5 мамырда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің кезекті жылдығына арналған дәстүрлі «Естелік вахтасы» болып өтті. Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының қызметкерлері осымен төртінші рет «Русская песня» халықтық ансамблімен бірлесіп, облыстың аудан орталықтары мен ауыл-селоларының жұртшылығы үшін бағдарламасына митингпен қатар соғыс жылдарындағы әндерден тұратын попурри және казактардың фольклорлық әндері енгізілген концерттер өткізді және Естеліктері бар елді мекендердегі соғысқа қатысқан жерлестердің обелискілеріне, стеллалары мен ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойды, сонымен қатар ескерткіштердің жағдайын қарап, есепке алды. Концерттік бағдарламаны ғылыми-ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімінің тақырыптық көрмесі толықтырды.
Биыл «Естелік вахтасы» екі селода болып өтті.
Тарханка. Мектептің акт залында 5-7 сынып оқушылары ауылдарынан майданға аттанған 317 жерлесін еске алды. Олардың үшеуінің біреуі дерлік туған үйлеріне қайтпай қалды.
Винное. Мұнда соғыстан елге оралған 40 майдангердің бірде-бірі қалған жоқ, дегенмен ауылдықтар оларды және соғыс даласында көз жұмған немесе хабар-ошарсыз кеткен жерлестерін ешқашан естен шығармайды. Олардың аты-жөндері жергілікті жердегі ескерткіштерде немесе ауыл шетіндегі белгілерде жазылған.
Міне, төрт жыл бойы музей-қорық қызметкерлері нақ осындай митингілерде жүрек тебірентерлік сөздермен жиналған қауымды (олардың дені балалар мен жасөспірімдер) елжіретіп келеді. Олар «қабыл алушы жақтардың да» (елді мекеннің әкімшілігі, мектеп әкімшілігі) ұмтылысын жани түскендей. Сондай-ақ, жергілікті ардагерлер кеңесінің белсенділігі ерекше байқалады. Мәселен, митингте сөйлеген аталған селодағы ардагерлер кеңесінің төрайымы Лидия Александровна Иванованың ауылдың жас жеткіншектеріне өмірді бейбітшілікті көздің қарашығындай қорғап, адамдарды сүюге арнау керектігі жайлы қозғаған қарапайым ғана сөзі бейне бір өтініш секілді естілді.
Бұл жолы «Русская песня» ансамблі де ерекшелене білді. Оның тамаша бір орта қалыптастыра алғанын Винное орта мектебінің директоры Василий Анатольевич Малюжец нағыз «фейеритикалық» деген теңеумен атап өтті. Ал ол ән-жырды ғылыми-ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімінің «Біздің есімізде. Біз мақтан тұтамыз» атты көрмесі өзіндік нақышымен толықтырды.
Көрменің авторы Владимир Вадимович Щегловтың сөзіне қарағанда, суретті баннерлердің идеясы 1941 жылғы фашистік басқыншылықтың қасіреті, оған біздің халықтың қандай күшпен қарсы тұрғаны, Жеңіске қандай қиындықпен қол жеткені және бүгінгі жас ұрпақ неліктен «Жеңіс мұрагерлері» деп аталып отырғаны жайлы түсіндіру болып табылады. Бөлімнің ендігі жоспары – ХХ ғасырдың ұлы оқиғасының 75 жылдығына орай көшпелі көрме ұйымдастыру.
Михаил Зимин
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|