазылып, мерзімі көрсетілген және Ресейде сақталып қалған алғашқы кітап.
Орыстардың XVII-XVIII ғасырлардағы ескібаспалық православ кітаптары, сондай-ақ көнеславян әліппесі – кириллица негізінде шығарылған XIX ғасыр - XX ғасыр басындағы қолжазба кітаптар – көрменің басты жәдігерлері болып табылады. Экспозицияны иконалар мен православтық әдет-ғұрып бұйымдар толықтырып тұр.
Көрнектерде көптеген қызықты бұйымдар назарға ұсынылған, олардың арасында – ескідәстүршілдердің Убадағы Покров әйелдер монастырінде қолданылған, құлшылық ету кезінде пайдаланылған ХХ ғасыр басындағы монастырлік қолтөсеніш, кітап бөліктерін кесуге арналған баспақ бар.
Іс-шараға Жарма ауданынан келген оқушылар – мектептік «Халық руханияты» конференциясының жеңімпаздары, Өскемен қаласының тұрғындары қатысты. Өскемен және Семей епископы Амфилохий, Ресейдің Бас консулдығының Өскемендегі атташесі Андрей Ханов құрметті қонақтар болды. Олар көрмеге келгендердің бәрін құттықтап, сөз сөйледі.
– «Қазір мен сіздерге арнап сөз сөйлеп тұрған тіл – бұл славян елдерінің ағартушылары Мефодий мен Кирилл бір кездері негізін қалаған тіл болып табылады», – деді епископ Амфилохий. «Көрмедегі тамаша заттар көне ғасырлардың тереңінен жеткен, біздерді сол алыс жылдарға үңілтеді. Бүгін біз музей қабырғаларынан құдайға құлшылық ету бұйымдарын, тұрмыстық заттарды көріп тұрмыз, сөйтіп біз сонау бір алыста қалып, келмеске кеткен ғасырлармен қауышқандай болдық».
Епископ Амфилохий осы жобаға қатысқан баршаға алғыс айтып, музейге кезекті құнды жәдігерлер – лестовка мен табиық сыйлады. Епархия көрмеде келушілердің назарына ұсыну үшін Әулие-Троица ерлер монастырінен 1789 жылғы Қасиетті Інжілді, XIX ғасыр соңындағы иерей киімін берді.
Көрмені Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының сирек кітаптар және иконажазу бөлімі мен Қазақстандағы Орыс Православ шіркеуінің Өскемен және Семей епархиясы әзірледі.
Көрме 2017 жылдың тамыз айына дейін жұмыс істейді.
Көрмені ұйымдаструшылар өскемендіктер мен қала қонақтарын осы көрмені көруге шақырады, мекенжайы: Қ.Қайсенов көшесі, 67.
Өтінімдер қабылданатын телефондар: 26-82-97 (сирек кітаптар және иконажазу бөлімі, ішкі тел.: 105), 26-85-29 (көрме залы)
Музей-қорықтың баспасөз қызметі
Фото Алексей Мазнициндікі
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|